Мұндағы a және b трапецияның табандары,
ал h биіктігі
Атыңыз :____________________________
Атыңыз :____________________________
Атыңыз :____________________________
6.150 Келесі әр тапсырмада трапецияның ауданын тап:
а) Тікбұрышты трапецияның үлкен табаны 10 см-ге тең, ал үлкен бүйір қабырғасы — 8 см. Трапецияның бұрыштарының бірі 60° құрайды.
ә) Трапецияның кіші табаны үлкен табанының бөлігін құрайды, кіші диагоналі оның тік бұрышының биссектрисасы болып табылады, ал орта сызығы 15 см-ге тең.
б) Трапецияның орта сызығы 13 см-ге тең, ал бүйір қабырғасы 10 см-ге тең және кіші табанымен 150° бұрыш құрайды
в) Теңбүйірлі трапецияның табандары 36 және 44 см-ге тең, ал диагоналі — 41 см.
г) Тікбұрышты трапецияның үлкен диагоналі 100 см-ге тең. Табандарының айырмасы 11 см-ге тең, ал бүйір қабырғаларының айырмасы — 1 см.
ғ) Трапецияның екі қарама-қарсы бұрыштары 30° және 135°, табандары 1 және 5 см- ге тең.
д) Трапецияның табандарының бірі оның бүйір қабырғасына тең, екінші табаны 29 см-ге тең, ал екінші бүйір қабырғасы — 13 см. Трапецияның периметрі 72 см.
6.151 Табандары AD және ВС болатын ABCD трапециясының ауданы АDС үшбұрышының ауданынан үш есе үлкен. ΔBDС ауданы ΔADC ауданынан неше есе үлкен?
Бағалау критерийі
Трапецияның сызбасын салып, берілгендерді дұрыс белгілейді;
ABCD трапециясының және АDС үшбұрышы аудандардың қатнасын дұрыс жазады;
ΔBDС ауданы мен ΔADC ауданы қатнасын табады;
Жауабын дұрыс жазады.
6.152 Диагональ трапеция ауданын 5:11 қатынаста бөледі. Трапецияның орта сызығы оның ауданын қандай қатынаста бөледі?
Бағалау критерийі:
6.153 Теңбүйірлі трапецияның диагональдары оның сүйір бұрыштарының биссектрисалары болып табылады. Трапецияның ауданын тап,
егер:
а) табандарының ұзындықтары 39 және 25;
ә) оның бұрыштарының бірі 120°-қа, ал периметрі 5-ке тең болса.
Бағалау критерийі: а)
Трапецияның сызбасын дұрыс сызады;
ABC үшбұрышының тең бүйірлі екендігін көрсетеді;
АВ және ВС тең екендігінен АН ты табады;
Пифагор тероемасын қолданып ВН биіктігін табады;
Трапецияның ауданы формуласы арқылы ауданды есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |