Айдабол орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Зат есім»
2-3 сынып
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі
Хастарбек Амангүл
2015-2016 оқу жылы
Пәні: қазақ тілі
Күні: 12.05.16 ж
Сыныбы: 2-3 сынып
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:
білімділік: зат есім туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, сұрақтарын ажырата білуге үйрету. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімнің түрлері туралы білімдерін толықтыру.
дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шы-ғармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағды-ландыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыс-тырып сөйлеуін.Қызықты тапсырмаларды топпен орындату арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәр-биесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу. Топта бірін-бірін тыңдауға, тыныштық сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ (қайталау сабағы)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтау, «Ішіне, сыртына» стратегиясы, «Кофе араластырғыш» әдісі, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайд, музыка, «Алтын балық» ойыны.
Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа
дайындықтарын тексеріп шығу.
1. Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
2. Дөңгелек және шаршы пішіндерін таңдату арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығудың дұрыс орындалуын тексеру
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Осы сөздерді сөз құрамына талда.
Қызметшілер, күзетші, шынжырдан, аңды, қоршауға.
Өткен сабақты қайталау.
а) Сұрақ-жауап
ә) «Кофе араластырғыш» ойыны
Шарты: оқушылар берілген суреттердің бірін тандап, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасайды.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
Міне, балалар, кемеңгер, ақын-жазушыларымыздың тілі туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.
Ендеше, бүгінгі сабағымызға қатысып отырған бірнеше мұғалімдеріміз бар екен, өз білімімізді ортаға салып, сабақты жақсы өткізуге уәде бе-ресіздер ме? (ия)
Мағынаны ашу.
Балалар ардақты аналар мен қыздардың мерекесі қалай аталады ?
8-наурыз Аналар мерекесі, қыздар мерекесі
Аналарымызға, қыздарымызға не сыйлаймыз? (гүл)
Мынау не?
Гүл. Зат есім.
Гүл қандай?
Әдемі. Сын есім.
Гүл не істейді?
Өседі. Етістік.
Гүл нешеу?
Екеу. Сан есім.
Достарыңызбен бөлісу: |