Сабақ тақырыбы Заттар дың агрегаттық күйлері



Дата17.12.2021
өлшемі29,92 Kb.
#102083
түріСабақ
Байланысты:
Тұрсынбаева агрегат күй


Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсынбаева Нұрила

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Заттардың агрегаттық күйлері.







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.4

- заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы бойынша қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылымын түсіндіре білу;



Сабақ мақсаттары

Заттың агрегаттық күйлерінің түрлерін біледі;

Әр түрлі агрегаттық күйдегі заттарға сипаттама береді; Заттың күйлерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді;

Анимациялармен жұмыс жасау, карточкалармен жұмыс істеу арқылы алған білімдерін бекітеді.


Жетістік критерийлері

Қатты, сұйық, газтәріздес заттарға мысал келтіре алады;

Заттың әр түрлі агрегаттық күйлерінде бөлшектердің орналасуын біледі;

Жылу мөлшері мен температура арасындағы айырмашылықты түсінеді.

Бөлшектер теориясы тұрғысынан заттың күйі өзгерген кезде энергияның өзгерісін түсіндіре алады;

Зат күйінің өзгерісінің графигін салады.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Күй өзгерісіне қатысты өз бақылауымен таныстыру және түсіндіру

Заттардың түрлі агрегаттық күйлерін сипаттау бойынша түйінді терминдерді дұрыс пайдалана алады

Содан кейін заттарды жіктеу өлшемдерін талқылайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Заттардың күйі, қатты, сұйық, газ тектес, физикалық, химиялық, реакцияға түсу, балқыту, қатыру, қайнату, буландыру, булану, еріту, жандыру, айналдыру, қайтымсыз, бөлшек, қату, қайнау, булану, энергия, жылу, температура, қызу, салқындау, балқу, сублимация, конденсациялану

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


Құндылықтарды дарыту


Бір біріне деген сыластық, ынтымақтастық, құрмет, бірінің пікірін құптау, топен жұмыс жасау, кезектесе отырып берілген тапсырманы орындау.

Пәнаралық байланыстар

Физика, география

АКТ қолдану дағдылары

Power point бағдарламасын, интерактивті тақтаны пайдалану

Бастапқы білім


Химиялық алғашқы түсініктер


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


4 мин

3 мин


Амандасу.

"Мозайка әдісі" бойынша сыныпты "Қатты, сұйық, газтәріздес" суреттер арқылы 3 топқа бөлеміз.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы алдыңғы сабақты еске түсіру

Презентациядағы слайдтар арқылы

«Миға шабуыл»

Алғашында әр түрлі агрегаттық күйлерде бейнеленген судың суреттерін көрсету. 1-ші слайдта заттың агрегаттық күйлері көрсетілген суреттерге сипаттамалар беруді сұрау және осы сипаттамалар нені білдіретіні жөнінде сұрау.

Жауап: қатты, сұйық және газтәріздес заттардың сипаттамалары.

Ендеше жаңа сабақтың тақырыбы: «Заттардың агрегаттық күйлері.» (2 слайд).




Үлестірме қағаздар

Power Point

презентациясы


Сабақтың ортасы

5 мин
3 мин

10 мин

5 мин


5 мин

Кітаппен жұмыс.

Қатты, сұйық және газтәріздес заттарға сипаттама беру. Сипаттамаларды берілген кестеге сәйкестендіріп қою керек.

Әр топ аргрегаттық күйлерге постер қорғайды.

Әр түрлі газдар мысалында қатты заттың сұйықтыққа, сұйықтықтың газға және қаттыға айналуын, газдың сұйықтыққа айналуын бөлшектер арқылы симуляциясын көрсету (phet.colorado. симуляциясы ).

«Біліміңді тексер» 3-топқа тапсырмалар беріледі,

І-топ. «Қатты заттар»

1.Заттардың қандай агрегаттық күйлері болады?

2.Үш бағанадан тұратын қатты, сұйық, газтәрізді кесте сызып тұрмыста

кездесетін 5 заттың агрегаттық күйлеріне мысал келтір

ІІ-топ. «Сұйық заттар»

1. Су 120 градуста сұйық бола ала ма?

2.Үш бағанадан тұратын қатты, сұйық, газтәрізді кесте сызып тұрмыста

кездесетін 5 заттың агрегаттық күйлеріне мысал келтір

ІІІ-топ. Газдар

Сұйықтар көлемін, пішінін сақтай ала ма?

2.Үш бағанадан тұратын қатты, сұйық, газтәрізді кесте сызып тұрмыста

кездесетін 5 заттың агрегаттық күйлеріне мысал келтір.


Power Point

Презентациясы 3 слайд

Қағаз бен түрлі түсті қаламдар.

http://phet.colorado.edu/en/simulation/states-of-matter

5 слайд

6 слайд



Сабақтың соңы

2 мин


Сабақ соңында оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерін бағалайды.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет