Сабақ тақырыбы:Ілмекпен гүл, жапырақ тоқу Сабақ мақсаты



бет3/3
Дата27.05.2018
өлшемі1,34 Mb.
#41005
түріСабақ
1   2   3
.
Ою-өрнек қатпары, 
Өте үйлесім тапқаны. 
Кіндігін кей қыздарша, 
Көрсетпей әдеп сақтады.
Әр ел егіп күтеді,
Сатады әр гүл дүкені.
Өзін-өзі қорғайтын,
Абайла бар, тікені. Оразақын Асқар.
20-оқушы. Нарғыз гүлігүлдері қатпарланып, шеңберленіп орналасқан әдемі, көрікті гүлдердің бірі. ОтаныМексика. Ыстық және салқын ортаға да төзімді гүлдердің бірі.

21-оқушы. Нарғыз.
Гүлінің ұсақ қатпары, 
Шеңберленген біркелкі. 
Бұл да әсем гүл бақтағы, 
Көз тартарлық түр, келбеті.
Мексикадан тараған, 
Әлемге болып танымал. 
Бұл күнде көк пе қарадан, 
Басқа түстің бәрі бар.
Келсе қалма гүл ашпай
Тамыз бен қыркүйегі,
Ыстыққа да көңілі жай,
Салқынды да сүйеді.
Оразақын Асқар.

22-оқушы. Бөртегүләдемі өсімдіктердің бірі. Қазіргі таңда бөртегүлдің жүзге жуық түрлері белгілі. Оның гүлдері сия көктен алқызыл, сары, қызыл болып келеді.
23-оқушы. Бөртегүл.
Жұпар иіс сиренді, 
Қазақша бөртегүл дейді. 
Қоршап бақша үйлерді, 
Көктемде ерте гүлдейді.
Айтсақ сөздің анығын,
Мәлім бізге ерте бұл, 
Шыңғысханның жарының 
Аты осы Бөртегүл.
Гүлдердің әсем сұлуы,
Қыздарға келген болып aт.
Бөртегүлдің руы,
Өзіміздің қоңырат. 
Оразақын Асқар.
24-оқушы. Қоңыраугүлгүлінің аты сыртқы тұрпатына қарап қойылған. Ол қышқыл топырақты жерлерде өседі. Қоңыраугүл маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері ақ, сия көк, сары, күлгін болады.

25-оқушы. Қоңыраугүл.
Әр түсті алуан түрі бар. 
Бір ашылса қаулайды,
Ортасында тілі бар, 
Қоңыраудан аумайды.
Қарап тұрсаң қызық-ақ, 
Түрілген сәл кемері.
Үлкендеу бірін үзіп aп, 
Сыңғырлатқым келеді. 
О. Асқар.

26-оқушы.
Бір талы гүлдестедей, 
Суңғақ бойлы Гүлбаршын. 
Ерте демей кеш демей, 
Бақта буршік жарсын бұл.
Тарту етсең тойларға,
Төрден орын алады,
Жарыса көкке бойлауда,
Саусақтары салалы.
Алпамыстың жарының, 
Аты да осы Гулбаршын. 
Бұл гүлмен аттас, анығын, 
Айтшы қанша қыз барсың?
Атыңның өзін білмейсің, 
«Гладиолус» екенін. 
Әйтеуір бір гүл дейсің 
Ұмытылған кешегің. 
О. Асқар.

27-оқушы.
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды. 
Ұқсап сәби балаға. 
Т. Молдағалиев

28-оқушы.
«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.
Сұлулығы туған жердің қаланың,
Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді, 
Күтіп-баптап аялайтын баламыз.
О. Асқар.
Гүл тілі
Қызыл раушанмахаббат белгісі.
Ақ раушанқұпиялық белгісі.
Лала гулітазалық белгісі.
Нәркезшығыс елдерінде жаңа жыл белгісі.
Сүмбілшашкездесу белгісі.
Інжугүл - шабыт беруші гүл,
Қалампырерлік пен өрлікгің белгісі.
Бақытгүлбақыттылық белгісі.

Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал бұл гүлдерді күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген. Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл так санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болуы қажет деп санайды халық.
Сауалнама. (Тәрбие сағатына қатысып отырған сынып ата-аналарымен, ұстаздармен сауалнама жүргізілді). Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?
Қызылбелсеңділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылтжалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіңдікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызылнәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақшаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көкадамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі ете кеп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көғалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Осындай эстетикалық бағыттағы тәрбие сағаттары балалардың қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын қалыптастырады, ізгілікке тәрбиелейді.

Тақырыбы: «Гүлөмірдің сәні»

Мақсаты:
1. Оқушыларға гүлдің түрлері, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы, гүлдің пайдасы туралы мағлұмат беру.
2. Гүл туралы ғылыми білімдерін кеңейту, таным қабілетін дамыту.
3. Табиғатты сүюге, әдемілікке деген құштарлықты оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Гүлдердің суреттері, гүлдер туралы кітаптар, слайдтар, бөлме гүлдері, Гүлстан журналы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, сауалнама жүргізу.

Жүрісі: Кіріспе бөлім.
Ой қозғау. (оқушылардағы бар ақпаратты алу)

- Балалар, біз жақында қандай мерекені тойладық?
- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні.
- Ал, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Ұландар күні, Жеңіс күні.
- Мерекелерде адамдар бір - бірін қалай құттықтайды?
- Гүл сыйлайды.
- Неліктен?
(Балалардың жауаптарын тыңдау, толықтыру).
- Ал, енді, осы гүлдер туралы не білеміз? Алдымен, гүлдің құрылысымен танысайық.(Слайдтан көрсету.) (Теориялық білім беру)

Өсімдіктану» 6 сынып )
(Эстетикалық тәрбие беру)
- Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүлөмірдің көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.
(Экологиялық тәрбие беру)
- Қазақстанда «Гүлстан» гүл бағы жасалды.(слайд)
2005жылы наурыз айында «Гүлстан» журналы шығарыла бастады. Бас редакторы Гөзел Құлжабаева«Өсімдіктер әлемі»оқу әдістемелік кешенін шығарған. (кітаптар, суреттер, жұмыс дәптерлерімен таныстыру)
(Күнделікті өмірмен байланыстыру)

(Поэзия минуты)
«Гүлдер»
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды.
Ұқсап сәби балаға.
Т. Молдағалиев (музыка ойнап тұрады «Гүлдер вальсі»
П. И. Чайковский)

Сауалнама
(Танымдық қызығушылығын арттыру)
- Әркімнің талғамына байланысты сүйікті гүлдері болады. Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?(слайд)
Қызылбелсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік - жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылтжалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады.
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Қызғылт сарынәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді, ерекшеленуді ұнатады.
Ақшаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көкадамдар арасындағы жақсы қарым - қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды.

Маңғыстау гүлдері туралы (слайд)
(Жергілікті жермен байланыстыру)
Голландиядағы гүл бизнесі туралы айтып өту
- Жапонияда Икебана өнері дамыған

- Балалар, сыныпта кімнің аты гүлге байланысты? (Раушан, Райхан, Қырмызы, Қалампыр, Бақытгүл, Айгүл және т. б)
Гүл монологы (тыңдау)
- Балалар, мені қажетсіз жұлып, таптамаңдаршы! Сендер мені жұлмасаңдар, мен биыл тұқым шашып, көп ұрпақ беремін. Сонда келесі көктемде мынау дала бұдан да әсем болып, құлпырып кетер еді - ау!
Ойланыңдаршы, өтінемін!

Ой қорыту.
«Гүлдесте құрастыру»
(Адамгершілік тәрбиесін беру)
Балалар, бүгін сабақта нені өттік, не үйрендік?
(Ой қорыту)
- Гүлдің пайдасы қандай?
1. Қыздарды гүлге теңеген, ақындарымыз гүлдерді өлең жырларына қосқан.
2. Гүлдерді кептіріп, дәрінің құрамына қосады.
3. Гүл - өсімдіктің көбею мүшесі.
- Гүл туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
4. Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
5. Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
6. Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
7. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
8. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.
9. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.
- Балалар, демек гүл - өмірдің сәні екен.

Қорытындылау
Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан кейін елімізде «Жасыл ел» жалпыхалықтық ұйымы құрылды. Осы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша біздің туған қаламызЖаңаөзен де көгалдандырылып, абаттандырылуда.
Сендердің де өмірлерің гүлдей жайнап құлпыра берсін!
Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет