Сабақ Тақырып: Трансмиссивті инфекциялардың алдын алу. Эпидемияға қарсы іс шаралар



бет2/2
Дата17.10.2022
өлшемі77,9 Kb.
#153472
түріСабақ
1   2
Байланысты:
15-16 тақырып трансмиссивті инфекциялардың алдын алу

Алдын алу жолдары



Anopheles albimanus масасы адам қолын шағуда. Бұл маса безгек тасушы және маса дәрілері безгектен қорғанудың бірден бір шешімі.
Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс

  1. Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.

  2. Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды

  3. Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.

  4. Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банк немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.

  5. Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.

  6. Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар

  7. Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу

  8. Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:

  • безгек ұстамасының тоқтауына

  • тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы


ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады.Мысалы:

  • Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар – жабық бөлмелкрде қолдануға тыйым салынады.

  • Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар – балалар мекемелерінде, емдеу мекемелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында және тұрмыстық жағдайда қолдануға болмайды. Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның қатысуымен жасалуы керек.Соңынан міндетті түрде желдету және жинау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

  • Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген бөлме жағдайында маманның қатысуымен қолданылады.

  • Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз жағдайда қолданылады.

Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:

  • Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.

  • Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.

  • Жұмысқа кіріспес бүрын қызметкер арнай оқу-тәжірибеден өтке және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.

  • Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы болуы керек.

  • Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.

  • Дезинсекциялық және репеллентті заттармен жұмыс істегуге ешқандай заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам тағайындалады.

  • Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Өңделмеген жеке бас қауіпсіздік заттарымен жұмыс істеге тиым салынады.

Дезинсекциялық жұмысты орындаушы персонал жеке бас қауіпсіздік заттарымен қоса сабынмен, орамалмен және де теріні жұмсартатын заттармен қамтамасыз етілуі керек. Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:

  • Міндетті түрде арнайы киім кию және де жеке бас қауіпсіздік заттары:халат, аяқ киім, респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию қажет.

  • Ерітінді, эмульсия, суспензия,приманкаларды дайындау кезінде әр түрлі респираторлар қолдану.

  • Жаймаларды дезинсекциялық заттармен өңдеу жұмыстарын жеке бас қауіпсіздік заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс немесе арнайы тартпалы желдеткішпен жабдықталған бөлмеде жүргізу керек.

  • Дезинсекциялық заттардың теріге, шырышты қабықтарға түсіп кетпеуіне жол бермеу керек.

  • Приманка түріндегі заттарды арнай ыдыстарда сақтап, оларды балалар мен үй хайуанаттарына алынбайтындай жерге орналастыру керек.



Дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет