Нитраттар(Нитраты; грек, nitron - сода, селитра) — өнеркосіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының түздары. Аммоний нитраты, сілтілік және сілтілік жер металларының нитраттары селитра деп аталады. Белгілі бір мөлшерден артық пайдаланғанда Нитраттар тамақ өнімдерінде жиналады да, адамды уландырады. Нитрат тұздарын металлдарды, негіздік оксидтерді, негіздерді және аммиакты азот қышқылымен әрекеттестіріп алады. Басқа оттекті қышқылдардың тұздарымен салыстырғанда нитраттардың ерекше қасиеттері бар.
Химиялық қасиеттері.
Нитраттарды қыздырғанда оттек бөле ыдырайды. Нитрат құрамына кіретін металлдың кернеу қатарындағы орнына сәйкес тұздар әртүрлі болып айырылады: а) сілтілік металдардың нитраттары қыздырғанда нитриттерге және оттекке ыдырайды:
ә) электрохимиялық кернеу қатарында магний мен мыс арасында орналасқан металлдардан түзілген нитраттар металл оксидіне, азот (IV) оксидіне және оттекке ыдырайды:
б) кернеу қатарында мыстың оң жағында тұрған нитраттар бос металға, азот (IV) оксидіне және оттекке ыдырайды:
Тұздың қүрамындағы нитрат ионды N03 анықтау үшін тұзды концентрациялы күкірт қышқылымен және мыс жаңқасымен қосып қыздырғанда қоңыр түсті газ N0, бөлінеді. Ол нитрат ионға сапалык реакция болып табылады, ерітінді көкшіл түске боялады. Реакция теңдеуі:
t
Cu + 4HNO3 = Cu(NO3)2+2H2O + 2NO2^буланады
көкшіл түс қоңыр түс
Достарыңызбен бөлісу: |