Сабақ Технология пәні мұғалімі: Рустемова Марина



бет1/2
Дата31.08.2023
өлшемі23,01 Kb.
#180030
түріСабақ
  1   2

«Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сайыс сабақ


Технология пәні мұғалімі: Рустемова Марина


«Өнерлі болсаң,озып көр» сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:келешек ұрпаққаөазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу,оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау,өнерге ынтасын дамыту,ұлттық сезімін ояту,талғампаздыққа,әсем-дікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ,сабақтан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,құрал- жабдықтар,
Пәнаралық байланыс:әдебиет,тарих,бейнелеу
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Екі сынып 9Ажәне 9Ә сынып оқушыларынан 2 топ құрау.
Оқушыларды сайысқа әзірлеу
«шаңырақ»- 1топ
«болашақ»-2топ
Сайыстың шарттары:
1.Сәлем сөздің атасы.Әр топ өз аты,төс белгісімен таныстыру.
2.Өнердің өрісі кең.Өнер сайысы
3.салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру
4.Кім жылдам.бір сөзден бірнеше сөз шығару
5.Ою ойғанның ойы ұшқыр.Әр топқа парақ беріледі.Қиған оюларын түс үйлесімділігіне байланысты орналастыру.
6.Үй тапсырмасы.Қолөнер бұйымдарын көрсету. 7.Сән үлгісін дайындап келу.
Әділ қазылар алқасын сайлау.

Мұғалім: Қазақ халқы ұлтының,ұрпағының болашағына,тәрбиесіне аса мән беріп,ер жеткенге дейін салт-дәстүр,әдеп-ғұрыпты саналарына сіңіріп,көңілдеріне тоқып өсірген.


Халықтық тәрбие сабақта,сыныптан тыс шараларда,ата-аналардан,көнекөз қариялардан,ақ ниетті әжелерден,ұлағатты ұстаздардан дариды.
Жүргізуші: Талпынған өр шыңдарға жас таланттар,
Ақ орда аспанында ән шырқатар,
Күтіп тұр арман қуған өрендерді,
Ән жыр мен ойға толы сын сағаттар-дей келе сайысымызды бастаймыз.
Кімдер іскер, кімдер шебер білейікші,
Өнерлісі мектептің деп жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал топтарға сәттілікті тілейікші.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Сәлем- сөздің атасы. Әр топ атын,төс белгісін таныстырып өту.

  2. Салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

  3. Өнердің өрісі кең.өнер сайысы

  4. Кім жылдам.бір сөзден бірнеше сөз құрау.

  5. Ою ойғанның ойы ұшқыр.оюды қиып,түс үйлесіміне байланысты орналастыру керек.

  6. Сән үлгісін дайындау.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап тым отыру жараса ма?
Ал достар,сыныптастар танысқа емес
Соқ қолыңды білімді,жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос соға берме,
Ойсыз,соқыр сезімнің соңына ерме,
Зерделеп, сұрақ- жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
Олай болса топтарды ортаға шақырып,сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық.
1-ші «Болашақ» тобын ортаға шақыру.
2-ші «Шаңырақ» тобын ортаға шақыру.
«Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың»-демекші сайысымыздың бірінші
кезеңі «Сәлем- сөздің атасы» таныстыру бөлімі.
Әр топ өз тобын таныстырады.әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын сұрайды.
Жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңіне кезек берейік.
Қонақжай халықпыз,мейманды қабылдау,ата-бабаларымыздан қалған аса қастерлі салтымыз,әрі дәстүріміз.салт-дәстүрдің көрнісі қонақжайлылық туралы айтылған мақал-мәтел мағынасын түсіндіру.
1-ші топқа сұрақ.
1-ші сұрақ. «Барымен базар, Құдайы қонақпын» дегенді қалай түсінесің?
Жауабы: келген адамды кеудесінен итермей,жылы шыраймен қарсы алып,барын алдына қойып,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру.
2-ші сұрақ. «Мейман атаңнан да үлкен» деген мақалдың мағынасын түсіндір.
Жауабы: үйіңе келген мейманның құрметін жасап сыйла деген мағынаны білдіреді.
2-ші топқа сұрақ.
1-ші сұрақ. «Қырықтың бірі- қыдыр» дегенді қалай түсінесің?
Жауабы: Қонақты қума ,оның шарапаты тиеді,бірінен болмаса екіншісінен құт келеді дегенді білдіреді.
2-ші сұрақ. «Қонақ қойдан да жуас» деген мақалдың мағынасын түсіндір.
Жауабы: Қонақ қойдан жуас,алдыңа қойған астан бастартпайды деген мағынаны білдіреді.
Оқушылардың жауаптарын тыңдаған болсаңыздар әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын сұраймыз.Топтардың бағалары берілген соң сайысымыздың 2-ші кезеңіне кезек берейік.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп,ал біреуі ән салыпты.
Осы бір сайыстардан бәйге алуға,
Барлығы аянбай-ақ жан салыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет