Сабақ «Тәуелсіз елдің жас математиктері»



Дата11.02.2018
өлшемі44,06 Kb.
түріСабақ
Тәуелсіз елдің жас математиктері» ойыны туралы қазақша ашық сабақ

«Тәуелсіз елдің жас математиктері» ойыны



Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды ауызша және тез есептеп ойлауға, ойлау қабілетін дамытуға, тапқырлыққа, табандылыққа, белсенділікке, жауабын талдай білуге үйрету;

Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, шарлар

Түрі: Сайыс

Әдісі : топтық

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (тест)

3.Әріптерді алмастыр

4.Жорға


5. Ойлан, тап!

6. Полиглот

7. Ғажайып алаңы

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Тәуелсіз елдің жас математиктері» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес,Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа!

Жасықтан емессің, қаталдансың

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән –математика атанғансың!-дей келе ортаға 6 а, 6ә- 6б —топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! – дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 5 минут ішінде тест арқылы10сұраққа жауап береді )

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге,бәйге,бәйгені бір көріңіз

56 санының 24%-ін табыңыз

А)25 б)28 с)20 д)14 е)22,04

2)168м матадан 65 көйлек тігіледі, сондай 96м матадан қанша көйлек тігуге болады?

А)32 б)37 с)16 д)30 е)31

3)Теңдеуді шешіңіз: |х-1|=3

А)-4;3 б)0;-3 с)4;-2 д)2;-4 е)-1;4

4)Бір қабырғасы 9 см,ал ауданы 108 см болатын тіктөртбұрыштың екінші қабырғасын табыңыз.

А)42см б)45см с)12см д)36см е)21см

5) Шеңбердің радиусы 5см. Шеңбердің ұзындығын табыңыз.

А)12п б)10п с)16п д)20п е)13п

6) Арыстан 1 қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеи алады. Олар барлығы жабылып осы қойды қанша сағатта жей алады?

А)1 б)3 с)2 д)1,5 е)2,5

7) Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?

А)17 б)9 с)5 д)7 е)12

2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға бөлгенде 1 қалдық қалатын 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды табыңыз.

А)151 б)281 с)301 д)421 е)241

9) 34,02-х=12,37

А)21,65 б)23,75 с)22,45 д)24,55 е)26,35

10) 12,05+0,21-5(-4,5)

А) 20,16 б)23,12 с)22,17 д)21,67 е)21,76

ІІІ. Әріптерді алмастыр α8* 2δ=9δ0

1α4*δ1в=в9144

α3α :δα=3δ

89α:δ7=вв

Шешуі: 38*25=950 434:14=31

134*516= 69144 891:27=33

Цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.

ІУтур Жорға

Жарыс заңы ежелден , жеңімпазды анықтау

Жеімпаз болу шарты сол ,еңбектену жалықпау-дей отырып,сұрақтар қойылады,жылдам тез жауап беруі қажет.

1.Барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед(куб)

2.Санның жүзден бір бөлігі(пайыз)

3.Дөңгелектің радиусы5см,диаметрі неге тең(10см)

4.Жазыңқы бұрыш шамасы(180)

5.Ең кіші жай сан(2)

6.Өзің оқитын Математика оқулығының авторы(Алдамұратова)

7.Екі қатынастың теңдігі(пропорция)

8.Екі теріс санның көбейтіндісі(оң)

9. Қарама-қарсы екі санның қосындысы (0)

10. Бірде бір элементі жоқ жиын (бос жиын)

ІІ топ


1 . Жиынды құрайтын объектілер (жиын элементтері)

2. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (квадрат)

3. Тікбұрыштың шамасы (90)

4. Ең кіші натурал сан (1)

5. Екі санның бөліндісі (қатынас)

6. Дөңгелектің диаметрі 12см, радиусы неге тең? (6)

7. «-» таңбасымен алынған сандар (теріс)

8. Оң санға да теріс санға да жатпайды (0)

9. Санақ басы 0 нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу (кординаталық)

10. Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар (қарама-қарсы сандар)

Vтур «Ойлан, тап!»

Алдарыңда іші әріпке квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін.

И Ц Ү Ш Б Ө

О А Р Ы К Л

Н Б Ұ П Е Ш

А Ы Ж А Й Н

Л Т Ү З Ы Қ

Б Ө Л У С О

Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш.

Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)

VI тур.Полиглот

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-дей келе ,Полиглот деп аталатын

бөлімде жұмбақ,мақал-мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді

тауып ,орысшаға,ағылшыншаға аударасыздар.Бір тілде жауап берсе5ұпай,

Екі тілде жауап берсе10ұпай,үш тілде жауап берсе15ұпай.

1)Жоқ өзінде бас та,қас та,мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында(сызғыш,линейка,a ruler)

2)Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса,аттама(кітап,книга,book

3)Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12кг тартады.Ал егер екі аяғымен

тұрса қанша тартады.(он екі,двенадцать,twelve~

4) Аяғы біреу, қолы жоқ щиыр-шиыр жолы көп (pen,қалам,ручка )

5) Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі

Екі қоян,үш түлкі,

Таба алмасаң бос күлкі(жиырма сегіз, двадцать восемь,туэнти эйт)

6)Бес ін,бес іннің аузы бір ін (қоғап,варежки,

IV тур. Ғажайып алаңы

20 20 20


30 30 30

40 40 40


Сол жақтағы 20.

Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? ()

Ортадағы 20.

Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге болады ма?()

Оң жақтағы 20 . Екі адам 5 метірлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6минут)

Сол жақтағы 30.

Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой (400)

Ортадағы 30.

|х-4|= 7 теңдеуінің түбірін тап (-3;11)

Оң жақтағы 30.

Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері 80минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесін (екеу тең)

Сол жақтағы 40.

Жолдас 3 баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. Бес жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (44)

Ортадағы 40.

Шахмат турниріне адам қатысқан әр біреуі әрқайсысымен бір партиядан ойнайды. Барлық ойналған партиялардың саны қандай? (21)

Оң жақтағы 40.

Мәди мен Асхат екеуі бес тоқаш сатып алды. Мәди 1 тоқашты 6 минутта жесе, Асхат 1 тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді. Асхат неше тоқаш жеді? (М-2, А-3)

Жүргізуші;Бүгін сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлім мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңды.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,

Келгендерге көп рақмет

Шын сезінген көрермен баршаңызға

56 санының 24%-ін табыңыз

А)25 б)28 с)20 д)14 е)22,04

2)168м матадан 65 көйлек тігіледі, сондай 96м матадан қанша көйлек тігуге болады?

А)32 б)37 с)16 д)30 е)31

3)Теңдеуді шешіңіз: |х-1|=3

А)-4;3 б)0;-3 с)4;-2 д)2;-4 е)-1;4

4)Бір қабырғасы 9 см,ал ауданы 108 см болатын тіктөртбұрыштың екінші қабырғасын табыңыз.

А)42см б)45см с)12см д)36см е)21см

5) Шеңбердің радиусы 5см. Шеңбердің ұзындығын табыңыз.

А)12п б)10п с)16п д)20п е)13п

6) Арыстан 1 қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеи алады. Олар барлығы жабылып осы қойды қанша сағатта жей алады?

А)1 б)3 с)2 д)1,5 е)2,5

7) Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?

А)17 б)9 с)5 д)7 е)12

2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға бөлгенде 1 қалдық қалатын 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды табыңыз.

А)151 б)281 с)301 д)421 е)241

9) 34,02-х=12,37

А)21,65 б)23,75 с)22,45 д)24,55 е)26,35

10) 12,05+0,21-5(-4,5)



А) 20,16 б)23,12 с)22,17 д)21,67 е)21,76
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу