Сабақ Тізбек бөлігіне арналған ом заңы. Электр кедергісі Пән мұғалімі: Ғ. Карабаева



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі159,23 Kb.
#26288
  1   2
«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ



Тізбек бөлігіне арналған ом заңы. Электр кедергісі

Пән мұғалімі: Ғ.Карабаева

Сыныбы: 8 «А»

Күні: 18.01.13ж

Қаскелең қаласы

Бекітемін

Мектеп директоры Г.Такимова

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға электр кедергісі, электр кедергісінің бірлігі, шартты белгісі туралы мағлұмат беріп, білімдерін қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, талдау жасау қабілеттерін есептер шығару арқылы дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәәрбиелеу

Сабақтың көрнекі құралдары: оқулық, есептер мен жаттығулар жинағы, ақпараттық коммуникативті технологиялар, үлестірмелі дидактикалық материалдар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі (ұжымдық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі) (2 мин)

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сыныпта бүгін кім кезекші?

Кезекші сабақта кім жоқ?

ІІ. Білімдерін тексеру ( сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс) (10 мин)


  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Электр тогы пайда болу үшін қажетті шарттар

  3. Электр тогының қандай әрекеттері бар?

  4. Ток көзіне не жатады?

  5. Ток күшіне анықтама бер

  6. Ток күшін есептеу формуласы

  7. Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?

  8. Ток күшін өлшеуге арналған құрал.

  9. Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

  10. Электр кернеуі дегеніміз не?

  11. Электр кернеуін есептеу формуласы қандай?

  12. Электр кернеуінің өлшем бірлігі не?

  13. Электр кернеуін өлшеуге, есептеуге арналған құрал.

  14. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

  15. Вольтметрдің шартты белгісі

  16. Амперметрдің шартты белгісі

№1 есеп

25 Кл заряд өткенде ток күші 25кА болатын электр заряды қанша уақытқа созылады.



ІІІ.Жаңа сабақ мақсатын қою (ауызша баяндау әдісі, ұжымдық жұмыс) (1мин)

Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.



IV. Жаңа сабақ ( түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс, ауызша баяндау әдісі, ұжымдық жұмыс) (15мин)

Ток күші неге тәуелді екенін қарастырайық.

Электр тізбегін жинап, АВ өткізгіші арқылы ток өткізейік. Амперметрмен АВ өткізгішіндегі токты, ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы керенуді өлшейік. Ток көздерін ауыстырып және тәжірибені қайталағанда, тізбектегі токтың да, өткізгіштің ұштарындағы керенудің де өзгергенін көреміз. АВ өткізгіштің ұштарындағы кернеу қанша есе артса, өткізгіштегі ток сонша есе артады, яғни I ̴ U. Егер АВ өткізгішін басқа өткізгішпен алмастырып, одан кейін ток көздерін ауыстыра отырып, олармен дәл осы тәжірибені жасасақ, онда токтың ұштарындағы кернеудің шамасына пропоционал екенін көруге болады.

Тәжірибеден алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін нәтижелердің математикалық өрнегін былай жазуға болады:





мұндағы коэффициент. Тәжірибе шамасының өткізгіштің қасиеттеріне ғана тәуелді екенін көрсетеді.

Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 ж. Г.Ом ашты.



Георг Симон Ом (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шілде, Мюнхен) - неміс физигі. 1805-1806 жылдары Эрланген университетінде оқыды. Әр түрлі гимназияларда математика мен физикадан сабақ берді

Эрланген университетінде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегі Политехникалық мектептің, Мюнхен университетінің профессоры болды.

1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшін, кернеу және кедергінің бір-бірімен байланысын өрнектейтін электр тізбегінің негізгі заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы U=I*R қарапайым формуламен өрнектеледі. Ом кедергінің өткізгіш материалына тәуелділігін, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына кері пропорционал екенін көрсетті. 1827 ж. электр мен жылудың таралуының сәйкестігіне сүйеніп теория негіздерінен заңдылықты табуға әрекет жасады. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерінің түсуі" деген ұғым енгізді. “Электр қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткізгіштік" деген ұғымдарды да ол енгізген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзінің электр қозғаушы күшін өлшеді.

Омның кейінгі еңбектері акустикаға, соның ішінде дыбыстың күрделі құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли медалімен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесі болды.

Ом заңы былай тұжырымдалады:

Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:

SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді. Ом заңына сәйкес



Бұл өрнектен кедергінің бірлігін анықтайды:

Кедергінің 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылданған.

Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:

Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін реостаттар қолданылады. Олар тежегіштер және іске қосқыш болып бөлінеді.

Реостаттың шартты белгісі:

Кедергі өзгергенде, тізбектегі ток күшін біртіндеп өзгерту үшін реостат қолданылады.



V. Жаңа материалдың алынған тексеру (сұрақ-жауап, жеке) (5 мин)

1.Ом заңы қалай тұжырымдалады?

2.Электр кедергісін есептеу формуласы?

3. Электр кедергісінің бірлігі қандай?

4. Электр кедергісінің шартты белгісі?

5. Реостат не үшін қолданылады?



VI. Жаңа сабақты бекіту (сұрақ-жауап әдісі, жеке) (10мин)

1.Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең?

2.Амперметрдің паспортында кедергісі 0,1 Ом деп жазылған. Егер амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқышындағы кернеу неге тең?

3.Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.

4.Сызба бойынша электр тізбегін құрастырыңдар

1) а-сурет б-сурет




Каталог: uploads -> doc -> 0f68
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f68 -> Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тугендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Уйге берілген тапсырманы сұрау. Өткен тақырыптарды қайталауға сұрақтар беріледі. ІІ.
0f68 -> Семинар сабақ Пән : «Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру» Сабақ тақырыбы: «ms- word мәтіндік редакторы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет