Сабақ Тренер: Рахимова З. Т. Өткізілетін орны



Дата01.11.2019
өлшемі122,08 Kb.
#50973
Байланысты:
Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы пікірі


3 күн

1-2 сабақ

Тренер: Рахимова З.Т.

Өткізілетін орны:

Информатика кабинеті



Тақырыбы

1-сабақ: Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы пікірі

2-сабақ: Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің, оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.



Мақсаты

Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды.

Оқыту нәтижесі

Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.

Түйінді идеялар

Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру. «Сапалы оқыту» ұғымы мазмұны туралы тұжырымдама түсіндіруге күрделі және маңызды. «Сапалы оқытуды» анықтау үшін жиі қолданылатын көздер жеткіліксіз.

90 мин.

Тренердің іс-әрекеті

Тыңдаушыныің іс-әрекеті

Ресурстар

5 минут


"Ұқсастық шегі" жаттығуы

Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып,, " Біздің ұқсастығымыз" деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 3 мин уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып, сәйкес келді ма өз ойларын айтады.



Көздерін ашқаннан кейін алдарында қызыл, жасыл, ақ, сары, көк түсті жұлдызшалар жатады, соны таңдау арқылы топқа бөлінеді.


Қағаз, маркер


15 минут

Оқушыларға жүргізілген сауалнама нәтижелерімен жұмыс

Тыңдаушылар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесімен бөліседі.

Сауалнама нәтижелері

15 минут

Алдыңғы оқу бойынша тест алу

Сәйкестендіруге берілген тест тапсырмасын орындау

Тест парақшалары

20 минут


Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеу.

Бұл тапсырма мұғалімге өзінің қандай болуға тиіс екендігін ой елегінен өткізуге және талқылауға көмек көрсету мақсатында әзірленген.

Тыңдаушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Әр топқа осы парақтың бір көшірмесі беріледі. Мұғалім мен оның рөлі туралы бір дәйексөз болуға тиіс 22 карточка болатындай етіп осы парақты шаршыларға кесіп, топтың әрбір мүшесі төрт карточка – өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдап, топтың әрбір мүшесі өз тобының мүшелерімен таңдауы туралы ақпаратпен бөлісуге тиіс. Олар өздері қандай карточканы және не үшін таңдағаны туралы айтады.

Топтың басқа мүшелері айтылған пікірлермен келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіре отырып талқылауға тиіс.


Талқылау аяқталған соң мынадай сұрақтар бойынша өз көзқарастарын жазу ұсынылады.

-Жақсы мұғалімнің қасиеттері қандай?

-Мұғалімнің өз тәжірибесі туралы ойланғаны маңызды ма?

-Сіздің ойыңызша, мұғалімнің өз мектебіндегі тәжірибені өзгертудегі рөлі қандай?



Тыңдаушылар ресурстарды қарап, жиырма екі көзқараспен танысады, сол пікірлермен келісетін, келіспейтінін талқылайды. Талқылау аяқталған соң мынадай сұрақтар бойынша өз көзқарастарын жазуға уақыт бөледі.

  • Әрқайсысында мұғалім мен оның рөлі туралы бір дәйексөз болуға тиіс 22 карточка болатындай етіп осы парақты шаршыларға кесіп, топтың әрбір мүшесі өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдап алады.Содан кейін топтың әрбір мүшесі өз тобының мүшелерімен таңдауы туралы ақпаратпен бөлісуге тиіс. Олар өздері қандай карточканы және не үшін таңдағаны туралы айтады. Топтың басқа мүшелері айтылған пікірлермен келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіре отырып талқылауға тиіс.

Білім беру платформасы

Сұрақ жазылған кеспе қағаздар.



30 минут


Көзге көрінетін оқу таныстырылымын көрсету

Көзге көрінетін оқу – бұл 15 жылдық зерттеу нәтижесі, ол мектеп оқушыларының оқу үлгеріміне әсер ету деген тақырыптағы 800-ден астам метаталдауды (500-ден астам жұмыстарды) қорыту. Ол мектептегі оқытуды жақсартуға ненің шынымен де әсер ететіні (ненің әсер етпейтіні) туралы сындарлы зерттеулердің ең үлкен топтамасы болып табылады.


«Гауһар тас» тапсырмасы талқылауға беріледі.


Кез келген ата ана баласын мектепке берген кезде үміт күтіп, оқуда, мұғалімдер мен сыныптастарының арасында табысты, мінсіз болатынына сенеді. Мұғалімдер де оқушылар бірінші сыныпқа қабылданғанда осы жайды армандайды. Балалар да мектеп табалдырығын аттағанда жаңа өмірден жақсылықты күтеді. Бірақ барлық күтілген сенім орындалмайды. Неліктен?
Егер кері байланыс соншалықты маңызды болса, онда сыныпта кері байланыстың қандай түрін қолдану қажет? Жұп болып талқылаңыздар.

“Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс”


1.Оқушылардан қалайша көбірек кері байланыс алуға болады?
2.Оқу үлгерімін арттыру үшін кері байланысқа қалай әрекет етуіміз қажет?

3.Оқушыларды оқытудан күтілетін нәтижелер неге негізделген?

4.Сіздің оқушыларыңыз мақсатқа қол жеткізуге қатыстырылған ба?
5.Жеткілікті дәрежеде жоғары, бірақ қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылған ба?

6.Сіздің сыныбыңыздағы қалыптасқан ахуал мен оқу ортасы білімді жетік меңгеруге көмектесе ме?

7.Осындай оқытуды қолдануға мүмкіндік жасау үшін не істей аламыз?

8.Тәжірибелі және білікті мұғалімдердің арасында қандай айырмашылық бар? деген сұрақтарды жұп болып талқылайды.

Оқытудың ынталандыру теориясымен таныстырылады.


Хэтти әзірлеген халықаралық жобаның деректерімен танысып болғаннан кейін, оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін 9 факторды талдап, оларды оң әсер ету дәрежесіне қарай (орташа алғанда) сатылап, гауһартас түрінде орналастырады.

Олардың неліктен осылай әсер ететіні туралы ойларымен бөліседі.

«Хэттидің зерттеуі бойынша мінсіз оқушыны гауһар тасқа теңер едік. Бастауыш сыныпқа бұл тас өңделмеген күйі келеді. Мұғалімдер оны белгілі бір қалыпқа салып, пішінін келтіріп жібереді. Ал жоғары сынып мұғалімдері тасты ары қарай жалтыратып, белгілі бір пішінге келтіріп, зергерлік бұйымдарда өз орны болатындай етіп өңдеу керек» деген қорытындыға келеді.
Жұпта талқылайды.

“Жақсаруға ықпал ететін кері байланыс түрлерімен танысады.

Оқытудың ынталандыру теориясына негізделген қорытындыға келеді.


Слайд

Гаухар тас суреті




5 минут

«Үш М және Ә»

Тыңдаушыларға сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, өз жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.



Тыңдаушылар сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, өз жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасайды.

А4 қағазы

Үзіліс










15 минут



Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу

«Батырдың жол таңдауы» жағымды психологиялық ойсергек.

Баяғыда бір батыр өзіне өмірлік жар табу үшін сапарға шығыпты. Ол түрлі қалалар мен патшалықтарды аралап, ай жүріпті, алайда өзіне ұнаған қыз таппапты. Үш жыл болғанда, батыр арып ашып, үш жолдың торабына келіп жетіпті. Жолдардың тоғысқан жерінде тасқа мынандай сөздер жазылыпты: «Солға жүрсең-атыңды жоғалтасың! Оңға жүрсең –өзіңді жоғалтасың! Тура жолмен жүрсең-ештеңе де таппайсың!»

Сұрақ: «Сіздер батырдың орнында болсаңыз, қай жолды таңдар едіңіз?»


Ертегіден үзінді тыңдайды.

Әр тыңдаушы өз жауаптарын ұсынады. Әр топтан бір тыңдаушы жауаптарын оқиды. Жауаптары:

1. Сол жақтағы атын жоғалтатын жолды таңдағандар-прагматиктер, олар өмірде өз мақсаттарына аз шығын жұмсап жеткенді қалайды. Әрбір қадамын аңдап басатын сақ адамдар. Олар ерлік жасай алмайды.

2. Оң жаққа бұрылып, өзін жоғалтудан қорықпағандар- жаңалықты, жаңғыруды көксегендер. Олар белгісізіктен тайсалмайтын, именбейтін нағыз батырлар.

3. Тура жүргендер өмірде нақты ұстанымдары мен позициялары бар адамдар, олар өз мақсатарына тура жолмен жетуді





10 минут


Алдыңғы оқу

ТЕСТПЕН жұмыс







30 минут


Мінез құлқы әр түрлі оқушылардың бейнелерін ұсыну.

1-топ «Мазасыз Альма»

2-топ «Өте сақ Салли»

3-топ «Қорғанатын Дейв»

4-топ «Риза болған Сэм»

5-топ «Дәрменсіз Ханна»


Ресурспен танысып болғаннан кейін неліктен Альма өзін осылай ұстайды?

Мұғалім не істей алады?

Неліктен Салли өзін осылай ұстайды?

Мұғалім Саллиге көмектесу үшін не істей алады?

Неліктен Дэйв өзін осылай ұстайды?

Мұғалім Дэйв сияқты оқушымен не істей алады? Бұл жағдайда екі түрлі өзгеріс маңызды болмақ


Неліктен Сэм өзін осылай ұстайды?

Мұғалім көмектесу үшін не істей алады?


Неліктен Ханна өзін осылай ұстайды?

Мұғалім Ханнаға көмектесу үшін не істей алады?



2–3 мұғалімнен тұратын шағын топтар жекелеген оқушылардың проблемасын шешу жолдарын жазбаша түрде қарастырады.
Берілген нұсқаулықпен танысады. Тыңдаушылар оқушылардың бейнелерімен танысып, топта талқылау жүргізеді.

Тренердің ескертпе сұрақтарына жауап іздейді. Содан соң ресурс материалдарымен танысады.







30 минут

Тыңдаушыларды санату арқылы 4 топқа бөлу. Ресурстарды әр топқа бөліп беру.

1-топ Мектепте жастардан кеңес алу

2-топ Оқыту мен оқу мәселесі бойынша оқушылардан кеңес алу

3-топ Оқушылардан кеңес алудың ұлттық мәнмәтіні

4-топ ХХ ғасырдың озық білім беру теориясы мен тәжірибесі


Ресурстармен танысып, басқа топ мүшелеріне таныстырады.

Білім беру

платформасы




5 минут

«Үш М және Ә»

Тыңдаушыларға сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, өз жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.



Тыңдаушылар сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, өз жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасайды.

А4 қағазы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет