Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. Жақсы – адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ. «Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық.