Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Ер Тарғын жырдан үзінді
Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру;
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: батылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: тірек-сызба
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар.
ертегі
?
халық ауыз әдебиеті
аңыз
айтыс
Батырлар жыры
жаңылтпаш
Бесік жыры
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгінгі танысатын алғашқы халық ауыз әдебиетінің түрі: батырлар жыры.
Батырлар жыры: еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Бүгінгі танысатынымыз: «Ер Тарғын» жырынан үзінді.
Оқулық бойынша жұмыс 3-6 бет
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
іштей оқу
мәтіннін негізгі ойын ата
сөздік жұмыс: пәрмен-көмек,тобасы-тілегі, көңіліне қайғы бітеді-түңілді.
«Ер Тарғын» жырында қандай оқиға орын алды?
Ер Тарғынның тұлпары қандай
Ер Тарғынның киімі туралы айтылған тұсты тауып оқы.
Бұл жырды неше бөлікке бөлер едің?
Жекпе- жекте Ер Тарғын қалай аман қалды?
Егер ол жеңілсе халықтың жағдайы не болар еді?
Жоспар құр.
Дәптермен жұмыс:
Жоспар:
1Батырлардың дайындығы
2 Жекпе-жек
3 Ер Тарғынның жеңісі
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту:
- Мәтінді тұтас, бірнеше рет оқып шығу
Венн диаграммасын толтыру (жұппен жұмыс)
Ер Тарғын Домбауыл
Ортақ қасиет
Шығармашылық жұмыс:
Өлең жолдарын толықтырып жаз
-------------- ---------------- қалмақты,
-------------- ----------------- салады.
-------------- ----------------- құлады,
-------------- --------------- сұлады.
4. Үйге тапсырма: 3-5 бет мәнерлеп оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |