Сабақ түрі: Теориялық



Дата05.06.2017
өлшемі149,81 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысының білім басқармасы

«Болашақ» университетінің колледжі


Келісемін; Бекітемін

Әдіскер______Бакиева Л.Б Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасарының

міндетін атқарушы

_______Н.Б.Тыныштықбаев

«____»____________2016 ж.


«Химия» пәнінен

Ашық сабақ
Тақырыбы: d - элементтерге жалпы сипаттама. Мыс, мырыш, темір, хром

Оқу тобы: ЭС-15/9г

Пән оқытушысы:Тоқсанбаева Ақжарқын Аққанжарқызы

Ашық сабақ жоспары «Жалпы білім беретін және ақпараттық

технологиялар» циклдік комиссия отырысында қаралып, мақұлданды

Хаттама №___ «___»________________ 2016 ж.

ПЦК жетекшісі _________Д. Қ. Жылқыбаев

Қызылорда,2016



Күні : 15.12.2016ж.

Оқу тобы: ЭС-15/9

Уақыты: 10:00-11:20

Сабақтың тақырыбы: d - элементтерге жалпы сипаттама. Мыс, мырыш, темір, хром

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға элементтердің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын, олардың қосылыстары туралы теориялық білім беру;

б) дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту;

в) тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуге қалыптастыру;

Сабақ түрі: Теориялық

Сабақтың типі: жаңа ұғым қалыптастыру

Сабақтың өту әдісі: түсіндіру, жазбаша,ойын элементтері,сұрақ-жауап, топтық жұмыстар

Пән аралық байланыс: биология, физика

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, карточкалар, плакат оқулық, периодтық жүйе.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару 2-3 минут
II.Үй тапсырмасын сұрау : 15-20 минут

а) 2 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы үй тапсырмасын сұрау.



«Металдар» тобы
«Бейметалдар» тобы
«Галогендер» тобы

б)"Жедел жауап" ойыны. Бұл ойынның шарты жылдам әрі тез жауап береміз. Команда басшыларын ортаға шақырамыз.


I-топ. «Металдар» тобы

1. сілтілік металдарға жатады: Li(литий), Na(натрий), К(калий), Rb(рубидий), Cs(цезий), Fr(франций).

2. Табиғатта таралуы бойынша Na нешінші орында? 6

3. Табиғатта таралуы бойынша К нешінші орында? 7

4. Сирек кездесетін элементтер? Li, Rb, Cs

5. Жер қыртысында болмайтын элемент? Fr

6. неліктен Fr жер қыртысында болмайды? радиоактивті

7. Li нешінші периодта орналасқан? 2

8. К нешінші периодта орналасқан? 4

9. сілтілік металдардың физикалық қасиеттері? жұмсақ, жеңіл, иілгіш.

10. химиялық қасиеттері? бір - біріне жақын орналасқан, ең күшті тотықсыздандырғыш, белсенділігі ең жоғарылар

II-топ. «Бейметалдар» тобы

1.Na(натрий) қолданылуы? Ғылым мен техникада

2.Қай ғасырда Na(натрий)-ді бос күйінде алды? ХIХ ғ басында

3.Сілтілік металдар сутекпен әрекеттескенде түзіледі? Гидридтер

4.Сілтілік металдардың оксиді қандай зат? ақ түсті зат

5.натрий мен калий қандай металл? типтік белсенді металл

6.натрий сульфаты қайда қолданылады? шыны, сода өндіруде қолданылады

7.калий гидроксиді қандай сілті? күйдіргіш күшті сілті

8. кальций, стронций, барий және радий қандай металдар? Сілтілік жер металдар

9.Радий элементі қай жылы ашылды? 1910ж

10.кальцийдің массалық үлесі? 3,4%
III-топ. «Галогендер» тобы

1.Металдар класының маңызды өкілдері? s-элементтер

2.барлық металдар жақсы ериді және сұйық сынапта сақталады. Бұл кезде қандай құймалар түзіледі? амальгама

3.Натрий нешінші периодты бастайды? III

4.жер қыртысы құрамының неше пайызын калий құрайды? 18%

5.барий элементі қай жылы ашылды? 1808ж

6.берилий элементі қай жылы ашылды? 1828ж

7.кальций, стронций және барий қандай металдарға жатады? жеңіл металдарға

8.берилий қандай элемент? екідайлы

9.кальцийдің ең көп тараған қосылысы? СаСО3

10.Магний табиғатта таралуы бойынша нешінші орында? 8
ә)"Сиқырлы ұяшық" ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау. Бұл ойынның барысы мына асықтарды иіру арқылы ұяшықтарды таңдап, ашып сұраққа жауап беру.


Li(литий)

Na(натрий)

К(калий)

Rb(рубидий)

Cs(цезий)

Fr(франций)

Mg(магний)

Ca(кальций)

Ba(барий)

Ra(радий)

1) Li(литий)- s - элементтеріне жалпы сипаттама беріңіз;

2) Na(натрий)- сілтілік металдарға сипаттама беріңіз;

3) К(калий)- Na(натрий) табиғатта таралуы;

4) Na(натрий), К(калий) физикалық қасиеттері, қауіпсіздік ережесі;

5)Өсімдік тіршілігі үшін К(калий) рөлі;

6) Ca(кальций) табиғатта таралуы

7)Мынадай айналымдардың реакция теңдеулерін жазыңдар:

Са→СаО→Са(ОН)2→СаСL2

а)2Са+О2→2СаО

ә) 2СаО+Н2О→ Са(ОН)2

б) Са(ОН)2+2HCL→ СаСL2+ Н2О

8)Ba(барий) қосылысымен жұмыс істеу ережесі

9) К(калий)- қосылыстары

10) Na(натрий) қосылыстары

Б)«Сиқырлы сандар» (бұл кезеңде 3 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады). Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалау. 5 минут


«Металдар» тобы
«Бейметалдар» тобы
«Галогендер» тобы

22 -(бейметалл саны)

1808ж – (Mg, Ca, Sr, Ba)

1772ж (Д. Резерфорд азотты ашты) 
89 -(металдар саны)

1828ж (берилийді ашқан) ашылуы) Ф. Велер алуы)


1910ж -(радийдің ашылуы П. Кюри

1969ж (Бранд фосфорды ашқан)

1822ж (И. Берцелиус Si 78% (азоттық ауадағы пайызы).
ІІІ.Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау: d - элементтерге жалпы сипаттама. Мыс, мырыш, темір, хром

Жаңа сабақтың жоспары:

1.d - элементтерінің периодтық кестедегі орны;

2.Мыс, мырыш, темір, хром элементтерінің физика-химиялық қасиеттері;

3.Табиғаттағы қосылысы, қолданылуы, таралуы

Қосымша топша металдарының электрондық қауыздарында d - деңгейше электрондарымен толтырылады сондықтан бұл элементтерді d -элементтер деп атайды.

d - элементтерге тән нәрсе - олар өздерінің қосылыстарында көбірек валенттік күйлерге ие бола алады, соған байланысты олардың қосылыстары қышқылдық - негіздік және тотығу - тотықсыздану қасиеттерін кең ауқымда көрсетеді. Организмдердің тіршілігінде

d - элементтердің рөлі ерекше. Мыс, мырыш, темір, кобальт, марганец микроэлементтер болып табылады. Бұл элементтер өсімдік пен жануарлар организмдерінде болар болмас мөлшерде ғана, бірақ тіршілікке қажетті элементтер. Мысалы темір қанның

гемоглабинінің және сонымен бірге бауыр мен көкбауырда болатын әртүрлі ферменттердің құрамына кіреді, сөйтіп органдардың қанжасағыш жұмысын реттейді. Қанжасағыш элементтерге темірден басқа кобальт, мырыш жатады. Осылайша металдар құрылысының ерекшелігі оларда әртүрлі қасиеттерінің пайда болуына әкеледі. Периодтарда d - элементтер типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында орналасқандықтан, оларды ауыспалы элементтер деп атайды. Бұл тарауда маңызды

d - элементтер: мыс, мырыш, хром, темір қарастырылады. Бұлардың барлығына металдық қасиет тән. Қосылыста әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Мыс IБ топ элементі.Оның электрондық формуласы мынадай:

29Сu 1s22s22p63s23p63d104s1

Табиғатта таралуы. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі.Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы мыс болған. Өте ірі саф күйінде табылған мыс 420т болды. Адам құрал жасау үшін алғаш рет саф мысты пайдаланған. Бұл мыс ғасырының басталуы болды. Ертеде мыс кендері Кипр аралында белгілі болған. Купрум сөзі мыстың латынша атауы. Кипр аралының атауынан шыққан деген жорамал бар. Еліміз түсті металдар кеніне, оның ішінде мысқа бай. Мыс кені қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай - ақ Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау-металлургия комбинатында өндіріледі. Мыс-ашық қызғылт түсті жылтыр металл, жеңіл созылады. Электр тогын жақсы өткізеді. Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс өзгермейді.Өйткені қосылыстың қорғаныш қабықшасымен қапталады. Жоғары температурада мыс жай және күрделі заттармен де реакцияға түседі. Жай заттармен әрекеттесуі. Мыс галогендермен оңай әрекеттеседі:

Cu+CL2→CuCL2

2Cu+O2→2CuO

Cu+S→CuS

Мыс сутекпен және азотпен әрекеттеспейді. Мыс қосылыстарының бірі мыс сульфаты СuSO4. Сусыз мыс сульфаты-ақ түсті ұнтақ, ол суды күшті сіңіріп, көк түсті кристалгидратқа айналады да мөлдір көк түсті кристалл-мыс купоросын түзеді: СuSO4*5Н2О. Ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресте және антисептік ретінде қолданылады. Мыс тұздарынан көп мөлшерде көк, қоңыр, күлгін және қара түсті минералды бояулар өндіреді.Мыс өсімдіктергеде қажет. Ол фотосинтез процесіне қатысатын маңызды микроэлементтердің бірі. Адам организмінде мыс жетіспесе, қаназдық ауруы пайда болады, ал өсімдіктерде жетіспесе олардың дамуы және жеміс беруі нашарлайды. Бірақ оның артық мөлшеріде зиянды. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы. Мыс қосылыстарын өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы күресте қолданады. Қазіргі уақытта мысты негізгі тұтынушылар: электротехникалық, металл өңдеу, машина жасау, химиялық және шыны өнеркәсіптері. мысты көбінесе жемірілуге тұрақты сәндік никельдеу мен хромдауда қолданады. Мыс-белсенділігі төмен металл. Адамдарға ертеден белгілі. Мыс көптеген табиғи минералдар түзеді. Таза және әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Сu-микроэлемент, тірі организмдердегі тіршілік үшін маңызды процестерге қатысады.



Мырыш - IIБ топтың элементі. Оның электрондық формуласы:

30Zn 1s22s22p63s23p63d10 4s2

Жер қыртысындағы құрамы бойынша мырыш басқа элементтер арасынан 23 орынды алады. Мырыштың маңызды минералы - мырыш алдамшысы. Қарағанды облысында, Кенді Алтайда және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Риддер, Өскемен және Балқаш металлургия зауыттары мырыш шығарады. Мырыш - көкшіл ақ түсті күшті металдық жылтыры бар металл. Ылғалды ауада жылтыры оксидтік қабықшаның түзілуімен байланысты біртіндеп жойылады. Мырыш қаттылығы орташа металл.

Табиғатта мырыш оксиді ZnО қызыл мырыш кені түрінде кездеседі. Суда мүлдем ерімейді.Мырыш оксиді ақ бояулар алуда, медицинада және косметикада әртүрлі майлар дайындауда, резеңкемен линолеум үшін толықтырғыштар ретінде қолданылады. Адам организмінде мырыштың жетіспеуі иіс және дәм сезуді толық өзгертеді. Топырақта мырыш жетіспесе өсімдіктің өсуі баяулайды, сондықтан мырыш арнайы тыңайтқыштардың құрамына кіреді. Кәдімгі жағдайда мырышқа ауадағы оттек те, суда әсер етпейді, сондықтан негізгі масса темір және болат бұйымдардың қорғаныш қаптамаларына жұмсалады.

Хром VIБ топтың басында орналасқан. Оның электрондық формуласы:

24Cr 1s22s22p63s23p63d54s1

Жер қыртысында хромның жалпы мөлшері 0,03%-ті құрайды. хром әртүрлі минералдардың құрамына кіреді.Еліміздегі хромның бай кен орны Ақтөбе облысында орналасқан. Хром ғарышта, Күнде, жұлдызда және метеориттерде де бар екені анықталды.

Хром - күмістей ақ, жылтыр металл. Металдардың ішіндегі ең қаттысы. Хром морт сынғыш, электр және жылуөткізгіштігі төмен.Жемірілуге тұрақты металдардың бірі болып табылады , себебі хромның беті мөлдір оксид қабықшасымен қапталған. Тіпті ылғал ауада да өзгермейді. Таза хромды алу үшін хром (III) оксидін алюминиймен тотықсыздандырады:

Cr2O3+2AL→AL2O3+2Cr

Хром және оның құймалары - қазіргі жаңа техниканың бағалы материалдары. Хром қара металлургияда қолданылатын бірден - бір маңызды легирлеуші элемент. Оны серіппе, аспаптық және шарикті мойынтіректік болаттарға қосады. Хром антижемірілгіш қаптамалар жасау үшін қолданылады.



Темір-VIIIБ топ элементі. Электрондық формуласы: 26Fe 1s22s22p63s23p63d64s2

Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%.



Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде "аспан" немесе "жұлдыз" тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейнінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орны мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді. Темір минералды сулардың құрамына сульфат және гидрокарбонат түрінде кіреді. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі. Темір - жылтыр, күмістей ақ түсті металл, оның тығыздығы 7,87г/см3. Темірдің иілгіштік, оңай магниттенетін және оны жоғалтатын қасиеттері бар, техникада кеңінен қолданылады. Темір тірі организмде болады. Үлкен адам денесінде 4-5г темір болады, оның 65%-і қанның гемоглабинінде. Гемоглабин қанға қызыл түс береді және тыныс алу органынан оттекті әртүрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық ауруы пайда болады. Байланысқан темір көптеген тамақ өнімдерінде: қара нанда, картопта, алмада, өрікте, қарақұмықта болады. Бұл өнімдерді қаназдықтың алдын алу үшін тамақ рационында енгізу керек. Темірдің құймалары-шойын және болат көп қолданылады. Дүниежүзінде темір мен оның құймаларын басқа барлық металдарға қарағанда 20 есе артық өндіреді.
«Бой сергіту»

а) 1 - топ. «Г» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (газ, галоген, гомолог, гидрокарбонат, глюкоза, графит, гидролиз)
2 - топ. «К» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (карбонат, кристаллогидрат, көмірсулар, күкіртсутек, крахмал, каучук, көміртек)
3 - топ. «М» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (мұнай, метилоранж, молекула, метан, металл, майлар, мұз)
ә) «Химиялық жүріс ойыны» .Әр топтан бір-бір оқушы шығып, көрсетілген жерге дейін адымдап, химиялық элемент атын атау керек.
IV.Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ жауап арқылы. "Полиглот" ойыны арқылы. Қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын, оқылуын және таңбасын жазу.



Жасырын элемент

Таңбасы

Қазақша аталуы

Орысша аталуы

оқылуы

1

Лтныа

Аu

Алтын

Золото

Аурум

2

Ксміү

Ag

Күміс

Серебро

Аргентум

3

Ымс

Cu

Мыс

Медь

Купрум

4

Мреіт

Fe

Темір

железо

Феррум

VIІ. Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында "Химия тұрмыста" бөлімімен қорытындылау.

1 - топ. Күл-катализатор.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: бір бөлік қант, қысқыш, темекінің күлі.

Қысқыштың көмегімен бір бөлік қантты жанып тұрған газ плитасына ұстаңыз. Қанттың үстіне шамалы темекі күлін сеуіп, жалынға қайта апарыңыз. Бірінші жағдайда қант балқиды, түтінденеді, бірақ жанбайды. Екінші жағдайда қант жанады, тіпті жалыннан аулақ ұстағаандада жана береді.



Түсіндірме: Кейбір заттар өздері реакцияға түспесе де, екінші бір заттың реакцияға түсуін тездетеді. Күл қанттың тез жануына ықпал етіп, катализатор қызметін атқарып тұр.

2 - топ. Сиқырлы жалын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ақ қағаз, күкірт қышқылының ерітіндісі (1:1), жанарғы.

Ақ қағаздың бетіне күкірт қышқылының ерітіндісімен жазу жазыңыз. Қағаз кепкен кезде жазу ғайып болады. Осыдан соң қағазды 15-18см ара қашықтықта жанарғы шамының жалынына ұстаңыз. Біраз уақыт өткеннен кейін қағаз бетінде қара түсті жазу пайда болады.



Түсіндірме: ол органикалық заттың (қағаздың) күкірт қышқылынында көмірге айналу нәтижесінде түзіледі.

3 - топ. Белсенді металдардың мыс қатысындағы электрохимиялық жемірілуі

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауық, мырыш, күкірт қышқылы.

Сынауыққа мырыш немесе темірдің 2-3 түйіршігін салып, үстіне 2 мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның қалай жүретінін бақылаңдар. Сынауыққа мыс сымын түйіршіктерге тиетіндей етіп салыңдар. Қандай өзгерістер байқалады?



VIIІ. Оқушыларды бағалау: 2минут

Сабақ барысында студенттердің белсенділіктерін бағалап, сабаққа атсалыспай отырған студенттерді тартып, жауабына сай бағалау.



IX. Үйге тапсырма беру:

Осы тақырыпты оқып келу. Пайдаланылған әдебиет 10сынып оқулығы 173-196 беттер.

"Тарих сыр шертеді" тақырыбында реферат жазып келу

Тобы:________________

Аты-жөні:___________________________




Жасырын элемент

Таңбасы

Қазақша аталуы

Орысша аталуы

оқылуы

1

Тугесі














2

Рноғқанс














3

Гетоті














4

Үскім














Тобы:________________

Аты-жөні:___________________________






Жасырын элемент

Таңбасы

Қазақша аталуы

Орысша аталуы

оқылуы

1

Тугесі














2

Рноғқанс














3

Гетоті














4

Үскім













Тобы:________________

Аты-жөні:___________________________




Жасырын элемент

Таңбасы

Қазақша аталуы

Орысша аталуы

оқылуы

1

Тугесі














2

Рноғқанс














3

Гетоті














4

Үскім

















29

63,55

3333


30

65,37



24

51,26

26

55,85

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу