Сабақ№1 Сыныбы 7а Күні Мақсаты: Білімділік



бет19/25
Дата25.08.2017
өлшемі2,71 Mb.
#25958
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

Сабақ№______ Сыныбы_7____ Күні

Тақырыбы: Африканың климаты.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың климаты, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық белдеулері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың климатымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Б.Ү.Ү. кестесі.



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың жер бедері?

2. Африканың таулары?

3. Африканың таулы үстірттері?

4. Африаның қазаншұңқырлары?

5. Африканың пайдалы қазбалары?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Африка климатындағы басым ауа массаларын түсіндіру.











3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың климаттық белдеулерін түсіндіру.


Субтропиктік

Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерін қамтиды.

Тропиктік

Материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстігі батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан.

Субэкваторлық

Экваторлық белдеуден екі жарты шарда шамамен200 ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды.

Экваторлық

Конго өзені алабының экватор бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалаын алып жатыр.



Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың климаты.

Сыныбы: 7

Мерзімі:

Тақырыбы: Климаттық белдеулері

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Африканың климатымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

             2.Дамытушылық:  Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

              3. Тәрбиелік:                Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі, пікір алмасу.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың климат картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау: карта, сұрақ- жауап

 Жаңа сабақты түсіндіру:   

  Климаттық белдеулер.  Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады.

Экваторлық белдеу Конго өзені алабының бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауы алып жатыр. Аумағы онша үлкен емес. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары әсер етеді. Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты қызуына байланысты ауа жоғары көтеріліп, бұлттар пайда болады.

Субэкваторлық белдеулер экваторлық белдеуден екі жарты шардың шамамен 20º ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды. Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгал суық ағысының әсерінен солтүстікке қарай ығысқан. Субэкваторлық климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы – жауын-шашын мөлшерінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады.

Тропиктік белдеулер материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстік тропиктік климаттық белдеу батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгі мен көршілес орналасқан. Бұл белдеуге осында қалыптасқан тропиктік континенттік ауа массалары мен Еуразия үстінен құрғақ, ыстық ауа әкелетін пассаттар әсер етеді. Сондықтан белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +40ºС және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті +70ºС-қа дейін қызады, керісінше түнде ауа мен жер беті тез суынады.

Субтропиктік белдеулер материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мұнда жазада тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Солтүстік субтропиктік белдеу Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы айқын байқалады.

 

Жаңа сабақты бекіту:



  1. Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Оқулық мәтінін пайдаланып, әр климаттық белдеуге тән басты белгілерді ажыратыңдар.

  3. Солтүстік және оңтүстік жарты шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтарын анықтаңдар.

  4. Климаттық карталарды пайдалана отырып, оқулық соңындағы жоспар бойынша Мадагаскар аралының климатын сипаттаңдар.

Қорытынды: Қорыта келгенде, Африкада жыл бойы температураның жоғары болуы кофе, какао, құрма және майлы пальма сияқты бағалы тропиктік және цитрустар, шай, мақта тәрізді субтропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Материкте қоңыржай ендіктердің дақылдары да өсіріледі. Ылғал жетіспейтін аудандар қолдан суарылады. 
Үйге тапсырма: §46-47 оқу. Кескін картаға Африканың климатын түсіріп келу.

 

Сабақ№________ Сыныбы_7ә___ Күні_14.03.15___


Тақырыбы: Африканың ішкі сулары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың ішкі сулары, өзен-көлдері, жер асты сулары, мұздықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Африканың ішкі суларымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Субэкваторлық климаттық белдеу?

2. Африканың климаттық белдеулері?

3. Тропиктік климаттық белдеу?

4. Экваторлық климаттық белдеу?

5. Субтропиктік климаттық белдеу?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Африканың өзен алаптарын түсіндіру.

Африканың

өзен алаптары

Ішкі тұйық алап

Материк ауданының 1/3-і ішкі тұйық алапқа жатады.



Атлант

мұхиты алабы

Үнді

мұхиты алабы


Жер бедерінің көтеріңкі болуына байланысты өзендердің көбі құяды.

Африканың шығыс бөлігіндегі өзендер жатады.


3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Африканың жер асты суларының кездесетін жерлерін түсіндіру.







4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың көлдерін түсіндіру.


Танганьика

Көлдерінің ең тереңі, ені 50-80 км, ұзындығы 650 км.

Тана

Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған.

Чад

Солтүстік Африкада ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған.


Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Африканың өзендері?

2. Африканың көлдері?

3. Африканың сарқырамалары?

4. Африканың жер асты сулары?

5. Африканың қазіргі заманғы мұз басуы?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Африканың ішкі сулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет