СабақҚа дейінгі гимнастиканың ТӘрбиелік мәні есіркепов Ж. М



Дата25.06.2017
өлшемі27,45 Kb.
#20063
САБАҚҚА ДЕЙІНГІ ГИМНАСТИКАНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Есіркепов Ж.М.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
В этой статье рассотрены особенности проведения утренней гимнстики в сельских малокомплектных школах
Мектепте сабақ таңертеңгілік гимнастика өткізуден басталады, ол сауықтыру ғана емес, тәрбиелік мақсатты да көздейді. Мектепте сабақ алдындағы гимнастика оқушыларды тәртіпке үйретеді, оқу күнін ұйымдасқан түрде бастауға көмектеседі, ал гимнастикадан кейінгі сергеу көңіл күй оқушылардың жұмыс қабілетін арттырып қана қоймай, сабақ сапасын да жақсартады.

Сабаққа дейін күнделікті дене жаттығуларын өткізу көмегімен оқушылар ағзасының функционалдық мүмкіндіктері жоғарылайды. Сабаққа дейінгі гимнастиканың маңызы өте зор: дене жаттығуларын орындау арқылы оқушылардың көңіл күйі жақсарады, алдағы болатын сабаққа деген ынтасын арттыруға көмектеседі.

Сабаққа дейінгі гимнастиканы мектеп алаңында өткізген дұрыс. Ауа райы қолайсыз болса ғана мектеп ішінде әр сынып өзіне бекітілген тұрақты, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін жерде шұғылданады. Жаттығулар кәдімге мектеп киімімен орындалады. Оқу жылы басында сабаққа дейінгі гимнастиканы мұғалім өзі жүргізеді. Одан әрі жаттығу жүргізуді 3-4 сынып оқушыларына тапсыруға болады. Алайда мұғалімнің сабақққа қатысуы қажет.

Сабаққа дейінгі гимнастиканың ұзақтығы 8-10 минут, апталық көлемі шамамен бір сағаттан астам уақытты құрайды. Ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс: ағзаға жан-жақты әсер ету, оқушыларды шаршатпау және қоздырмау, дене бітімін жақсарту. Оқушыларға жақсы таныс және оңай орындалатын 5-6 кешенді жаттығулардан тұруы тиіс. Негізінен, құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары өткізіледі. Бірінші – керілу, содан соң әр түрлі бұлшық ет топтарына жаттығулар орындалады. Жүктемесі көп жаттығулар (жүгіру, секіру, т.б.) кешенді жаттығулар ортасында жүргізіледі. Ойын жаттығулары мен күрделі емес эстафеталарды пайдалануға да болады.

Гимнастиканы оқушылар бірден сабаққа кірісетіндей баяу орындалатын жаттығулармен аяқтаған дұрыс. Жаттығулар құрамы әдетте айына бір рет өзгертіліп тұруы тиіс.

Дене жаттығуларын орындағанда мұғалімге аяқ-қол, кеуденің бастапқы қалпының дұрыстығын қадағалау қежет және оқушылардың тынысты ұзақ ұстап тұрмайын қадағалаған абзал, ол біркелкі болуы тиіс және дем шығару емес, дем алуға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.

Сабаққа дейін гимнастика өткізгенде әсіресе, 1-2 сынып (6-7 жас) оқушыларының мүмкіндіктерін есепке алған жөн. Бұл жастағы оқушыларда мұғалім нұсқауымен біріккен іс-қимылдар орындағуа әлі де жеткілікті тәжірибесі жоқ, сондықтан кеңстікті бағдарлау, қарапайым ойынның ережесін есте сақтау мүмкіндіктері төмен, қимыл-дағдылары қалыптаспаған болады. Әсіресе, оқу жылының басында күрделі жаттығуларға үйретуде «Мен сияқты орында» қағидасын пайдаланған дұрыс.

Мұғалімнің жаттығу көрсетуі нақты анық және қысқа болуы тиіс. Жатығулар орындау балаларды шаршатпауы керек.

Статикалық қалыпты ұзақ уақыт ұстағанда оқушыларда бұлшық еттің қалжырауы мүмін, сондықтан бір жаттығудан екіншісіне дер кезінде ауысып отыру керек.

Шағын кешенді ауыл мектептерінде жаттығулар өткізгенде мұғалімге жаттығулар орындауды қайталау санын іріктеу қажет. Егер оқушылардың дене күш дайындығы шамамен тең деңгейде болса, онда мұғалім бірыңғай мөлшер ұсынады, яғни барлық балалар үшін қайталау саны бірдей болады.

Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығу түрлері бағдарлама талаптарына сәйкес әзірленеді.

Барлық гимнастикалық жаттығулар түрлерін мұғалім оқушылардың дене дайындығына, олардың сандық күш құрамына қарай өзгертіп, толықтырып, тіпті әр түрлі ойын элементтерін енгізіп отырғаны дұрыс.


Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Неправский М.М. Комплексы утренный гимнастики // «Физическая культура в школе», 1986. - №3. – 45 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет