Тақырып: Бірмүше және оның стандарт түрі
|
Мектеп: Талдыбұлақ ЖОББ мектебі
|
Күні: 20.10.16ж
|
Мұғалімнің есімі: Исмагулова Жанаргүл Қонақбайқызы
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны: 14
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Бірмүше және бірмүшенің стандарт түрі анықтамаларын айту, жазу, түсіну, бірмүшелерді дәрежеге шығаруды білу, талқылау.
|
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ
|
Барлық оқушылар (А, В, С):
|
- бірмүше және бірмүшенің стандарт түрін анықтай алады;бірмүшенің коэффициентін және дәрежесін сипаттай алады;
|
Оқушылардың басым бөлігі (А, В):
|
- бірмүшелерді көбейткенде бірдей негізді дәрежелерді көбейту ережелерді қолдана алады;
|
Кейбір оқушылар (А):
|
- Бірмүшелер туралы таным-түсініктерді арттыруда қосымша ақпарат көздерін ұсынады, өзіндік ой-тұжырым жасайды
|
ТІЛДІК МАҚСАТ
|
Оқушылар:
- тақырыпты түсініп, талдайды, өз ой-пікірлерін толық айтады, сыни ойлайды, диологтық қарым-қатынасқа түседі, бірмүшенің стандарт түрін жаза алады .
|
Негізгі сөздер мен тіркестер
|
Бірмүше, стандарт түрі, коэффициент, дәреже.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
|
Талқылауға арналған тармақтар:бірмүшелерді көбейту ережелерін талқылау
|
Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?Бірмүшелер қалай көбейтіледі? Бірмүшелер дәрежеге қалай шығарады?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің дәрежесі, коэффициенті сөздерге анықтама беру
|
АЛДЫҢҒЫ ОҚУ
|
(Өткен білімді еске түсірту) Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
|
ЖОСПАР
|
ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Басталуы («Қызығушылықты ояту» сатысы)
2 мин
1 мин
5 мин
2 мин
|
Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
Психологиялық дайындық: «Жылы лебіз» тренинг жүргізу.
Мақсаты: ойын жинақтау, сабақты жақсы игеруіне ықпал ету
«Мозайка»: сурет қиындыларын арқылы топтарға бөліну (сандар, айнымалы, дәреже)
Мақсаты: ақпаратты визуалды қабылдау
«Формуланы аяқта»
Мақсаты:Үй тапсырмасын тексеру.
Слайд 2 «Бүтін көрсеткішті дәреже» формулаларды аяқтау
«Миға шабуыл»
Мақсаты: ой қозғау.
Балалар, сіздер санадар, айнымалы, дәреже топтарға бөліндініздер. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
–Дұрыс, сандар, айнымалылар және дәрежесі бар өрнектер бірмүшелер деп аталады. Бүгінгі тақырыбымыз «Бірмүше және оның стандарт түрі».
|
1.Сабаққа дайындалу, зейін қою.
2. Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне «Жылы лебіз» білдіреді
3.Суреттер арқылы топтарға бөлінеді, көшбасшыларын сайлайды, топтарын таныстырады. «Алтын ережені» есте сақтайды.
4. Зейін қою, формулаларды аяқтап жазады
Бағалайды «Басбармақ».
5.Оқушылар өз-ойларын ортаға салады
- сандар, айнымалы және дәрежесі бар өрнектерді қарастырамыз.
|
Суреттер, смайликтер, интербелсенді тақта.
Түрлі-түсті маркерлер, бағалау критерийлар.
|
Ортасы («Мағынаны тану» сатысы)
2 мин
4 мин
5 мин
1мин
15 мин
3 мин
|
-Дәптерге бүгінгі күнін, сабақтың тақырыбын жазып қойыныздар.
- Стандарт деген сөзді қалай түсінесіздер?
Слайд 3 «Стандарт дегеніміз не?»
1 тапсырма Оқулықта тақырып бойынша жаңа мағлуматтарды оқып, өздеріне түртіп қойыңдар.
2 тапсырма «Кір жаю» әдісі
1-топ Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды? Мысал келтіріндер
2-топ Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады? Мысал келтіріндер
3-топ Стандарт түрдегі бірмүшенің коэффициенті, дәрежесі деп нені айтады?
Бағалау критерий бойынша.
Оқушылар санау жүргізіп екі топқа бөлінеді:
«тақ сандар» және «жұп сандар»
3 тапсырма « Крестиктер, нөликтер» әдісі
Есептер шығару №156 (1,3,5),
№158 (1,3,5,7), №159 (1,3,5).
Бағалау критерий бойынша
Сергіту сәті. Пицца пісіру
нанды елеймыз;
нанды оқтаулаймыз;
қызанақ тураймыз;
қияр тураймыз;
шұжық тураймыз;
ірімшікті себелейміз.
|
- Оқушылар өз-ойларын ортаға салады
- слайдқа назар аударады
- пікірлерін айтады, талқылайды, ортақ шешімге келеді.
-оқулықтан жаңа мағлұматтарды оқиды.
-1 топ: бірмүшенің анықтамасын айтады, мысал келтіреді, жіпке іледі.
-2 топ: бірмүшенің стандарт түрінің анықтамасын айтады, мысал келтіреді, жіпке іледі.
-3 топ: бірмүшенің коэффициенті және дәрежесі туралы айтады, мысал келтіреді, жіпке іледі.
- бағалайды «смайликтер».
-оқушылар тақтаға орындайды.
-бағалайды «Бағдаршам»
Оқушылар бірінің артына бірі шеңбер құрып тұрады.
Бір – бірінің арқаларына массаж жасайды.
|
Интербелсенді тақта, слайд 3 «Стандарт дегеніміз не?»
Оқулық.
Кластер, кірбасқыш, маркерлер.
Смайликтер, бағалау критерийлар.
Тақта, бор
Жасыл, қызыл, сары бағдаршамдар, бағалау критерийлар.
Интербелсенді тақта.
|
Аяқталуы («Ой толғаныс» сатысы)
5 мин
|
Рефлексия. «Чемодан, себет, еттартқыш»
-бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар;
- осы тақырыпта не түсініксіз болды , қайта оралу керек деп ойлайтыңыздар себетке саламыз;
- сабақ несімен ұнамады деген пікірлерін еттертқышқа саламыз.
Тақырып бойынша әр топтан бір-бір оқушы ауызша қорытынды жасайды.
Үй тапсырмасы №156(жұп сандар),
№158(жұп сандар), №159( жұп сандар)
Бағалау.
|
«Чемодан, себет, еттартқыш» суреті,
түрлі- түсті стикерлер, смайликтер.
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? (Осы сабақ барысында А, В, С оқушыларыңызға жеке, жұпта, топта қандай көмек көрсетесіз...)
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Формативті бағалау: смайликтер арқылы бағалау
Суммативті бағалау: мүғалімнің бағасы
|
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: сыныпта қауіпсіздік жағдайы жасалған.
АКТ-мен байланыс: интерактивті тақта, проектор.
Құндылықтардағы байланыс: топтық жұмыс барысында бірін-бірі тыңдап, өз ой, пікірлерін толық жеткізе алады.
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Сабақ мақсаттары шынайы, қойған мақсатыма жеттім. Сыныптағы ахуал жоғары деңгейде болды. Жоспарланған шаралар тиімді болды деп ойлаймын, себебі, қолданған әдіс-тәсілдер оқушыларға өте қызықты болды. Мысалы, « Кір жаю» әдісі, себебі оқулықтан алған ақпараты постерге түсіріп, талқылап, пікірлесіп, жұмыстарын жіпке ілді. Уақытымды тиімді пайдалана алдым.
|