Тақырыбы:6 саны және цифры
|
Мекеме: “ Абылай хан орта мектебі”
Пәні: Математика
|
Күні:16.09.2020
|
Пән мұғалімі: Нұрланбек Мөлдір
|
Сынып:1-
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:
|
1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу,жазу және салыстыру. Санын құрастыруды үйренеді. 6 cаны нені білдіретінін түсінеді.6 санын шығаруды,жазуды біледі.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Барлық оқушылар: бір таңбалы сандарды санайды;
Көптеген оқушылар: сандарды бір-бірімен салыстырады;
Кейбір оқушылар: 6 санын қалай алуға болатынын біледі.
|
Ойлау дағдылары
|
Оқушылар осы тақырып бойынша біледі,түсінеді,талдайды,бағалайды,кері байланыс жасайды.
|
Тілдік мақсат
|
Алты-шесть-six
Бір,екі,үш,төрт,бес, санының құрамы
|
Құндылықтарды дарыту
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Оқулық,жұмыс дәптері,көрнекіліктер
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған кезең
|
Оқытушы іс әрекеті
|
Ресурстар
|
Cабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
Сабақтың соңы
|
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Көңіл күйлерің жақсы ма?
1.Психологиялық ахуал
Күлкі бейнесі,бір- бірімізге күлімдей қараймыз.
Алақан бейнеленсе қолымызды алысып амандасамыз.
Жүрек бейнеленсе,бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз.
-Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз “6 саны және цифры” деп аталады.
(Жаңа сабақты түсіндіріп өту)
-6 cаны сандық сәуледе бес санынан кейін тұрады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
-Олай болса тақтаға назар аударайық.
Жұппен жұмыс.1-тапсырма.
”Шалқан “мультфильмінен үзінді көріп не байқағандарын айтады.Ертегінің барлық кейіпкерлерін санап, 6-шы кейіпкерді табады.
Суретпен жұмыс.2-тапсырма.
Әрбір суретке сәйкес келетін мысалды тап.Гүл санына қарай өрнекті анықтайды,мәнін табады.
3+1=4 4+2=6 5-3=2
2+4=6 3+3=6 4+2=6
2+3=5 3+2=5 6-2=4
Шығарып көр.3-тапсырма.
Оқушыларға түймелер топтамасын таратып беремін.Жұппен ойын ұйымдастыру.Балаларға партаның үстіне түйме саны мен түсі суреттегі көбелек саны мен түсіне сәйкес келетіндей етіп, 6 санын әртүрлі тәсілмен қойып көрсету.Мысалы,суретте 3 қызыл және 3 жасыл көбелектің суреті салынған.Балалар 3 қызыл және 3 жасыл түймені алып қойып,жалпы санын санау керек.6 саны,3 және 3-тен алынады.Оқушыларға басқа екі нұсқасын қарастыру қажет.Мысалы,3 қызыл,1 жасыл және 2 көк.Жалпы сыныппен тексеруден кейін сурет бойынша қосуға өз беттерінше мысалдар құрастырады.
Жауабы:
3 және 3;
4 және 2;
5 және 1.
Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.
Гүлшоғы.4-тапсырма
Гүлшоғы қандай гүлдерден жасалған?
Қай гүлдердің саны санымен байланысты?
Тірек сөзбен жұмыс.Сөздерді үш тілде айту.
Алты- шесть-six
Ертегі кейіпкерлерін санау(6)
Гүлшоғындағы түймедақ гүлін санау(6)
Сандарды салыстыр.5-тапсырма.
>,=,< Белгілерін қой.
1<6 3<6 5<6
2<6 4<6 6=6
-Балалар,орнымыздан тұрып,бір серігіп алайық.
Бір,екі-еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты соз,жасқанба.
-Жарайсыңдар,балалар.Енді,келесі тапсырмамызға көшейік.
-Жауабы алты болуы үшін,балықшы қай балықтарды жұбымен аулайды?
|
Ноутбук
“Бас бармақ” әдісі
Түймелер,көбелек
Балықтардың суреті
Кері байланыс
Шабадан,
Еттартқыш,
Қоқыс жәшігі
| 6>6>6>6>6>
Достарыңызбен бөлісу: |