Кейбір оқушылар: Несеп құрамының әртүрлі болуының ішкі және сыртқы факторларын дәлелдеу.
Ойлау деңгейі
қолдану, талдау
Бағалау критерийлері ( жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
1 .Реабсорбцияның нәтижесінде түзілген несептің құрамының әртүрлі болу себебін талдайды
2 . Фильтрация мен кері фильтрация процесінің нәтижесінде түзілген несеп құрамының әртүрлі болуының ішкі және сыртқы факторларын зерттейді.
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар: Жазылым бойынша:Сөйлемдерді мағынасына сәйкес сөздермен толықтырыңдар: ----------- капсула ішінде шумақ болады-------- . Зәр шығару өнімдері капсулаға --------- көмегімен жеткізіледі.
Оқылым/тыңдалым: мәтіндермен жұмыс, оқу, түсіндіру, баяндау;
Айтылым: топтық жұмыстағы диалог. Терминология: ультрафильтрация, абсорбция, реабсорбция, бірінші реттік зәр, екінші реттік зәр, фильтрат, бүйрек денешігі капсуласы, иректелген өзекшелер.
Сөзтіркестері: диалогқа түсіретін сөз тіркестері: Ультрафильтрация қайда жүреді және процестің өнімі не?
Қанға өзекшелерден қандай заттар қайта сіңеді? Себебі неліктен?
Иректелген өзекшелер реабсорбцияға қалай бейімделген?
Құндылықтарды дарыту
Өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға, оқуға және ғылымды үйренуге баулу.
Пәнаралық байланыстар
8.3.4.11.Химия. «Тұздар» тақырыбында алған білімдеріне негізделген.
Алдыңғы оқу/бастапқы білім
Нефронның құрылысы және оның атқаратын қызметі туралы сипаттайды