Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
9.3В Молекулалық биология
|
Мектеп: Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейі
|
Күні: 14.01.2020ж – 9а
15.01.2020ж – 9в, г
|
Мұғалімнің аты-жөні: Несіпбаева Динара
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
ДНҚ молекуласы құрылысының принциптері: нуклеотидтердің комплементарлығы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.4.1.2 -Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қос оралымды құрылымын сипаттау;
|
Сабақ мақсаттары
|
1. ДНҚ-ның қос шиыршықты құрылымын сипаттау;
|
Бағалау критерийлері
|
- ДНҚ-ның қос шиыршықты құрылымын сипаттайды;
|
Дағдылар
|
Білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
АКТ саласындағы дағдылар.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ДНҚ, дезоксирибоза, азотты негіз, пуриндік негіздер, аденин және гуанин, приминдік негіздер, тимин және цитозин, нуклеозидтер, нуклеотидтер, Чаргафф ережесі, сутекті байланыстар, комплементарлық.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. ДНҚ-да не сақталады?
2. Ген дегеніміз не?
3. ДНҚ молекуласы деген ұғым не білдіреді?
4. ДНҚ құрылымын кім ашты?
|
Құндылықтарға баулу
|
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- пәндік білімін өмірде қолдана білуі.
|
Пәнаралық байланыс
|
Химия: азотты негіздер, фосфор қышқылы.
|
Алдыңғы білім
|
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтердің биологиялық қызметтерін сипаттау;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
«Құнды қасиетті беру» жаттығуы. Балалар шеңбер құра тұрады және шеңбер бойынша сақинаны беріп, бір-біріне жақсы қасиеттерді сыйлайды.
Стикерлерді таңдату арқылы 3 топқа біріктіру.
Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы жүреді. Слайдта сұрақтар беріледі, оқушылар жауап береді.
1. Ген деген не?
2. Көмірсулар мен липидтердің биологиялық қызметтері қандай?
3. Нәруыздың қанша құрылымы бар?
|
Слайд
|
Сабақтың ортасы
|
Қоржындағы сұрақтарға жауап берген соң оқушылармен бірге оқу мақсатын айқындап аламыз.
Т. Мұғалім ДНҚ құрылымы мен құрылысын түсіндіреді.
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. 141-143 бб аралығы.
Төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма. «Суреттер сыр шертеді». Оқушыларға суреттер таратылады. Суретке қарап отырып, талдау жүргізеді, топта талқыланады.
1 топ. Азотты негіздер және бес көміртекті қант.
2-топ. Дж.Уотсон және Ф.Крик бойынша ДНҚ моделі.
3-топ. ДНҚ (тарқатылған тізбектің сызбанұсқалық кескіні).
ҚБ. Ашық журнал.
Тапсырманы аяқтаған соң әр топтан 1 оқушы шығып, топтың жұмысын баяндайды.
2-тапсырма. «Жіңішке және жуан сұрақтар» әдісі.
|