Сабақтан тыс іс-шара «Алтын қақпа»



Дата21.07.2017
өлшемі83,92 Kb.
#21638
түріСабақ
«Информатика әлеміне саяхат»

сабақтан тыс іс-шара

«Алтын қақпа»
Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.

Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, ақпарат

Жоспары

    • Таныстыру

    • Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»

    • Темір қақпа «Қисынды ойлай білейік»

    • Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»

    • Алтын қақпа «Ғажайып жетілік»

  1. Марапаттау

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған топтарға сәт сапар тілейміз.

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21- ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды дей келе бүгінгі сайысымызды

бастауға рұқсат етіңіздер. 5-6 сынып оқушыларынан құралған оқушылар екі топқа бөлініп отыр.



Әділ халқым берерсің әділ баға

Білімі мен білігін салыстырып- дей  келе ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.ОІМ Есмагамбетова А.К.

2. математика пәнінен мұғалімі Сабдина К.Е.



3.педагог-психолог Вахитова З.М.

4. тарих пәні мұғалімі Хаңжаң М.

1 КЕЗЕҢ: Таныстыру Бірінші топ « Ақпарат », екінші топ «Файл». Деп аталған олай болса, ойынымызды бастайық .
2 КЕЗЕҢ:


Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Әділетпен  кеңес құра біліңдер –дей отырып сайысымыздың

Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден» кезеңін бастаймыз. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұраққа дұрыстығына байланысты «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.

І топ «АҚПАРАТ»

  1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау,мәлімет дегенді бәлдіреді.  (ия)

  2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

  3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

  4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ- та пайда болды.(ия)

  5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

  6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

  7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

  8. 1 байт 8 битке тең. (ия)

  9. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

  10. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

ІІ топ «ФАЙЛ»

  1. «Информатика» пәні ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.  (ия)

  2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең.  (ия)

  3. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

  4. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)

  5. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)

  6. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

  7. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді.   (ия)

  8. Процессор- ол компьютердің миы. (ия)

  9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең.   (жоқ)

  10. ЭЕМ-нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)

(Әділқазылар алқасы әр команданың қанша балл жинағанын айтып өтеді)

Жас достарым, мұны айтайын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Сәйкес ұпай, шәкірт, саған несібе – деп, турымызды бастайық.


3 КЕЗЕҢ: Сонымен Темір қақпа  «Қисынды ойлай білейік». Бұл қақпада берілген сөздерді дұрыс құрастыру арқылы ішінен артық сөзді табу қажет. Жауап толық болса 20 балл, толық болмаған жағдайда 10 балл қойылады.
(Тапсырма әр командаға карточка түрінде беріледі)


І топ «___________________» Жауаптары:
NFMOITNRANO                                                               INFORMATION
GORMARP                                                                          PROGRAM
TUOECRMP                                                                        COMPUTER


ETKITC                                                                       TICKET

РЕТЬЮПОМК КОМПЬЮТЕР

ЛАЙФ ФАЙЛ

АТЕКСИД ДИСКЕТА



ІІ топ «___________________»

SICIA                                                                                    ASCII
HTISF                                                                                  SHIFT
ETBLA                                                                                TABLE
NSOWDIW                                                                          WINDOWS

УНШАИКНИ НАУШИНИК

ЧЕСВЕНТИР ВИНЧЕСТЕР

МЬПЯТА ПАМЯТЬ




      1. КЕЗЕҢ: Күміс қақпа «Құпия алаң»

9 түрлі –түсті шаршы берілген әр шаршының астында сұрақтар жасырылған. Әр топ басшылары кезектесіп бір-бір шаршыдан таңдайды. Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпай әкеледі. Жауап бермесе басқа топ жауап беруге болады.

1.“Информатика” дегеніміз не? (Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту, және пайдалану тәсідері туралы ғылым.)

2.Вирус деген не? (басқа программаларды «бүлдіретін» және көбейе алатын программа.)

3. 1 байт нешеге тең (8 бите тең)

4. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.)

5. Винчестер деген не? (қатты диск)

6. Шерту деген не? (Тышқанның батырмасын шету және жіберу.)

7. Сыйлық 10 ұпай

8. Процессор дегеніміз не? (Жүйелік блоктың миы)

9. Компьютердің құрылғыларын ата? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан.
5 КЕЗЕҢ: Алтын қақпа «Ғажайып жетілік» Ғажайып жетілікте 7 сан берілген әр санның астында сұрақтар жасырылған. Әр топ кезектесіп таңдап жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап берсе 5 ұпай иеленеді.

1.Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері (Сан, мәтін, графика, дыбыс, видео)

2. Ол 1833 жылы программамен басқарылатын «Аналитикалық машинаны» құрастырып шығарған болатын. («Чарлз Бэббидж»)

3. 1694 жылы Вильгельм Готфрид Лейбниц Блез Паскальдің идеясын дамытып механикалық есептеу машинасын құрастырып шығарды? Бұл ЭЕМ қалай аталды? «Арифмомтер»

4. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (Монитор)

5. Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады. (Сканер)

6. Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреуі.

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті. (Пернетақта)

7. 16-17 ғасырда Ресейде не пайда болды? («Есепшот»)

Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық.

(Әділқазы сөйлейді, жеңіске жеткен команда анықталады. Жеңілген командаға алғыс хат  беріледі.Жеңген команда дипломмен марапатталады). Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.
Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет