Сабақтан тыс уақытта балалармен жаппай спорттық және сауықтыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру



Дата31.12.2019
өлшемі48,5 Kb.
#54042
түріСабақ
«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясынан облыстық байқауын өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

  1. «Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясынан облыстық жарысын (бұдан әрі – Жарыс) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

  2. Жарыстың мақсаты: білім алушыларға техникалық спорт түрлерін насихаттау, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

  3. Жарыстың міндеттері:

  • сабақтан тыс уақытта балалармен жаппай спорттық және сауықтыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру;

  • өскелен ұрпақтың денсаулығын шыңдау, балалар мен жасөспірімдерді техникалық-шығармашылықпен жүйелі айналысуға тарту;

  • балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын және құрастырушылық ой-өрісін дамыту.

  1. Жарысты облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы облыстық білім басқармасының тапсырмасы бойынша өткізеді.

  2. Жарыс ережесін, ұйымдастыру комитетінің құрамын, қазылар алқасының құрамын, шығындар сметасын облыстық білім басқармасы бекітеді.

  1. Жарысты өткізу уақыты, орыны және қатысушылары

  1. Жарыс 2019 жылғы 19-20 қыркүйекте облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен (Орал қаласы, Қадыр Мырза Әли 18, «Оқушылар сарайы») өтеді. 19 қыркүйек күні сағат 15:00 де Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында (Орал қаласы, Қадыр Мырза Әли 18, «Оқушылар сарайы») қатысушыларды тіркеу және оқу-жаттығу жиыны өтеді. 20 қыркүйекте жарыс және марапаттау, қатысушылардың қайтуы.

  2. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан Жарысқа қатысу туралы өтінім ( қосымша) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің (облыстық мектептердің) атынан 2019 жылдың 13 қыркүйегіне дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Орал қаласы, Қадыр Мырза Әли ш/а 18, «Оқушылар сарайы», 111 каб. эл. пошта obtsho-bko@gmail.com . Тел. 8-(7112)-30-60-58.

  3. Жарысқа жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады. Қатысушылардың жас мөлшері 12-18 жас.

  4. Топ құрамында әр диапазон бойынша 1 қатысушыдан, жалпы команда да 3 адам және 1 жаттықтырушы болуы тиіс.

  5. Команда жаттықтырушысына Жарысты өткізу жеріне дейін жету кезіндегі, Жарысты өткізу кезіндегі және тұрғылықты жеріне қайту уақытындағы қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктеледі. Жарысты өткізу орынына дейін жету кезінде, Жарысты өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезіндегі топтың әр қатысушысы заттарының сақталуына өзі жауапты.



  1. Жарысты өткізу шарты және тәртібі

Жарыс 3 жиілік диапазонында өткізіледі:

3,5 МГЦ диапазонда – 1 қатысушы (16-18 жас аралағында)

27 МГЦ диапазонда - 1 қатысушы (14-16 жас аралағында)

144 МГЦ диапазонда - 1 қатысушы (12-14 жас аралағында)


  • Қатысушыларды радиопеленгатормен таныстыру.

  • Жол жүру картасында көрсетілген белгі мен сол аймақ жасырылады. Спорттық бағдарлау бұл сіздің орналасқан жеріңізді дәл анықтауға мүмкіндік беретін картаның көмегімен бейтаныс жерлерде жылдам шарлау мүмкіндігі.

  • Қатысушы радиоқабылдағышты тапқан кезде сәреге дейін жылдам келіп тапсыру керек.

  • Қатысушыға тек бір мүмкіндік беріледі.

  • Бір диапазонға бір уақытта 5 тен артық емес қатысушы қатысады.

  • 3,5 МГЦ диапазон алаңы мәреден ара қашықтығы 210 метр. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

  • 144 МГЦ диапазон алаңы мәреден ара қашықтығы 140 метр. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

  • 27 МГЦ диапазон алаңы мәреден ара қашықтығы 120 метр. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

  • Егер жарыс кезінде радиопеленгаторлар істен шыққан жағдайда төрешілерге ескерту керек.




  1. Төрешілік

    1. Ұйымдастыру комитеті жарыс ережесіне кез-келген өзгерістер енгізе алады, егер енгізілген өзгерістер қандайда бір қатысушы командаға басымдық бермейтін болса.

    2. Қадағалау және жарыс қорытындысын шығару ережеге сай төрешілердің қатысуымен болады.

    3. Жарыс бойынша төрешіге барлық басымдылық беріледі. Барлық қатысушылар төрешіге бағынуы тиіс.

    4. Жарыс уақытында қарама-қайшылықтар болған жағдайда төрешінің шешімімен сол кезеңді қосымша тағы да өткізе алады.

    5. Ережені түсіндіру үшін төреші жарысты тоқтата алады.

    6. Егер төрешіге қатысты қандай бір арыз болса, онда жарыстың сол кезеңі аяқталған соң 10 минут ішінде ұйымдастыру комитетіне команда жаттықтырушысы жазбаша түрде арыз бере алады.

    7. Команда бірінші ескертуді алған жағдайда жарысты жалғастыра алады. Екінші ескертуде жарыс тоқталып сол кезеңде жеңілген болып табылады. Үшінші ескертуде команда жарыстан шығарылады.

Ескерту берілетін ережелер:

  • Егер жарыс кезеңінде қатысушы радиопеленгатордың құлақ қабына зақым келтірсе немесе жоғалтып алса ;

  • Егер қатысушы командалардың бірі қарсыластың радиопеленгаторына әдейі зақым келтірсе.



  1. Жарыс қорытындысы

    1. Жарыс аяқталған уақытта әр диапазон бойынша түлкіні (қабылдағышты) ең аз уақытта мәреге әкелген қатысушы жеңімпаз болып табылады.

    2. Бір диапазон бойынша нәтижелері тең қатысушылар болса, олар қайтадан өзара жарысады.


қосымша

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясынан облыстық жарысықа қатысуға өтінім

Ауданы/қала _____________________________________________________

Білім беру ұйымы _________________________________________________

________________________________________________________________

Жаттықтырушының Т.А.Ә. _________________________________________

Жаттықтырушының байланыс телефоны _____________________________

Қатысушылар саны_________________________________________________

№ 035-2/е нысанды медициналық анықтама





Қатысушының аты-жөні

Мектебі/ ҚБ орталығы

Сыныбы

Диапазон

Жаттықтырушы





















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет