Сабақтардың мазмұны бөлім. Кіріспе тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі



бет1/48
Дата08.06.2022
өлшемі8,03 Mb.
#146216
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Ш к м жауаптары
ШКМ пәнінен мемл.эмтихан сұрақтары Б-18 (копия), Кіріспе бақылау жұмысын талдау

"ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ"

САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



  1. бөлім. Кіріспе

    1. тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі



Мақсаты: шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы мағлұмат беру. «Шағын жинақталған мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен мазмұны туралы меңгерту.

1.Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік 2.Қазақстандағы алғашқы мектептер 3.Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі




1. Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет