Сабақтарды өткізу әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата29.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#106353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1413346241336 (1)
биоремедиация, Тапсырма 1
Практикалық (сарамандық) жұмыстар:

  

1.

 



сарамандық жұмыс,

 

генетикалық есептер шығару.

 

 

11-


сыныптағы  базалық  білім  мазмұнындағы  зертханалық  және 

практикалық жұмыстар (жаратылыстану

-

математикалық бағыт)



.  

Зертханалық жұмыстар:

  

1.

 



Мәдени  өсімдіктердің  іріктемелерін  пайдаланып  қолдан  сұрыптаудың 

нәтижесін,түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу;

  

2.

 



Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.

  

Ескерту:

 

Зертханалық  жұмыстарды  орындауға  қажетті



 

құрал


-

жабдықтар 

болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен 

алмастыруға  болады.

 

Зертханалық,  практикалық  сабақтар  мұғалімнің  жаңа 



тақырыпты түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бөлінбеген болса, 

тарауды қорытындылау кезінде өткізуге болады.

  

Биология  пәнінің  басты  міндеттерінің  бірі 



– 

оқушыларға  материалистік 

көзқарас,  дұрыс  мәнді  ғылыми  дүниетаным  қалыптастыру.  Себебі  пәннің 

мазмұны  тіршіліктің  пайда  болуы,  дамуы  және  мәні  заңдары  негізінде  берік 

моральды, өмірдің  мәні  мен  мақсатын  дұрыс  түсінетін,  әртүрлі  зиянды 

қылықтар мен әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен 

зертханалық  және практикалық  сабақтарды ұйымдастыру  арқылы  ғана,  дұрыс 

ұйымдастырылған  нақты  мақсатты  сабақтар  өткізу,  сабақ  әдістерін  жетілдіру 

нәтижесінде терең де дәйекті түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, 

экологиялық  мәдениеті  мен  сауаттылығын  арттырып,  өз  өмірлеріне 

сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады. 

 

Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар 



– 

оқушылардың 

танымдық  қабілеттерінің  дамуына  мүмкіндік  туғызады,  оқушылардың  ойын 

дамытады,өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқушыны өз 

бетімен  жұмыстандыру  идеясы  сонау  ерте  заманнан

-

ақ  Аристотель,  Сократ, 



Платон  сияқты  философтардың  еңбект ерімен  талданған.  Ары  қарай  дамуына 

Я.А.


 

Коменский,  В.Г.

 

Белинский,  Л.Н.



 

Толстой,  К.Д.

 

Ушинскийдің 



еңбектерінде жалғасын тапты. Өз бетімен жұмыс түрлерінің бірі 

– 

зертханалық, 



практикалық жұмыстар.

  

Зертханалық  сабақ  пен  практикалық  сабақтар 



– 

оқушылардың  оқу  іс

-

әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық және практикалық 



жұмыстар  оқу  бағдарламасына  енгізіліп,  курс  бөлімін  немесе  тақырыпты 

оқығаннан кейін жүргізіледі. 

 

Практикалық  (сарамандық)  жұмыстардың  негізгі  мақсаты 



– 

оқушыларға 

теориялық  білімді  терең  меңгеріп,  эксперимент  жасау  дағдыларын  дамыту. 

Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау 

– 

анализ


синтез, салыстыру, 

жалпылау,  оқытудағы  теория  мен  практиканың  байланысы,  оқушылардың 

дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің 




11 

маңызды  құралы.  Бұл  сабақтар  білімді  бекітуге  және  нақтылауға  себепші 

болады.  Мазмұны  мен  тәсілдері  оқу  пәнінің  ерекшелігіне  байланысты 

өткізіледі. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс

-

әрекеттерінде қолданылады. 



 

Практикалық жұмысқа оқушылар алдымен теориялық білім алғаннан кейін 

ғана кірісе  алады. Бұл  оқушының  алдымен  теориялық білімді  терең  меңгеріп, 

жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

  

Жұмыстың  жоғары  дәрежеде,  дұрыс  орындалуы  үшін  топта  10  адамнан 



болуы  керек,  олар  жеке

-

жеке  немесе  ж



ұппен  орындайды.  Жұмыстың 

тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал

-

жабдықтары практикалық 



және  зертханалық  дәптерлеріне  көшіріліп,  қорытындыланады.  Практикалық 

жұмыс  мектеп  шеберханаларында,  оқу  тәжірибе  учаскілерінде  өткізіледі.  Ал, 

зертханалық сабақтар биологиялық кабинеттер мен зертханаларда жүргізіледі.

  

Оқу



-

тәжірибе  учаскісінде  оқушылар  өсімдіктерге  фенологиялық  бақылау 

жүргізіледі,  одан  алынған  мәліметтерді  күнделікке  жазып  отырады.  Тәжірибе 

жұмысы  аяқталғаннан  кейін  күделікті  биология  кабинетіне  тапсырады. 

Күнделік  мәліметтері  ботаника  сабақтарында  пайдаланады.  Оқушылар 

практикалық  жұмыстарды  толық  қамтылған  ресурстық  орталықтың 

базасындағы  арнайы  зертханалық  сыныптарда  немесе  компьютер  арқылы 

виртуалды  зертханаларда  т

үрлі  тапсырмаларды  орындайды.  Мәселен, 

өсімдіктердің көбеюі, тозаңдануы

 

және т.б. 



 

Биологиялық білім берудің мақсатын, тіршілік турасындағы осы білімнің 

құрылымын және жекелеген пәндерге жіктелуін (ботаника, зоология және т.б.), 

ғылыми  білімге  тұтастық  пен  жүйеліліктің  не  беретінін  біліп  алмай  оны 

(биологиялық білімді) жетілдіру жолдарын іздестіру мүмкін емес. Ғылым мен 

мәдениеттің  өзара  әрекеттестігі  белгісіз  болса,  онда  биологиялық  білімнің

 

(білім  беруді



ң)  «бетін»  қазіргі  мәдениетке  қарай  бұру  мүмкін  емес. 

Оқушыларда  ғылыми  көзқарас  қалыптастыру  үшін  теорияның,  әдіснаманың, 

әлем  бейнесінің  байланыс  жолдарын,  олардың  өзара  әрекеттесуі  формалары 

мен тәсілдерін білу маңызды. 

 

Оқыту  практикасында  оқытудың  әртүрлі  әдістері  қалыптасты.  Негізгі 



белгілеріне қарай, оларды:

  

1)



 

Оқушының білімді алатын көзі;

  

2)

 



Мұғалім әрекетінің сипаты;

  

3)



 

Оқу процесіндегі оқушы әрекетінің сипаты.

  

Осы 3 белгі оқыту мен оқудың біртұтас процесс екенін көрсетіп, мұғалім 



мен  оқушының  өзара  байланысын  қамтамасыз  етеді.  Ал  білім  көзі  екеуінің 

өзара әрекетіне байланысты.

  

Әдістердің негізгі  белгілеріне  сүйене отырып



 

әдістер  тобын  талдап  алуға 

болады. Осы әдістер тобынан оқытушылар оқушыларға білім көзін жеткізетін 

әдістерді  таңдайды.  Зертханалық  және  практикалық  сабақтарда  әдістердің 

түрлері:

  

-



 

Білімді берудің негізгі көзі 

– 

көрсету.  Оқытушының зат пен құбылысты 



демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында 

– 

бағыттап түсіндіру.



  

-

 



Білімнің  негізгі  көзі 

– 

байқауда.  Бұл  жерде  оқушының  әрекеті 



демонстрациялайтын  объектіні  не  процесті  к

өріп  қабылдауға  бағыттайды. 




12 

Оқушы  өзінің  жауабында  нені  байқағанын  айтады.  Кейде  өсімдік

 

пен 


жануарларды  демонстрациялап,  не  таблица  ар

қылы  әңгімелеп  айтады.  Бұл 

жерде сөз түріндегі тыңдағаннан көрі өте қысқа болады.

  

-



 

Ең  соңында  білімді  жеткізудің  практикалық 

– 

әдісті  пайдалану  арқылы 



беріледі. Оқушылар нұсқау арқылы өзбетінше тұқымның, жемістің құрылысын 

қарайды  немесе  қоршаған  ортаны  ластаушы  механикалық  бөлшектерді 

микроскоппен қарап,  фракцияларға  бөліп:  тозаң  ба?

 

өсімдік  қалдығы  ма?  я 



тұздар ма? түрі анықталып, мөлшері белгіленеді.

  

Әртүрлі  жағдайда  жұмыс  жүргізе  отырып  жаңа  білім,  білік  алады.  Олар 



кейін автоматты түрдегі әдетке айналады.

  

Оқушылардың практикалық әдіс кезіндегі әрекеті зерттейтін (пинцет, лупа, 



микроскоп, жабын әйнек және т.б.) және өндірістік еңбекті пайдаланылады.

  

Оқытушының  сөзі  бұл  жерде:  жұмыстың  мақсатын  түсінуге,  қандай 



теориялық білімді пайдалануға болатындығына нұсқаулар беруге қажетті.

  

Кейбір жағдайды практикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін мұғалімнің 



айтуы,  нұсқауы  мен  әдебиеттерді  (анықтамаларды  т.б.әдебиеттерді)  негізгі 

білім көзіне пайдалануға болады.

  

Сонымен білім көзінің қай түрінің сипаты негізгі болуына қарай, оқытушы 



мен  оқушының  әрекетіне  қарай  негізгі  оқыту  әдістері  2  топқа  немесе  туысқа 

бөлінеді:

  

1.

 



Көрнекілік әдіс

.  


2.

 

Практикалық әдіс.



  

Көрнекілік  әдісте  білім  көзі:  көрнекті  объект,

 

оқытушы  көрсету



 

арқылы 


білім  береді.  О

қушының  меңгеруі  байқау  арқылы

 

жүзеге  асырылады



Ал, 


практикалық  әдісте  білім  көзі  практикалық  жұмыс,  оқытушы  нұсқау  арқылы 

білім береді. Оқушының меңгеруі жұмыс жасау арқылы

 

жүзеге асырылады.



  

Бұл  топтағы  бір­бірімен  туысқан  әдістердің  де  түрлері  бар.  Натуралды 

объектілер,  тәжірибелерді  демонстрациялау  сондай­ақ  бейнелеу  көрнекілік 

құралдарды  (кино,  таблица,  схема).  Көрнекілік  әдістің  ең  жақын  түрлерін 

құрайды.

  

Практикалық  жұмыста  оқушылар  объектілерді  тану,  анықтау,  дербес 



жүргізілетін

 

тәжірибелерді байқау, эксперимент қою сияқты мұғалімнің қойған 



тапсырмаларын орындау практикалық әдістің әртүрлі жақын түрлері.

  

Барлық  әдістерде  де  оқушылардың  сабаққа  белсенділігін  арттыруды 



көздейді.  Мәселен,  көрнекілік  әдісте  өткен  тәжірибені  демонстрациялау,  ал 

практикалықта  олар  жүргізетін  тәжірибелердің  варианттары  ұсынылады, 

жұмыстың  нәтижелері  қарастырылады.  Барлық  әдістерде  кітаппен  жұмыс 

жасалады.

  

Мұғалімнің биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды 



өткізудегі  әдістері  өзгермейтін,  статистикалық  емес.  Оқу  материалының 

мазмұнына оқушының жас ерекшелігіне сәйкес бір әдістің өзіне оның түрлері 

әртүрлі дәрежеде күрделенеді.

  

В.Ф.



 

Шаталовтың ұсынған әдістемелік үрдісінде «тірек

-

сызба белгілерін» 



биология  сабақтарында  қолдану  мектеп  мұғ алімдерінің  көпшілігінен  үлкен 

қолдау  тауып  отыр.  Бұл  оқытудың  көрнекілік  принципін  қолдану  болып 




13 

есептеледі. Тірек

-

сызба белгілерде сабақтың мазмұны түйінді, жинақы беріледі. 



Тірек 

сызбаның



 

оқушыға тиімділігі

 

мынада:


  

1.

 



Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.

  

2.



 

Оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді.

  

3.

 



Тандап  алған  танымдық 

– 

білімдік  түсініктерді  бір 



бірімен 


байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;

  

4.



 

Оқулықпен және басқа материалдармен жұмыс жасауға дағдыланады;

  

5.

 



Өзіндік

 

деңгейін біледі және өзін 



өзі бағалауды үйренеді

.  

Тірек 


сызба  белгілерді  жаңа  сабақты  түсіндіруге,  қорытуға,  қайталауға 

пайдалануға болады.

  

Сонымен тірек 



сызба белгілерін өсімдіктер дүниесінен бастап, жануарлар 

дүниеснің құрылысын қалыптастыру мақсатында жалғастыру жөн.

  

Жануарлар  дүниесінің  өзіне  тән  ерекшеліктерін  қалыптастыруға  тірек 



сызба белгілердің мәні зор.

  

Көрнекілік  әдісте  де  оқушылар  білім  алуында  көрнекілікті  құралдарды 



пайдалану біртіндеп күрделенеді. Мұғалім әдістерді пайдаланғанда, оқушының 

ойын дамыту және қандай қорытындыға келетінін алдын­ала білуге тиіс, бирақ 

қандай нәтиже шығатынын сездірмеу керек.

  

Зертханалық  және  практикалық  сабақтардағы  оқыту  мен  тәрбиелеудің 



мақсаты 

– 

оқушылардың  білімін  өзінше  өмірге  пайдалана  білуге  жеткізу. 



Мектепті  бітіргенде  о

қушы  өз  бетінше  ойлауға,  өз  бетінше  практикалық 

жұмысқа  дайын  болуы  керек.  Кез­келген  жаратылыстану  курсында  бір 

сабақтың  өзінде,  сабақтың  мазмұнының  бөліктеріне  қарай  бірнеше  әдістерді 

пайдалануға болады. 

 

Биология  пәнінен  зерт ханалық  және  практикалық  сабақты  өткізуде 



пайдаланылатын көрнекіліктің мынандай түрлері бар:

  

1.



 

Табиғи  (натуралды)  көрнекілік  (табиғат  объектісі  тірі  және  препарат 

түріндегі тұлыптар, кеппе шөптер, ылғалды препараттар) келеді.

  

2.



 

Бейнелеу түріндегі (таблица, схема, муляж, сурет). Техникалық бейнелеу 

(кино,  компьютер,  слайд,  видео құралдары).  Сондықтан  да  көрнекілік  әдістің 

түріне мынадай демонстрациялаулар жатады:

  

-

 



тәжірибелер;

  

-



 

натуралды объектілер;

  

-

 



бейнелеу құралдары.

  

Практикалық және зертханалық сабақтардың құндылығы сол оқу тәрбиелік 



маңызы  ерекше,  себебі  жұмысты  орындау  барысындағы  мақсатқа  жету, 

міндетті  шешу үшін  оқушы  өзінің  алған  теориялық  білімін  іске  асырады, 

біліктілік  механикалық  түрде  дамымай  алған  білімге  сүйенеді.  Сондықтанда 

бұл жағдайдағы практикалық, зертханалық жұмыс білімнің көзі болады.

  

Зертханалық, практикалық жұмыс алдында қойылған сұраққа, проблемаға, 



мақсатқа  оқушылар  жұмыстың  нәтижесімен  жауап  беру  керек.  Дұрыс 

өткізілген зертханалық және практикалық сабақ

 

оқушыларды біраз логикалық 



операцияларды  жасауға  мәжбүр  етеді:  ұқсастық  және  айырмашылықты, 

классификациялауды, қорытынды, жинақтап шолу, ой тұжырымын жасау.

  



14 

«Биология»  пәнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарды  өткізуде 

оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша 

топтарға бөлінеді.

  

XIX 


ғасырдың 20

-

30 жылдарында Б.Е.



 

Райков, К.П.

 

Ягодовский түсіндіру, 



тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

  

Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім 



алады.  Осыны  ескеріп  20

-

30  жылдарда  Н.М.



 

Верзилин,  Е.Я.  Голант  с

өздік, 

тәжірибелік,  көрнекілік  әдістерін  ұсынады.  Қазір  компьютерлік  жүйелер 

арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

  

М.А.



 

Данилов  (1899

-

1973),  Б.П.



 

Есипов  (1899

-

1967)  дидактикалық 



мақсатқа  жету  үшін  қолданылатын  әдістерді  топтастырды.  Олар:  білім  алу, 

іскерлік  және  дағдыларды  қалыптастыру,  білімді  қолдану,  шығармашылық іс

-

әрекет,  бекіту,  білім,  іскерлік,  дағдыларды  тексеру.  Аталған  авторлардың 



пікірлері  бойынша  о

қыту  әдісі 

дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін 



оқушылардың іс

-

әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер 



оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.

  

И.Я.



 

Лернер,  М.Н.

 

Скаткин  оқыту  әдістерін  оқушылардың  танымдық 



жұмыстарының  түріне  қарай  топтастырған.  Авторлар  балаларға  ақыл

-

ой 



жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

  

Оқытушының  басшылығымен  жұмыс  істейтін  оқушылардың  танымдық 



белсенділігі әртүрлі.

  

Биология  пәнінен  зертханалық,  практикалық  жұмыстар  ұйымдастыруда 



репродуктивтік әдіс  арқылы  оқушы 

«

дайын



» 

білімдерді  есінде  сақтап,  кейін 

қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл

-

ой белсен ділігі төмен болады.



  

Эвристикалық  әдіс  арқылы  ақыл

-

ой  жұмысы  күшейеді,  оқушы  білімді 



өзінің  танымдық  іс

-

әрекеті  арқылы  алады.  Бірақ  сабақты  тұрақты  түрде 



мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.

  

Ю.К. Бабанский оқу



-

танымдық іс

-

әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. 



Ол  іс

-

әрекет  3  бөліктен:  ұйымдастыру,  ынталандыру,  бақылаудан  тұратынын 



атап көрсетіп, әдістерді оқу

-

танымдық іс



-

әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру

бақылау әдістері деп бөледі.



  

М.И.


 

Махмутов  оқыту  әдісіне  сәйкес  келетін  оқу  әдістерін  іріктеген. 

Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) 

тәжірибелік әдіс. 

 

Бинарлық  әдістер  бір



-

бірімен  тығыз  байланысты  оқыту  м ен  оқудың 

тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың 

тыңдауы,  жаттығулар  орындауы,  есептер  шығаруы,  мәтінді  оқуы,  т.б.) 

қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді 

хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар 

қояды.  Егер  оны  тәсілдердің  арасында  түсіндіру  тәсілдері,  дәлірек  айтсақ 

фактілерді  талдау,  салыстыру,  хабарлау,  т.б  басым  болса,  онда  о

қыту  әдісін 

түсіндірмелі  деп  атауға  болады.  Егер  негізгі  тәсіл 

ақпараттарды,  фактілерді 



ұсынумен  шектелсе,  (мысалы:  мұғалім  оқушыларға  ережелерді  жаттауды 

ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда 

оқыту  әдісі  ақпараттық

хабарлау,  немесе  оны  жай ғана  хабарлама  әдісі  деп 




15 

атайды.  Осыған  сәйк ес  бірінші  жа

ғдайда  оқушылар  заттарды  бақылап, 

фактілерді  есінде  са

қтайды,  мұғалімнің  түсіндіргенін  тыңдайды  және  ой 

елегінен өткізеді,  ақпараттық  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Бұл  жерде  оқу  әдісі 

репродуктивтік,  дәлірек  айтсақ  жаңа  ережені  оқушылар  дайын  күйі нде 

меңгереді  (оқушылар  фактілерді  талдап,  ережелер  шығармайды).  Егер  оқыту 

әдісі  хабарлау  әдісі  болса,  оқудың  негізгі  тәсілі  жаттау,  оқушылардың  үлгі 

бойынша  жұмыс  істеуі.  Мұндай  оқу  әдісін  шартты  түрде  орындаушылық  деп 

атаймыз.

  

Сондықтан  оқушының  кітаппен  жұмысы  оқу  әрекетінің  тәсілі  болып 



табылады.  Эвристикалық  әдісті  қолданғанда  мәселелік  деңгей  (оқушылардың 

белсенділігі)  ед

әуір  көтеріледі,  эвристикалық  әңгімелерге  танымдық 

(логикалық)  есептер  және  проблемалық  тапсырмалар  қосылады.  Оқушылар 

мұғалімнің көмегімен 

«

жаңалық



» 

ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен 

жұмыс  істейді.  Зерттеу  әдісін  қолданғанда  мұғалім  оқушыларға  тәжірибелік 

сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап 

оларды өз  бетімен  талдау  және  қортындылау,  өз

 

ойын  дәлелдеуге  керекті 



материалдарды  жинау,  т.б

.

)  береді.  Оқушылар  оларды  өз  бетімен  орындайды, 



бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.

  

Биология пәнінен зертханалық, практикалық сабақтар өткізу кезінде оқыту 



әдістерін  тандау  әдетте  сабаққа  оқу  материалының  мазмұнын  таңдаған  кезде 

жүреді.  Ол  дидактикалық  мақсатқа,  оқушылардың  білім  деңгейіне  мұғалімнің 

өзінің дайындық деңгейіне байланысты.

  

Әңгіме 



– 

оқу материалын ауызша баяндау. Міржақып Дулатов Оқытудың 

баяндау, әңгіме,  түсіндіру  әдістеріне  ерекше  мән  беріп, 

«

баланы  толық  жауап 



беруге әдеттендіру  керек

»,  - 


дейді.  Сөйтіп,  оқытушы  көркемдеп  оқытудың 

жаңаша  жолдарын  ұсынып,  мұғалімдерден  соны  іс

-

әрекеттерді  талап  етеді. 



«

Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық

», - 

дейді. 


 

Сөздік  әдісі  ресурстық  орталықтарда  биология  пәнінен  практикалық 

жұмыстар  ұйымдастырудың  барлық  сатыларында  қолданылып,  әңгіменің 

сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін 

оған кейбір талаптар қойылады.

 

Олар:



  

• 

әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;



  

• 

әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;



  

•  ой  пікірді

ң  дұрыстығын  дәлелдейтін  жарқын  және  нанымды 

мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;

  

• 

әңгіменің жүйелілігі болуы керек;



  

• 

әңгіменің әсерлілігі;



  

• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;

  

• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.



  

Түсіндіру 

– 

жеке ұғым,  құбылыстарды,  құралдар,  көрнекі  құралдардың 



жұмыс істеу әдіс

-

тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, Ресурстық орталықтарда 



биология  п

әнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарда  жаңа 

тақырыптарды  өтер  алдында  оқушыларға  терминдік  сөздердің  мағынасын 

түсіндіріледі.  Мұғалім  оқушыларға  таныс  емес  құралдарды  немесе  басқа 




16 

көрнекі  құралдарды  сабаққа  алып  келіп,  жаңа  материалды  түсіндірмес  бұрын 

оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде 

жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде 

де қолданылады.

  

Биологиялық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және 



қоғам  құбылыстарының  түбірлі  себептерін  және  салдарын  ашу  кезінде 

түсіндіру әдісі жиі қолданылады.

  

Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:



  

• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;

  

• себеп


-

салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;

  

• салыстыру, қатар қою



ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;

  

• жүйелілік.



  

Түсіндіру 

– 

оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең 



қолданылады.  Бірақ  орта  және  жоғары  сатыларда  оқу  материалының 

күрделеніп, оқушылардың ақыл

-

ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс



 

кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.

  

Әңгімелесу 



– 

оқытудың  диалогтық  әдісі,  мұғалім  оқушыларға  мұқият 

ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын 

меңгеруіне  жағдай  жасап,  бұрын  оқылған  материалдарды  қалай  меңгергенін 

тексереді. Әңгімелесу 

дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде 



қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.

  

Оқу  материалының  мазмұны,  оқушылардың  шығармашылық  танымдық 



қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері 

бар. Олар: кіріспе, немесе практикалық сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа 

білімді қалыптастыру  (сократ,  эвристикалық),  жинақтаушы,  жүйелеуші  және 

бекітуші әңгімелер  арқылы  оқушылардың  іс

-

әрекеттің  жаңа  түріне,  жаңа 



білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.

  

Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны 



білім  алу әдістеріне,  мұғалім  қойған  сұрақтарға  өз  бетімен  жауап  беруге 

үйретеді.  Эвристикалық  әңгімелесу  барысында  мұғалім  оқушылардың  білімі 

мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын 

жеңілдетеді. Бірлескен іс

-

әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып 



жаңа білім алады.

  

Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, 



оны қолдану

 

тәсілдерін  жүйелеуге  бағытталған.  Оқушы  өз  білімін  жаңа  оқу 



және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.

  

Әңгімелесу  барысында  мұғалім  сұрақты  бір  оқушыға  (жеке  әңгімелесу) 



немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі 

оқушымен  әңгімелесу.  Оны  сыныппен,  о



қушылардың  жеке  топтарымен 

өткізуге  болады,  әсіресе  жоғары  сынып  оқушылары  өз  пікірлерін  айтып, 

сұрақтар  қойып,  мұғалім  ұсынған  тақырыпты  талқылайды.  Әңгімелесудің 

нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.

  

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:



  

• ес пен тілді дамытуы;

  

• оқушылардың оқу



-

танымдық қызметін белсенді етуі;

  



17 

• оқушылардың білімінің белгілі болуы;

  

• жақсы диагностикалық құрап;



  

• 

үлкен тәрбиелік күші бар.



  

Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:

  

• уақыттың көп кетуі;



  

• 

қауіп  элементі  бар  (оқушы  дұрыс  жауап  бермеуі  мүмкін,  оны  басқа 



оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.

  

Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. 



Оның  оқыту  процесіндегі  ең  басты  қызметі 

танымдық  қызығушылықты 



ынталандыру,  оқушыларды  қандай  да  мәселе  бойынша  түрлі  ғылыми 

көзқарастарды  белсенді  түрде  талдауға  қатыстыру,  басқа жеке  тұлғанық және 

өзінің  көзқарастарының  негіздерін  түсінуге  жағдай  жасау.  Пікір

-

сайыс өткізу 



үшін  оқушылардың  дайындығы,  талданатын  мәселе  бойынша  кем  дегенде  екі 

ңарама


-

қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден 

ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық 

және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін 

талап  етіп,  оларды  ойлау

ға,  өз  пікірінің  дұрыстығын  дәлелдеуге,  ой 

жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой

-

пікірлерін  ты



ңдап,  оған  әдепті  түрде  түзетулер  енгізіп,  өз  пікірінің 

ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың 

естеріне салуы қажет.

  

Оқу  пікірталасы  негізгі  мектептің  жоғары  сыныптарында,  ішінара,  орта 



мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.

  

Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені 



терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.

  

Кітаппен және оқулықтармен жұмыс 



– 

оқытудың маңызды әдісі. Бұл әдіс 

арқылы  оқушы  жеке  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Баспа  материалдарымен  өз 

бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:

  

• конспектілеу 



кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;

  

•  мәтіннің  қарапайым  және  күрделі  жоспарын  жасау.  Жоспар  құру  үшін 



мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;

  

• тезистеу 



кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;

  

• цитаталау 



мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) 

аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;

  

•  аннотация 



— 

мәнді,  елеулі  мағынасын  жоғалтпай  мазмұнды  қысқа 

баяндау;

  

• рецензиялау 



оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;

  

•  справка  жазу 



тапқан  кітап,  т.б.  ма

ғлұмат  көзі  туралы  мәлімет. 

Анықтамалар 

статистикалық, 

библиографиялық 

(өмірбаяндық, 

терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;

  

• формалдық



-

логикалық модель 

мәтіннің сызбасы;



  

• тақырыптық тезаурус 

– 

бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке 



келтіру.

  

Биология  пәнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарды  өткізуде 



қолданылатын  көрнекілік  әдістер  Көрнекілік  әдісі.  Әл

-

Фараби 



«

Оқытудың 




18 

негізгі әдісі 

– 

көрнекілік



» 

деп,  оның  мақсаттарын,  тәсілдерін  (түсіндіру, 

әсерлендіру,  есте  қалдыру)

 

ұсынады.  Оқу  материалын  меңгеру  көп  жағдайда 



оқыту  процесінде  қолданылатын  көрнекі  құралдарға  және  техникалық 

құралдарға байланысты.

  

Көрнекілік  әдісі  оқытудың  сөздік  және  тәжірибелік  әдістерімен  өзара 



байланыста қолданылады  және  құбылыстармен,  объектілер мен  оқушыларды 

таныстырғанда  олардың  сезім  мүшелеріне  әсер  етіп,  алуан  түрлі  сурет, 

көшірме,  сызба  арқылы  құбылыс,  процесс,  объектілердің  символдық 

бейнелерін  немесе  оларды  табиғи  күйінде  қабылдайды.  Қазіргі  мектепте  осы 

мақсатпен  экрандық  және  техникалық  құралдар  кең  қолданылады.  Көрнекілік 

әдістерін  шартты  түрде  екі  үлкен  топқа  бөлуге  болады:  иллюстрация  және 

демонстрация.

  

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар 



– 

атап 


айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер

 

көрсетіледі.



  

Демонстрацияның  (көрсету)  оқыту  әдісі  ретіндегі  ерекшеліктері 

Демонстрация әдісі  арқылы  заттар  мен  құбылыстар  тәжірибе  жасау  арқылы 

немесе  техникалы

қ  құралдардан,  кино

-

фильмдерден,  диафильмдерден 



көрсетіледі.

  

Оқу  процесіне  жаңа  техникалық  құралдарды  енгізу  (теледидар, 



видеомагнитофондар)  оқытудың  көрнекілік  әдісінің  мүмкіндіктерін  кеңейтеді. 

Қазіргі  уақытта  көрнекі  құралдың  жаңа  түрі 

– 

жеке  тұлғалар  қолданатын 



компьютерлерге  ерекше  к

өңіл  бөлініп,  мектептерде  электронды

-

есептегіш 



техникасы  кабинеттерін құру  міндеті  шешілуде,  оқу  процесіне  белгілі  бір 

жағдаяттарды  және  процестерді  үлгілеуге  мүмкіндік  беретін  компьютерлерді 

енгізу  міндеті  де қолға  алынуда.  Олар  оқушыларға  бұрын  оқулық  мәтінінен 

меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік 

береді.  Компьютерлер,  к

өрнекілік  әдістерінің  оқыту  процесіндегі 

мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.

  

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:



  

• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

  

• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;



  

• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

  

• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;



  

• 

құбылыстарды  демонстрациялау  кезінде  берілетін  түсініктерді  мұқият 



ойластыру;

  

•  демонстрацияланатын  көрнекіліктің  оқу  материалы  мазмұныме н  сәйкес 



келуі;

  

•  к



өрнекі  құрал  мен  демонстрациялық  қондырғылардан  керекті 

мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

  

Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен 



айналысып,  т

әжірибелік  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастырады. 

Тәжірибелік әдістер: зертханалық және практикалық жұмыстар.

  

Ресурстық  орталықтарда  биология  пәнінен  практикалық  жұмыстар 



ұйымдастыруда 

оқушылардың 

таным

-

белсенділігі 



де

ңгейіне 


қарай 

топтастырылған әдістер (И.Я.

 

Лернер, М.Н.



 

Скаткин).

  



19 

Түсіндірмелі

-

иллюстративтік әдіс.  Бұл  әдіс  арқылы  оқушылар 



ақпараттарды  меңгереді.  Оны  басқаша  ақпараттық

-

рецепция  (қабылдау)  әдісі 



деп атайды.  Осы әдіс  арқылы  мұғалім  дайын  ақпараттарды  оқушыларға  түрлі 

құралдармен  түсіндіреді,  ал  оқушылар  ақпараттарды  түсініп,  естерінде 

сақтайды.

  

Ақпараттар  әңгіме,  дәріс,  түсіндіру,  кітап,  қосымша  құралдар,  көрнекі 



құралдар  арқылы  беріледі.  Мұғалім 

– 

есептер  шығарады,  теоремаларды 



дәлелдейді,  жоспар  құруға  үйретеді.  Оқушылар 

мұғалімнің  іс



-

әрекетін 

қайталайды,  тыңдайды,  көрнекіліктеріне  қарайды,  заттармен  жұмыс  істейді, 

оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.

  

Түсіндірмелі



-

иллюстративтік әдіс  арқылы  адамзат  жинақтаған  тәжірибені 

аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және 

көп елдерде

 

қолданылады.



  

Көп  ғасырлар  бойы  білім  беру  үшін  мұғалімнің  сөзі,  оқу  кітаптары, 

жұтаңдау  көрнекі  құралдар  қолданылады.  Қазір  ақпараттар  техникалық 

құралдар  арқылы  да  берілуде.  Олар  арқылы  ғалымдармен,  жазушылармен, 

суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады.

  

Оқу  кинолары,  телехабарлары  зат  және  құбылысты  жақсы  қабылдап, 



түсінуге  көмектеседі.  Олар  арқылы  өсімдіктің  қалай  өсетінін,  ғарыштағы 

микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи 

объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек.

  

Түсіндермелі



-

иллюстративтік әдіс биологиядан практикалық, зертханалық 

жұмыстарында  кең  тараған.  Ол  арқылы  білім 

«

дайын



» 

күйінде  беріледі. 

Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде 

қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.

  

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және 



дағдыларын  қалыптастырып,  тапсырмалар  беріп,  өзі  меңгерткен  білімді, 

үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің 

есебіне ұқсас  есептер  шығарып,  тіл  сабақтарында  үлгі  бойынша  жіктейді, 

септейді,  жоспар құрып,  мұғалімнің  нұсқауымен  құралдармен  жұмыс  істеп, 

биологиядан практикалық тәжірибе жасайды.

  

Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. 



Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын 

түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.

  

Оқушыларға  берілетін  нұсқаулар  жетілдіріліп,  жауаптары  бар 



бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс 

істеуді  айтумен қатар,  жұмыс  істеуге  керек  сызбалар,  кинодан  үзінділер 

көрсетіледі.

  

Білімнің  көлемі  көп  болғанда  репродуктивтік  әдіс  түсіндірмелі



-

иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.

  

Оқушыларға  алгоритм  беріледі.  Алгоритм 



оқушыға  зат  не  құбылысты 

толық  білуге  көмектесетін  бағыт  беретін  іс

-

әрекеттердің  жүйесі.  Оқушыларға 



конспектілеудің,  салыстырудың,  есеп  шығарудың  алгоритмдері  беріледі. 

Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, 

себебі күрделі іс

-

әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.



  


20 

Репродуктивтік әдіс  бағдарламалық  оқытумен  тығыз  байланысты.  Ол 

арқылы  тәжірибелік  жұмыстар  атқарылады.  Оқушылар  өз  бетімен  меңгере 

алмайтынын,  олар үшін  мүлдем  жаңа  тақырыптарды  репродуктивтік  әдіспен

 

беру керек.



  

Аталған  әдісті  шектен  тыс  қолдану  жаттандылыққа  әкеліп,  оқушының 

шығармашылығын,  ақыл

-

ойын  дамытпайды.  Себебі  репродуктивтік 



әдісті 

қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді.

  

Мәселелік  әдісті  қолданғанда  оқушылар  орындайтын  іс



-

әрекеттен 

шығармашылық  іс

-

әрекетке  көшеді.  Оқушылар  мәселені  шешпесе  де, 



танымдық қиындықтарды шешу жолдарын көреді. Мәселелік әдістің орта және 

жоғары  сыныптарда  пайдасы  көп.  Қиын  жағдаят  мәселені  шешуге  керекті 

білімдерді, ақыл

-

ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны 



оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді.

  

Мәселелік  жағдаятты  тудырудағы  мақсат 



оқуды  қиындату  арқылы  оқу 

материалдарын меңгерту, баланың ақыл

-

ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят 



сұрақтар  қою,  болжам  айту,  дәлелденбеген  пікірлерді  талдату  арқылы 

жасалады.  Оқылып  отырған  құбылыстың  сызбасы,  диаграммасы  жасалады. 

Оқушылар  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  білімдерін  емін

-

еркін  естеріне 



түсіреді.  Мәселелік  әдіс  оқушыларды  тапқырлыққа,  қарама

-

қайшылықтарды 



түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді. 

 

Ішінара  ізденіс  немесе  эвристикалық  әдіс.  Оқушыға  мәселені  өз  бетімен 



шешуге үйрету  үшін,  оған  шағын  зерттеу  жұмыстарын  беру  керек.  Мұғалім 

картиналар, құжаттар  көрсетіп,  оларға  сұрақ  қоюды  ұс ынады,  фактілерден 

қорытынды  шығартады,  ұсыныстар  айтқызады.  Эвристикалық  әдіс  арқылы 

сабақ  өткізетін  мұғалім  алдын  ала  мәселені  шешуге  алып  келетін, 

оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді.

  

Эвристикалық  әңгіме  үшін  құрастырылған  сұрақтар  мәселелік  сипатта 



болады.  Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын  көрсетеді.  Оқушылар  жеке 

мәселелік  сұрақтарды  шешсе,  онда  ішінара 

– 

ізденіс әдісінің  қолданылғаны. 



Мұғалім  тапсырма  әзірлеп,  оның  қай  жерлерін  оқушылар  зерттеу  арқылы 

орындайтынын белгілейді.

  

Зерттеу әдісі  шығармашылық  жұмыс  тәжірибесін  жақсы  үйрену  үшін 



қолданылады.  Зерттеу  әдісі  арқылы  оқушы  білімін  қолданып,  ғылыми  таным 

әдістерімен  жұмыс  істеп  үйреніп,  жаңа  мәселелерді  шешу  тәжірибесін 

жинақтайды.

  

Зертханалық және практикалық зерттеу жұмыстары сессия кезінде немесе 



сесияаралық  кезеңде  бір  аптада,  бір  айда  орындалатын  тапсырмалар 

жоспарланады.  Мысалы, өсімдіктер  өсіру  үшін  қолданылған  агротехникалық 

тәсілдердің  пайдасын  анықтау  жөнінде  тапсырмалар  беріліп,  зерттеу 

жұмысының  жоспары  жасалып

қорытындыларының  дұрыстығы  тексеріледі. 



Осы жоспармен туған өлке тарихын зерттетуге болады. Оқушылар эксперимент 

жүргізеді, ғылыми эксперименттерге қатысады, ұзақ уақыт кететін тапсырмалар 

көп болмау керек. Әр пәннен жылына бір рет тапсырма берген жақсы.

 

Бір оқу 



жылы ішінде барлық пәндерден зерттеу жұмыстарын беру тиімсіз. 

 

Практикалық  зерттеу  жұмысының  түрлері:  өсімдіктерді,  жануарларды, 




21 

табиғат құбылыстарын бақылау, баяндамалар оқу, технологиялық процестерді 

жетілдіру туралы ұсыныстар айту, ғылыми

-

көпшілік әдебиеттерді талдау, т.б.



  

Ойын 


оқыту  әдісі.  Ресурстық  орталық  жағдайында  биология  пәнінен 

практикалық  жұмыстарды  жүргізу  барысында  қолданылатын  ойындардың 

түрлері көп. Ойын 

қанағат алу үшін жасалатын іс



-

әрекет. Ол мектеп жасына 

дейінгі  балалардың  іс

-

әрекетінің  негізгі  түрі,  ал  оқушылар  мен  ересектер 



ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, 

еңбекте  де  ойын  элементтерін  қолдануға  болады.  Ойын  туралы  көптеген 

теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.

 

Врубель.



 

Ол ойын арқылы 

бала өзін

-

өзі  көрсеткісі  келеді  дейді.  М.



 

Лазарус  жұмыстан  кейін  демалу 

теориясын, Г.

 

Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.



 

Крус 


тіршілік үшін  күреске  әзірлеу  ойындарының,  С.Л.

 

Рубинштейн  еңбекке 



дайындайтын  ойындарының  те орияларын  жасады.  Ойын  туралы 

қазіргі 


көзқарастар  оның  көптеген  қызметін  анықтап  отыр.  Ол  баланың 

қажеттіліктерін,  қызығушылықтарын  қанағаттандырып,  оның  өмірге 

бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.

 

Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын 



арқылы  бала  білім  алады,  тәрбиеленеді,  қоғамды  құрметтеуге  үйренеді, 

ынтымақтасып  жұмыс  істеуге  дағдыланып,  ұтылуға  емес,  ұтуға  тырысады. 

Оқушылар  биологиялық  құбылыстардың,  микроскоптан  көрген  жасуша 

құрлысының сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.

  

Ойын  түр інде  болатын  саяхат,  электрлендірілген  викториналар  ар



қылы 

белгілі бір ауданның жануарлар дүниесі оқылады.

  

Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық 



есептер  білім  береді  ж

әне  оқушыларды  ынталандырады. 

«

Ағашты  кім  тез 



отырғызады

» 

ойыны  табиғатты  күтіп  ұстауға  тәрбиелейді.  Іскерлік  ойындар 



ойнағанда  бала  нақты  оқиғалардың  куәгері  болып  еңбек  етуге  отбасылық 

өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.

  

Идеялар  банкі.  Бұл  әдіс  ой  майданы  деп  аталады.  Топтық  алдына  бір 



міндет қойылады ,  осы  міндетті  шешу 

үшін  топ  мүмкіндігінше  жаңа,  тың 

ұсыныстар  айту  керек.  Барлық  ұсыныстарды  топ  жинап  алып,  оларға  баға 

береді.  Бұл  әдіс  арқылы  проблемалық  жағдаят  жасалып,  оны  шешу  туралы 

ұсыныстар  айтылып,  ол  ұсыныстар  тексеріліп,  бағаланады  және  ең  жақсы 

ұсыныстар таңдалып алынады.

  

Оқыту  әдістерін  жетілдіру  бүгінгі  күннің  басты  мәселесі  болып  отыр. 



Оқыту  әдістерінің  тиімділігін  арттырып,  оқытудың  жаңа  нысандары  мен 

тәсілдерін  меңгеру  қажеттігіне  педагогикалық  зерттеулерде  айрықша  маңыз 

беріледі.

  

Алайда,  оқыту  әдісін  таңдау 



күрделі  процестің  бірі.  Кейбір  әдістерді 

қолдануда  біржақты  асыра  сілтеушілікке  жол  бермеу  керек.  Әр  тақырып 

оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр 

түрлі әдістерді қолдану қажет.

  

Биологиялық  таным  мен  оқытудың  әдіснамалық  проблемаларын  қою 



– 

педагогикалық  шығармашылыққа  жаңа  серпіліс  беріп,  оқу  тәрбие  үрдісінің 

құрлымына,  мазмұны  мен  мақсаттарын  қайта  толғауға  сөйтіп  биологияны 

ғылым ретінде, пән ретінде жаңаша қарауға мүмкіндік береді.

  



22 

Әдіснама


 

(методология) 

құрылым  жөніндегі  ілім  және  барлық  әрекет



 

түрлерін  логикалық  ұйымдастыру,  оның  ішінде  оқу  ісін  ұйымдастыру 

турасындағы  ілім.  Әдіснама  оқу

-

тәрбие  үрдісінің  мақсаттары  мен  мазмұнын 



реттеп түзетуге, биологияны оқытудың қажетті әдістері мен формаларын іздеп 

табуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде биология мен педагогиканың әдіснамасы 

жасалған.  Енді  осы  материалдарды  меңгеріп,  оны  биология  пәнінен 

практикалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесінде іске асыру қажет.

  

Ресурстық орталықтарда биология пәнінен зертханалық және практикалық 



сабақтар өткізудің практикалық әдістері төмендегідей кезеңдерден өтеді:

  



 

Жұмыс мақсатына негізделген сұрақ қою;

  



 



Техникалық және ұйымдастыру нұсқаулығы;

  



 

Жұмысты орындау (тәжірибені айқындау, байқау, жасау);

  



 



Нәтижелерді бекіту (жұмысты орындаумен қатар жүргізіледі);

  



 

Қойылған сұраққа жауап беретін қортындылар жасау;

  



 



Орындалған жұмыс туралы есеп немесе хабарлама.

  

 



 


23 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет