Олай болса келесі жаттығуымыз «Сіз қандай жұмыскерсіз» деп аталады.
Мына суретте аттың сұлбасы салынған. Сіздің міндетіңіз – суретті аяқтау, жануарлардың барлық сыртқы мүшелерінің суретін толықтырып салу және айналасын әсемдеу. Атқа керекті жағдайды жасаңыз. Егер сіз аттың сыртқы негізгі бөліктеріне көңіл аударсаңыз (жалына, тұяғы мен құйрығына) онда сіз еңбек ете білесіз. Бірақ іскер емессіз.
Егер сіз аттың бет-әлпетіне көп назар аударсаңыз (көзіне, аузына, мұрнына, кекіліне және т.б. суретін салсаңыз), онда сіз жұмысқа қияли қатынастасыз, сізде толықтай елесті үмітіңіз енді құралған және құбылмалы үміт. Мүмкін сіз жас шығарсыз, әлі тәжірибе жинай қоймаған боларсыз, онда уақыт келе сіздің қалыптасуыңыз қалпына келеді. Егер сіз ержеткен адам болсаңыз, онда ынтыққындығыңыз бұл мінездеріңіздің бір қасиеті.
Егер әрбір түгін салуға тырыссаңыз, болар-болмасқа көп көңіл аударсаңыз, онда аңғарпаздығыңызды көрсетеді, қарқынды жұмыс істегенді ұнатасыз , өзгеге де өзіңізге де ұқыпты және ұстамдысыз. Сізге сенім артуға болады, бастаған істі ешқашан аяқтамай қоймайсыз. Сізбен бірге жұмыс істеген өте қиын, барлығын өзіңіздің білгіштігіңізбен және ұсақ түйектеріңізбен шеттетесіз.
Егер сіз атқа өзіңіздің атыңызды, көгалда немесе егістікте орналастырсаңыз, онда сіз ыңғайлы жерде жұмыс істеуге ұмтыласыз, тәуелді болғанды ұнатпайсыз және бағынышты болғанды бағалайсыз.
Егер сіз атқа ауыздық немесе ертоқым салсаңыз, онда сізге қысыммен жұмыс ісеуден арылу керек, сіз кез-келген басшыға солай болуы тиіс деп бағынуға дайынсыз. Сіздің атыңыздың жібі қаншалықты ұзын болса, онда ауыр және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге үйренгенсіз. Мүмкін сіз, басқаша болатынын өзіңізге елестете алмайтын да шығарсыз.
Егер сіз аттың үстіне адамды салып қойсаңыз, онда берілген бұйрықты орындауға үйренгенсіз, өз бетіңізбен жұмыс істеуге әдеттенбегенсіз. Сізге біреудің басшылық жасағаны, жай тапсырма беріп қоймай белгілі бір жұмыс түрін тапсырғаны ұнайды.