Пенитенциарлы психологияның даму кезеңдері:
I кезең. Революцияға дейінгі Ресейдегі пенитенциарлық-психологиялық көзқарастардың сипаттамасы зерттеулерге гуманистік және рухани-адамгершілік бағыт тән болды: сотталғандардың діни-адамгершілік тәрбиесі мәселелері зерттелді; сотталғандармен адамгершілік қарым-қатынас идеялары дамыды.Ғалымдар: Д. А. Дриль, И. Я. Фойницкий, М. Н. Гернет, С. В. Познышев, С. К. Гогель және т. б.
II кезең. 20-30 жылдардағы пенитенциарлық-психологиялық көзқарастардың сипаттамасы пенитенциарлық көзқарастар К.Маркс, Ф. Энгельс және В. Лениннің идеяларына негізделді. Қылмыс әлеуметтік өмір сүру жағдайынан туындайды деп есептелді.Тәрбие әдістері - өнімді еңбек, оқыту, саяси тәрбие негізделді.Зерттеулер: М. Н. Гернет – сотталғандардың жеке тұлғасының психологиясы; М. М. Исаев-режимнің рецидивистерге және бірінші рет сотталғандарға әсері;С. Бройде - сотталғандардың қоғамдық оқиғаларды қабылдау, сотталғандар қауымдастықтарының жұмыс істеуі, сотталғандардың психикалық жай-күйі мәселелері
III кезең. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы пенитенциарлық-психологиялық көзқарастардың сипаттамасы. Отандық ғылым коммунистік тәрбие теориясының принциптеріне негізделді және айқын идеологиялық сипатта болды. Сотталғандардың жеке тұлғасына, түрме субмәдениетінің ерекшеліктеріне, сотталғандардың шағын және үлкен топтарына психологиялық зерттеулер жүргізілді (В. Ф. Пирожков)
IV кезең. Қазіргі кезеңдегі пенитенциарлық психологияның сипаттамасы марксистік-лениндік ықпалдарды қайта бағалау және қайта қарастыру авторитарлық психологиялық-педагогикалық ықпалды жеңілдету қайта әлеуметтену және гуманизация идеяларын жариялау, пенитенциарлық диагностика мен психокоррекция белсенді дамып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |