Сабақтың №: 1 Сабақтың тақырыбы : Менің жазғы демалысым



бет4/9
Дата21.04.2017
өлшемі2,92 Mb.
#14218
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типтері: жаттығу сабақ, білім, білік, дағдыны бекіту сабағы, өздік жұмыс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар

Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 20

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру.

2.Мәтінің мазмұның тексеру

III. Қайталау


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

2. 1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Екі достын, арасындағы әңгімені талдау. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтарға жауап беру.

1) Денис қазақ тілінде қалай сөйлейді?

2) Өзге ұлт ретінде қазақ тілін білу керек пе?

3) Денис кімдермен қазақ тілінде сөйлеседі?

2. 2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрау.

Жауап үлгісі:

1) Әрбір Қазақстан азаматының парызы мемлекеттік тілді меңгеру.



2) Мемлекеттік тілді барынша дамыту қазақстандықтардың қолында.

3) Қазақстанда тұратын өзге ұлттарға тілді меңгеруге көмек көрсету қажет.



4) Қазақстанда қазақша сөйлеу керек.

3. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қою. Тілге берілген анықтамаларды түсініп, жалғауларын үлгі бойынша талдау.

Үлгі: «Тіл - халықтың жаны» -тың - ілік септігінің жалғауы.

IV. Сергіту сәті № 7

V. Бекіту

1. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау.

Жауап үлгісі:

Бүгін Астанада тілді дамытуға... арналған бағдарлама өтті.

Қазақ тілін дамыту -... біздің міндетіміз.

Өзге ұлттар да... қазақ тілін білуі тиіс.

Тілдің дамуы... халыққа байланысты.

Мемлекеттік тілді білмеу... дұрыс емес.



  1. 2-тапсырмадағы сөйлемдерді дұрыс құру

  2. Өлеңді түсініп оқып, жаттау

VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

- «Тіл- татулық тірегі» сен қалай түсіндің?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

228 б. № 5 сыныптағы достарың өзге ұлт өкілдері болса,олардың қазақша сөйлеу деңгейі жөңінде сипаттама жазу



Сабақтың күні: 24.09

Сабақтың №: 14

Сабақтың тақырыбы: Үш бақытым

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып,өз ойларын жеткізе білуге үйрету

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық №

3.Фонетикалық жұмыс
ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Өлеңді жаттау жұмысын тексеру.

2. Мақалдарды сұрау
III. Жаңа білімдерін меңгерту


  1. Жаңа тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. 1-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді түсініп оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажеттілігін түсіндіру.

  3. 3-тапсырма. Берілген нақыл сөздің мазмұнын айтып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.




  1. IV. Сергіту сәті № 23


V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 4-тапсырма. тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, қолданылған сан есімдердің мағыналық түрлерін ажыратыңдар. Үлгі бойынша талдау.

Үлгі: Бес аспап - өнерлі: бес -есептік сан есім (қанша?)

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, орыс тіліне аудару.

өнер алды - қызыл тіл.

тіл қаруы - сөз

сөз қаруы - ой.

Тіл жүйріктен де озады.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Піл көтермегенді, тіл көтереді.

Тіл қылыштан да өткір.

VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

-Тіл туралы сен қандай нақыл сөздерді білесің?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

230 бет Үш бақытым өлеңін жаттау.



Сабақтың күні: 02.10

Сабақтың №: 19

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын,емлесі,лепті сөйлем грамматикалық тақырыбын түсіндіру.

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс:орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 20

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сұқбаттасу (жазбаша жұмыс арқылы)

2.Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгіру


  1. Жаңа тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. Сурет арқылы әңгімелеу

- Суретте кімдер бейнеленген?

- Қыз бала оған не сыйлап берді?

Сурет арқылы сөйлемдерді құрып,әңгімелеу

2.Тірек сызба арқылы әңгімелеу

3.Өлеңді түсініп оқу

IV. Сергіту сәті № 23

Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы,

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңдей осы.

Кітап!


Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Кітап!

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,



Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күннен беттеріңді,

Келер күн көз алдымда кеп тұрады.

VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

- Сендер көбінесе қандай сыйлық сыйлайсыңдар ?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Ережені жаттау

Өлең
Сабақтың күні: 07.10

Сабақтың №: 21

Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған сыйлықтар.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдана білуге үйрету

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: сыйлықты шын пейілден алуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер, карточкалар

Пәнаралық байланыс:орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 25

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Өлеңді жаттау жұмысын тексеру.

2. Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгіру


  1. Жаңа тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен таныстыру

ынталандыру – поощрение сый-сияпат - подарок

мүмкіндік - возможность ілтипат - внимание

айналдыру - превратить ықылас - желание

шын пейіл - от души мейірімділік - доброта

талғам - здесь: вкус қиял - мечта

тапқырлық - находчивость



  1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сездік дәптерлеріне жазу.

  2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

  3. Сөздерден сөз тіркестерін,сөйлем құрау.

  4. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның сұрақтар негізінде әңгімелеу.

Адамдар түрлі мерекелерде,меретойларда неге ие болуды жақсы көреді?

Сыйлық беру неге жатады?

Сыйды тартуға қандай кезден үйрену керек?

Шын пейілден жасалған сыйлық қандай жақсы қасиеттерді туғызады?



  1. Мәтін бойынша кластер құру

(сызба арқылы әңгімелеу)

IV. Сергіту сәті № 26

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 2-тапсырма. Сөйлемдер құрау, өзара сөйлесу.

2. 4-тапсырма. Берілген үлгілерді пайдаланып, ата-аналарына, достарына, мұғалімдеріне құттықтау жазу.

3. Сурет арқылы әңгімелеу



VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

- Сендерге туған күніне қандай сыйлық сыйлады ?Саған ұнады ма?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

27 №. Сөздерді жаттау

Мәтінді мазмұндау
Сабақтың күні: 13.10

Сабақтың №: 24

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықты қай кезде береді ?

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: өткен сабақпен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін тексеру

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типтері: жаттығу сабақ, өздік жұмыс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 13

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Сөздікті жаттау жұмысын тексеру.

2.Сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын тексеру

III. Қайталау


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. 1-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерден тұйық етістік жасау. Төмендегі берілген сұраққа жауап беру.

Үлгі: болмайды – болма - у (не істеу?)

Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, мерекеде, туған күнде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі?



  1. Сурет арқылы әңгімелеу

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Олар не істеп жатыр?

  1. Туған күніне арналған құттықтау тілекпен танысып,жаттау

Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,

Екінші-тіл мен көзден аман бол,

Үшінші-берекелі, беделді бол,

Төртінші-арыстандай айбатты бол,

Бесінші-ақылды, қайратты бол.

Алтыншы - өнерлі бол.



IV. Сергіту сәті № 31

V. Бекіту

2-тапсырма. «Сыйлық» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы (1-қосымша).

2. Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақ.

3. Жауап үлгілері. Жетондар (2-қосымша).

Ойынның жүру барысы

I нұсқа:


Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тап­сырмалар таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейдің барлық сұрақтары бар парақтар жатады (өр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған бала­лар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден оты­рады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне алдымен сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгейдің тапсырмасын алған оқушылардың

жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.



I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

- Сендерге туған күніне қандай сыйлық сыйлады ?Саған ұнады ма?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

32б. 3-тапсырманы орындау. Тұйық етістіктердің астын сызып, жалғауларын анықтау.

Тілекті жаттау
Сабақтың күні: 02.10

Сабақтың №: 19

Сабақтың тақырыбы: Гүлді сыйға тарту

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: өткен сабақта игерген сөздерін еске түсіріп, сұраққа жауап бере білуге,қосымшаны дұрыс қолдана білуге жаттықтыру

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: ілтіпат көрсетуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типтері:жаттығу сабақ,өздік жұмыс сабағы, практикум сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер,карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 19

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1. Тілекті жаттау жұмысын тексеру.

2.Карточкамен жұмыс

III. Қайталау


  1. Тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. 2-тапсырма. «Баланың сыйлығы» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Сынып 3 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Жауаптары және парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға бо­лады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, ко­манда оны үлгі бойынша тексереді, сонан соң 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

Мәтін бойынша сұқбаттасу

3. 1-тапсырма. Синоним сөздерді есте сақтау. Олардан сөйлем құрау.

1) Сыйлау, құрметтеу, қадірлеу, ардақтау, қасиеттеу, қастерлеу.

2) Сұлу, әдемі, әсем, көркем, көрнекті, ажарлы.

IV. Сергіту сәті № 32

V. Бекіту

1. 4-тапсырма. Сөздердің аудармасын табу. Дұрыс жауабы:

1. мейірімділік 1. доброта

2. мүмкіндік 2. возможность

3. сыйлық 3. подарок

4. мерейтой 4. юбилей



5. мереке 5. праздник

6. көрсету 6. показать

7. жаттау 7. выучить

2. Өлең


VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

- Сендерге туған күніне қандай сыйлық сыйлады ?Саған ұнады ма?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

Өлеңді жаттау



Сабақтың күні: 08.10

Сабақтың №: 22

Сабақтың тақырыбы: Мен досыма қандай сыйлықтар сыйлаймын?

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету,сұраққа дұрыс бере білуге,қосымшаны дұрыс қолдана білуге жаттықтыру

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: достарды сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 15

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Өлеңді жаттау жұмысын тексеру.

2.Сызба арқылы әңгімелеу

III. Жаңа білімдерін меңгіру


  1. Жаңа тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен танысу

Таңдау- пайдалы-

Міндетті емес- ұнау-

Керексіз- бірігіп-

Жағдай- талғам-



  1. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

  2. Сөздерден сөз тіркестерін,сөйлем құрау.

  3. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Оқулықтағы үш деңгейлі тапсырмалар.

3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетондар.
Ойынның жүру барысы

I нұсқа:


Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдындағы үш деңгейлі тапсырмалардың барлық сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өзпікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс. Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған бала­лар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден оты­рады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сонан соң, мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмалары­мен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

IV. Сергіту сәті № 26

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 1-тапсырма. Төменде берілген синоним сөздерден сөйлемдер құрау

2. Фото арқылы әңгімелеу

VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

-Достарыңа қандай сыйлық ұсынар едіңдер?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

46 б. 3-тапсырма.Сұрақтар бойынша диалог құрау.


Сабақтың күні: 09.10

Сабақтың №: 23

Сабақтың тақырыбы: Анама қандай сыйлық жасаймын?

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету,сұраққа дұрыс бере білуге,қосымшаны дұрыс қолдана білуге жаттықтыру

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: ананы сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер,карточкалар

Пәнаралық байланыс:орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 25

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Диалогті жаттау жұмысын тексеру.

2.Карточкамен жұмыс

III. Жаңа білімдерін меңгіру


  1. Жаңа тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. 1-тапсырма. Жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып берілген сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрау.

  3. Тірек сызба арқылы әңгімелеу

  4. 2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқу. Ы. Алтынсариннің берілген өлеңін негізге ала отырып, аналарының өз өмірлеріндегі орнын сипаттап айтып беру.

IV. Сергіту сәті № 31

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1. 3-тапсырманы «Әңгіме құрастыру» оқыта үйрету ойыны бойынша орындау. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның айту.



«Әңгіме құрастыру» оқыту ойыны

Бұл ойын сөйлесу бөлімінің бірінші сабағында оқушылардың материалмен өз бетінше жұмыс жүргізуіне көмектеседі.

Сыныпта қаншалықты сұрақтарды қарастыру қажет болса, соншалықты оқушылардан тұратын топтар болу керек. Мысалы, 5 сұрақ болса, онда топта 5 оқушыдан болуы тиіс, егер 4 сұрақ болса, онда 4 оқушы болуы ке­рек, т.с.с.

Әр оқушыға реттік нөмір беріледі, яғни әр топ­та бірінші, екінші, үшінші және т.б. нөмірлер болады. Мұғалім тақтаға сәйкес материалдың оқулықта орналасуын көрсете отырып, нөмірлерге арнап сұрақтар жазады. Материалды өз бетінше игеруге 20 минут бөледі. Кейінірек әңгімелеу көзінде қолданылатын тезистерді оқушылар сұраққа жауап беру көзінде қолдануына бо­лады. Келесі турда оқушылар өз тобында кезекпен өз сұрақтарына жауап береді.

Екінші турдың уақытын қалай реттеуге болады? Егер топта 5 адамнан болса (яғни әрқайсысының сөйлесуіне 5 минут бөлінеді), сабақтың қалған 25 минуты 5 бөлікке бөлінеді; егер топта 4 адам болса, онда сөйлеуге 6 минуттан беріледі және т.с.с.

Өз әңгімесінің мазмұның түсіндірген соң, оқушы өз тобында бағаланады (яғни бағаны топтың барлық мүшелері қояды).

2. 4-тапсырма. Берілген үлгіге қарап, өз аналарына тілек жазу. Лепті сөйлемдердің жасалуына назар аудару

3. Сурет арқылы әңгімелеу



VI. Рефлексия

- Біз бүгін не туралы айттық?

- Не білдік?

-Сендер өз ананыңа қандай сыйлық ұсынар едіңдер?



VII. Сабақты бағалау

VIII. Үйге

47 б. № 2 өлең

Анаңына туған күніне тілек жазып әкелу


Сабақтың күні: 14.10

Сабақтың №: 25

Сабақтың тақырыбы: Сыйлық жасау дәстүрі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдана білуге үйрету

2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру

3.Тәрбиелік: әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді үйрену

Сабақтың типтері: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер, сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау

(оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

2.Психологиялық дайындық № 13

3.Фонетикалық жұмыс

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Өлең жаттау жұмысын тексеру.

2.Жазба жұмысын тексеру

III. Жаңа білімдерін меңгіру


  1. Жаңа тақырыпты айту,мақсатымен таныстыру

  2. Жаңа сөздермен таныстыру

мыңжылдық - тысячелетие достықтың белгісі - знак дружбы

орта ғасыр - средневековье сыйлықты таңдау - выбрать подарок

баға – цена ыңғайсыз жағдай - неудобное положение


  1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

1) Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

2) Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

3) Сөйлем құрау.



  1. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сыйлық ненің белгісі?

Сыйлық беру әдебі қай ғасардан бастап қалыптасқан?

Сыйлық тарихы неше жылды қамтиды?


  1. Тірек сызба арқылы әңгімелеу

IV. Сергіту сәті № 32

V. Жаңа алған білімдерін түсінуін тексеру

1.3-тапсырма. Берілген сөйлемге тиісті тұйық етістіктерді қою. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен қарап аудару.

Бұл мәтінді төмендегі берілген рөлдік оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.

Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары

Рөлдік ойын

Дөңгелек үстел, эксперттік комиссияның отырысы, форум және т.б. формада жүргізіледі. Құрал-жабдығы:



1. Рөлдердің, командалардың, топтардың сілтеме көрсеткіштері. Бағалау парағы.

2. Белгі жалауша.

3. «Тайм-аут» кестешесі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет