Шығармашылық жұмыста оқушыға таңдау бере отырып, тапсырманы орындауда еркіндік берілген жөн. Ешбір жоспарсыз, критерийсіз өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз.
Сыныптың қалған оқушыларына деректердің түрлерін түсіндіруді әрбір топтағы қабілеті жоғары оқушыға тапсыруға болады.
Қабілеті орта оқушылар:
Сипатта тапсырмасын орындау барысында оқушы тиісті критерийлерге сүйене отырып, суреттерді салыстырады. Өзіндік қорытынды шығарады. Өз қорытындысын басқа топтармен бөліседі.
Шығармашылық жұмыста берілген тапсырманың біреуін таңдауға мүмкіндік беріңіз. Таңдап алған кез-келген тапсырмаға тиісті критерийлер ұсыныңыз.
Орта деңгейдегі топтық жұмыстарға қатыса алады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)