Сабақтың атауы
|
Есімдік
|
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
|
Сабақтың жабдығы
|
Есімдік туралы түсінік беру,есімдіктің атқаратын қызметін байқату,оқушыларға есімдікті сөйлеу тәжірибиелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.
|
|
Жалпы мақсаттар
|
|
Оқыту нәтижесі
|
|
Топқа бөлу
|
Пазл арқылы топтарға бөлу
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Дәптерлерді тексеру
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Есімдік туралы түсінік беру үшін төмендегідей мысалдарды талдату қажет:
Әсел
Дүкенге келді.
Ол
бес
Асқар кітапханадан кітап алды.
Бірнеше
Осы арқылы Әсел деген зат есімнің орнына-ол,бес деген сан нсімның орнына бірнеше деген сөздің қолданып тұрғаны байқатылып,олардың орнына жұмсалатын бұл сөздердің есімдік деп аталатыны туралы қорытынды жасалады.
|
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
|
Ой толғаныс
|
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:
Атау
|
мен
|
сен
|
ол
|
Ілік
|
менің
|
сенің
|
оның
|
Барыс
|
маған
|
саған
|
оған
|
Табыс
|
мені
|
сені
|
оны
|
Жатыс
|
менде
|
сенде
|
онда
|
Шығыс
|
менен
|
сенен
|
онан (одан)
|
Көмектес
|
менімен
|
сенімен
|
онымен
|
|
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Жіктеу есімдігі
|
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
|
Сабақтың жабдығы
|
Білімділік: есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық: оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүние танымын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту, ұжымдық, ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: тест жұмысы, жұлдызша, кестесөздер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
|
|
Жалпы мақсаттар
|
|
Оқыту нәтижесі
|
|
Топқа бөлу
|
Карта арқылы топтарға бөлу
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Есіңе түсір. Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан, есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (жалпы, жалқы, деректі, дерексіз).
3. Жалпы, жалқы зат есімдер. – (біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер; арнайы берілген есімдер мен атауларды - жалқы есім дейміз.
4. Сын есім қандай сөз табы? – (Есімдер тобы).
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (сапалық және қатыстық сын есім).
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? – (жұрнақ арқылы есім сөзден де, етістіктен де жасалады).
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? – (дара және күрделі сын есім).
8. Сан есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
9. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – ( есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға бөлінеді).
10. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және күрделі).
Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
Жекеше түрі Көпше түрі
І. Мен (айтушымын, сөйлеушімін) І. Біз (айтушылармыз, сөйлеушілерміз)
ІІ. (анайы) Сен (айтушысың, сөйлеушісің)
ІІ. (сыпайы) Сіз (айтушысыз, сөйлеушісіз) ІІ. (анайы) Сендер (айтушыларсыңдар, сөйлеушісіңдер)
ІІ (сыпайы) Сіздер (айтушыларсыздар, сөйлеушілерсіздер)
ІІІ. Ол (айтушы, сөйлеуші). ІІІ. Олар (айтушылар, сөйлеушілер)
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |