Сабақтың атауы Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет2/4
Дата09.01.2020
өлшемі121,74 Kb.
#55582
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8 сынып Химия КМЖ


Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Сарамандық жұмыс №1»

«Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс»


Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Химия кабинетіндегі ТҚ ережесімен танысып, құрал жабдықтармен жұмыс жасау ережесін үйрену.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне



жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің



тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,



саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


Өткен сабақта саған не әсер етті?

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?



Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

  1. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
    2. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
    3. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
    4. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
    5. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап  алған жөн.
    6. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін  татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе,  оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді.
    7. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
    8. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
    9.Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т.т. жеткізу қажет.
    10.Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
    11. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
    12. Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
    13.Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
    14.Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу қажет.
    15.Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Сарамандық жұмыс



Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы түсіндіру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет