№17 орта мектеп
Тақырыбы: "Жатыс септік"
Сыныбы: 4 Г
Өткізген: Шихимова Л
2016-2017 оқу жылы
Қазақ тілі
|
Уақыты: 24.01.2017ж
|
Кабинет: 105
|
Мұғалім: Шихимова Л
|
Сабақтың атауы
|
Жатыс септік
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
1.Білімділік: жатыс септігі жайлы мағлұмат бере отырып, жатыс септігінің жалғаулары дыбыс үндестігі, буын үндестігіне қарай әркелкі жалғанатынын түсіндіру;
2.Дамытушылық: сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс септіктегі сөздерді сөз құрамына талдатып, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазғызу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;
3.Тәрбиелік: сабақ барысында мейірімділік, инабаттылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеп, адамгершіліктерін жетілдіру;
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: қима қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Топқа бөлу
|
Оқушылар карточкада жазылған сөздерді оқып, қай септікке тиісті екендігін айта отырып 4 топқа бөлінеді.
|
І топ - Атау септік
ІІ топ – Ілік септік
ІІІ топ – Барыс септік
ІҮ топ – Табыс септік
|
Ынтымақтастық атмосферасы
5-мин
|
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем!Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, бізде бүгін қонақтар бар.
Бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлініп отырдық, осы сабақ барысында берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындай отырып, мынандай жұлдызшаларды жинаймыз.
Кешегі өткен сабағымызды еске түсіру үшін үй жұмысына назар аударамыз.
|
Үй тапсырмасын сұрау
5мин
|
52-жаттығу. Берілген сөздерге табыс септігін қойып, сөйлем құрап жазу.
|
Әр топ бір сөйлемнен оқып, табыс септігінің сұрағы мен жалғауын айтып өтеді.
|
Қызығушылықты ояту
3-мин
|
Кәне, балалар мына ребусты шешіп көрелік. Осы ребусты шешсек , бүгінгі өтетін тақырыптың атауы шығады.
Демек, бүгін біз Жатыс септігімен танысамыз.
Ал енді тақтаға қараймыз, жұмбақты оқимыз.
Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.
Сексеуiл - діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.
Жұмбақтың жауабы н не деп ойлайсыңдар балалар?
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдаршы?
Қайда? Деген сұраққа жауап беріп тұр , дұрыс. енді осы сөздерді сөз құрамына талдаңдаршы, түбірі қайсы, жалғауы қайсы екен. Біз танысып өткен септіктерде осы жалғаулар кездесе ме? Бұл барыс септіктің жалғауы ма? Барыс септіктің жалғауларын есімізге түсірейікші, қәнекей?
Демек, бұл жатыс септігінің жалғаулары екен.
Бүгінгі сабағымызда жатыс септігінің сұрақтары мен және жалғауларымен танысамыз.
Ереже тақтада шығып тұрады, балаларға оқып беріп қайталап сұраймын.
56-жаттығу. Әр топтан бір оқушы шығып, мақалдарды тақтаға жазады. Жатыс септіктегі сөздерді тауып астын сызады.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Қәне, балалар ойын ойнап алайықшы. Ойын «Сөз ойла, тез ойла» деп аталады. Мен бір зат есімді айтып, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, ол келесі септік жалғауын жалғап, келесі топтағы балаға лақтыруы тиіс. Осылай бір сөзге септік жалғауларын жалғап айтамыз.
57-жаттығу. Интербелсенді тақтада шығып тұрады.
Мәтінді көшіріп жазу. Мәтінге ат қою. Жатыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау. Жатыс септігіндегі сөздер қай сөзбен баланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
Арша кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы.
58-жаттығу. Ауызша орындалады. Интер белсенді тақтада шығып тұрады.
Барыс септік: кімге? неге? қайда? -қа, -ке, -ға, -ге.
Жатыс септік: кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, те.
Сөйлемде бұлар бірдей қайда? Деген сұраққа жауап беріп тұрса, онда оларды жалғанған жалғауына қарап ажыратамыз. Негізінен барыс септігіндегі сөз қайда? деген сұраққа жауап берсе, ол көбіне бағытты білдіреді. Ал, жатыс септігіндегі сөз қайда? деген сұраққа жауап берсе, ол көбіне орынды білдіреді. Қәне , барыс септігі мен жатыс септігінде тұратындай етіп қайда? сұрағына сөйлем құрайықшы.
|
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
3-мин
5-мин
3 мин
5-мин
3-мин
|
Сергіту сәті
3мин
|
Кәңілді әуенде билеу.
|
Ой толғаныс
3 мин
|
59-жаттығу. Топтық жұмыс.
Сөздерді оқы. Әр топ бір сөзге жатыс септік жалғауының тиістісін жалғап, сөйлем құрап жазу. Кестені пайдаланып, бұл сөздердің жатыс септіктегі сөз екенін дәлелдеу.
Көген – қозы-лақтарды мойындарынан желі арқанға қатар түзеп байлайтын ілмек жіптер тізбегі.
61-жаттығу. Ауызша орындалады. Сурет бойынша әңгіме құрау.
|
Қорытындылау.
5-мин
|
Семантикалық карта І топ және ІІІ топ
Сөздер
|
Атау септік
|
Ілік септік
|
Барыс септік
|
Табыс септік
|
Жатыс септік
|
Бөлмеде
|
|
|
|
|
|
Оқушылардың
|
|
|
|
|
|
-да, -де, -та, -те
|
|
|
|
|
|
Құмда
|
|
|
|
|
|
Әсемді
|
|
|
|
|
|
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
|
|
|
|
|
|
Мектепке
|
|
|
|
|
|
Кітап
|
|
|
|
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |