Сабақтың атауы Тақырыбы: Өзен және көл. Суды қорғау. Сілтеме


«Мен суды қорғауға атсалысамын»



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі53,15 Kb.
#23416
түріСабақ
1   2
«Мен суды қорғауға атсалысамын» атты әңгіме жазу.

Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл. Суды қорғау.



Топтастыру, көшбасшы таңдау. «Өзен», «Көл», «Суды қорғау» сөздерімен 3 топқа бөлу. 2мин
Үй тапсырмасын сұрау. 3 мин.
Автор орындығында «Сусыз тіршілік жоқ» атты жазып келген эсселерін оқыту.


Қызығушылықты ояту 7 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



1.Ой қозғау.
Ассоциация әдісі.

- Су деген не?




2.Топтық тапсырма.
Ітоп: Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
ІІ топ: Судың қандай қасиеттерін білесің?
ІІІтоп: Судың да сұрауы бар дегенді қалай түсінесің?

1. Әр топтан оқушылар тұрып жауап береді. 3мин


2. Оқушылар бірлесе отырып жауап іздейді.


4 мин.

Мағынаны тану 20 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Оқулықпен жұмыс.
Ітоп. «Өзен» туралы айтылған бөлімін тауып оқу.
Өзенді сипаттаңдар.
ІІ топ. Оқулықтан «Көл» туралы айтылған бөлімді тауып оқу.Көлді сипаттаңдар.
Көлдердің суы қандай болады?


ІІІ топ. Оқулықтан «Суды қорғау» тақырыбын оқу.Судың ластануының басты себебін анықтаңдар.


2.Топтық тапсырма.


Ітоп. Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табыңдар (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария). Өзендердің адам өміріндегі маңызы.
ІІ топ. Физикалық картадан (Каспий, Балқаш, Зайсан, Алакөл) көлдерді табыңдар. Көлдердің адам өміріндегі маңызы.


ІІІ топ. Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасау керек. 




  1. 10 мин

2.Физикалық картамен жұмыс істейді. Жауаптарын картадан көрсетеді. 10 мин





Ой қорыту 9 мин


1- топ Су туралы мақал-мәтел жазады.
2- топ Су туралы тыйым сөздер жазады.
3- топ Су туралы жұмбақ жазады.


Тест.
1.Жер бетіндегі ойыстарды алып жатқан су қалай аталады?
А) өзен В) көл С) арық
2.Каспий, Арал, Балқаш қандай көлдер?
А) тұзды В) тұщы С) дәмсіз
3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Ертіс В) Шу С) Есіл
4.Су қанша күйде кездеседі?
А) 4 В) 3 С) 2
Кілті: 1-ә, 2-а, 3-б, 4-в

1.Әр топтың оқушылары берілген тапсырманы орындайды. 5 мин


2.Сынау сұрақтарын әр оқушы жеке орындайды. Орындап болған соң , жұбымен ауысып бір-бірін тексереді.4 мин



Бағалау 3 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.



Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша,өзара бірін –бірі бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 «Мен суды қорғауға атсалысамын» атты әңгіме жазу.

Күнделікке жазады.

Сабақтың соңы 45 минут

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет