2- нұсқа
1. Массалық сан дегеніміз
А) ядродағы нуклондар саны
В) ядро массасы
С) ядродағы позитрондар саны
Д) ядродағы нейтрондар саны
Е) ядродағы протондар саны
2. Төменде көрсетілген элементтердің ішінен ядролық реактордың негізгі элементтері болып табылатыны
1) ядролық отын
2) нейтрондарды баяулатқыш
3) жылу тасымалдағыш
4) реакция жылдамдығын реттегіш
5) турбина
А) 1,2,3
В) 1,2,4
С) 1,2,3,4,5
Д) 1,3,5
Е) 1,2,3,4.
3. α – бөлшектерінің заряды
А) күшті
В) әлсіз
С) бейтарап
Д) оң
Е) теріс.
4. β - сәулесі дегеніміз
А). Электрондар ағыны.
В). Протондар ағыны.
С). Нейтрондар ағыны.
Д). Фотондар ағыны.
Е).Гелий атомы ядроларының ағыны.
5. Радиоактивті изотоптарды шығарып алу жолдары
А) нейтрондармен атқылау
В) сәулелендіру
С) бөлшектермен атқылау, сәулелендіру, нейтрондармен атқылау
Д) химиялық реакция
Е) бөлшектермен атқылау
6. Тізбекті реакция дегеніміз не?
A)Ядро синтезінің реакциясы.
B)Ядроның бөліну реакциясы.
C) реакцияны тудыратын бөлшектердің оның нәтижесі түрінде
пайда болатын реакция.
D)Заттың ядросының изотоптары пайда болатын реакция.
E)Жауаптар арасында дұрыс жоқ.
7. Ядроның байланыс энергиясы қай формуламен анықталады?
A)E=(Zmp+(A-Z)mn+Mяд)с2.
B) E=(Zp + Amn - Mяд)с2.
C) E=(Zmp + (A-Z)mn - Mяд)с2.
D) E=(Amp - Mяд)с2.
E) E=(Amp + Mяд)с2.
8. Қандай қондырғы реактор деп аталады?
A)Ядролық энергия электр энергиясына түрлендіретін қондырғы.
B)Ядролардың бөліну реакциясы басқарылуы жүзеге асырылатын қондырғы.
C)Ядро синтезі болатын қондырғы.
D)Ядроның тез ыдырауы болатың қондырғы
E)Жауаптар арасында дұрысы жоқ.
9. Гамма -квант ядромен соқтығысында қос электрон –позитрон пайда болды. Магнит өрісінде орналасқан Вильсон камерасында суретке түсірілген бөлшектердің ізі қай суретте көрсетілген?
A)1-суретте.
B)2-суретте.
C)3- суретте.
D)4-суретте.
E)1-2-суретте.
10. Радиактивті элементтерді археологияда қолданудың мақсаты:
А) Нәрселердің жазықтығын анықтау
В) Құрылысын түсіндіру
С) Заттардағы элементтерді анықтау
Д) Нәрселердің беріктілігін анықтау
Е) Өте ертедегі нәрселердің жасын анықтау.
3- нұсқа
1. Протон мен электронның зарядтары
А) қатынасы 12-ге тең
В) нольге тең
С) өзара тең
Д) атом массасына жуық санға тең
Е) шамалары жөнінен тең, таңбалары қарама-қарсы
2. β – бөлшегінің массасы
А) протон массасына тең
В) төрт атомды массалық бірлікке тең
С) атомның массалық бірлігіне тең
Д) екі атомды массалық бірлікке тең
Е). электрон массасына тең.
3. Ядродағы протондар саны
А) массалық санға тең
В). бейтарап атом қабықшасындағы электрондар санына тең
С) А-Z
Д) А+Z
Е) ядродағы нейтрондар санына тең.
4. Төменде келтірілген заттардың ішінде ядролық реакторларда ядролық отын ретінде пайдаланылатыны
1- уран, 2 – графит, 3 – кадмий, 4 – ауыр су, 5 – бор, 6 – плутоний
А) 1 және 3
В) 1 және 6,
С) 1 және 5,
Д) тек 1
Е) 1 және 2.
5. Атом ядросында нуклондардың (протондар мен нейтрондар)
әсерлесуінде басым болатын күштер:
А) магниттік
В) электромагниттік
С) гравитациялық
Д) электрлік
Е) ядролық.
6. Ядролар мен бөлшектердің реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы
А) ядролық реакция деп аталады.
В) ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп аталады.
С) нейтрондағы ядролық реакциялар деп аталады.
Д) ядролық реакцияның энергетикалық кіруі деп аталады.
Е) жарық энергиясы деп аталады.
7. Радиактивтік құбылысын ашқан ғалым?
А).Беккерель
В)Кюрилер
С)Резерфорд
Д) Томсон
Е) Ньютон
8. Сутегінің 31 Н изотобының ядросында қанша Z протон мен қанша N нейтрон бар?
A) Z= 1, N= 3.
B) Z= 3, N=1.
C) Z= 1 N= 1.
D). Z= 1, N= 2.
E) Z= 2, N= 1.
9. α, β, γ- сәуле шығаруының қайсысы магниттік және электрлік өрістерде көбірек ауытқиды?
A) α- сәуле шығару
B) β- сәуле шығару
C) γ- сәуле шығару
D)Үшеуі де бірдей ауытқиды.
E)Үшеуі де ауытқымайды.
10. Жеке нуклондардан жаңа ядро пайда болған жағдайда байқалатын массалар ақауын қанағаттандыратын шарт:
А) ∆М > 0
В) ∆М = 0
С) ∆М = Zmp + Nmn
Д) ∆М = Mя
Е) ∆М < 0
4 – нұсқа
1.Изотоптар атом ядросының құрамында
А)Нейтрондар саны протондар санына тең
В) нейтрондар саны протондар санынан әлдеқайда көп
С) нейтрондар саны тең, протондар саны өзгеше
Д) нейтрондар саны протондар санынан әлдеқайда аз
Е) протондар саны тең, нейтрондар саны өзгеше.
2. Уранның изотобындағы нейтрондар саны
А) 146
В) 238
С) 259
Д) 328
Е) 92.
3. Тізбекті ядролық реакция бірқалыпты жүру үшін нейтрондардың көбею коэффициентінің шамасы
А) k=1,04
B) k=1,03
C) k=1,02
Д) k =1
Е) k=1,01.
4. Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз
А) ядроның аз мөлшерін жеке нейтрондарға ыдырату үшін қажет энергия
В) ядродағы протондар мен нейтрондар санының қосындысы
С) ядроны тұгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажет энергия
Д) ядродағы нейтрондарды ыдырату үшін қажет энергия
Е)ядродағы протондарды ыдырату үшін қажет энергия.
5. α, β, γ - сәуле шығаруының қайсысында өтімділік қабілеті аз?
A) α- сәуле шығару
B) β- сәуле шығару
C) γ- сәуле шығару
D) Барлығы бірдей
E)үшеуінде де мұндай қабілеттілік жоқ.
6. - бөлшегінің массасы неге тең?
А) m = 6,67*10-27кг
В) m = 9.1* 10-31кг
С) m = 1.37*10-27кг
D) m = 26.8*10-27кг
Е) m = 36,4-27кг.
7. Төмендегі ядролық реакцияның екінші затын (өнімін) табыңыз.
37Li + 11Н = 24Не+?
А) n
В) р
С) е
D)
Е) 24Не.
8.Атомдық ядросында 8 протон мен 9 нейтрон бар нейтраль атомның электрондық қабықшасында неше электрон бар?
A) 2
B) 7
C) 8
D)14
E)4
9. Атом массасының атом ядросының массасына қатынасы қаншаға тең?
A)4000.
B)2000.
C)1.
D)1/2000.
E)1/1000.
10. Төменде келтірілген ядролық сәуле шығаруларды тіркейтін прибордың қайсысында зарядталған жылдам бөлшектің өтуі газда электр тогы импульсін тудырады?
A) Сцинтилляциялық санағыш.
B) Көпіршікті камера.
C) Вильсон камерасы.
D)Қалың қабатты фото эмульсия.
E) Гейгер санағышы.
Жауап парағы:
№
|
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
3-нұсқа
|
4-нұсқа
|
1
|
Д
|
А
|
Е
|
Е
|
2
|
С
|
Е
|
Е
|
А
|
3
|
В
|
Д
|
В
|
Д
|
4
|
В
|
А
|
В
|
С
|
5
|
В
|
С
|
Е
|
А
|
6
|
Д
|
С
|
В
|
В
|
7
|
А
|
С
|
А
|
Е
|
8
|
Д
|
В
|
Д
|
С
|
9
|
Д
|
Д
|
В
|
С
|
10
|
С
|
Е
|
А
|
Е
|
4. Семантикалық карта:
Фор-мула
|
ΔM=Z*mp + N*mn –Mя
|
Ем.б= Еб/А
|
Еб= ΔM*c2
|
q=Z*e
|
R=R0A1/3
|
Атом ядро-сы радиусы
|
|
|
|
|
+
|
Атом ядро-сы заря-ды
|
|
|
|
+
|
|
Мас-са ақа-уы
|
+
|
|
|
|
|
Бай-ла-ныс энер-гия-сы
|
|
|
+
|
|
|
Мен-шікті бай-ла-ныс энер-гия-сы
|
|
+
|
|
|
|
5. Физикалық диктант:
1. Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және γ - кванттармен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер ..... ...... деп аталады. (ядролық реакциялар )
2. Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ...... ....... ....... ......... деп атайды. (ядролық реакцияның энергетикалық шығуы)
3. Ядролық реакция кезіндегі кинетикалық энергиялардың өзгеруі реакцияға қатысқан бөлшектер мен ядролардың тыныштық энергияларының өзгерісіне тең. Мұндай реакция ........ деп аталады.(экзотермалық)
4. егер ∆Е болса, онда реакция кезінде энергия жұтылады,
Кинетикалық энергияның кемуі есебінен жүйенің тыныштық энергиясы артады. Осындай реакция ......... деп аталады. (эндотермалық)
5. ....... ......... ........ деп белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесті айтады.(Тізбекті ядролық реакция )
6. Нейтрондардың көбею қарқынын сипаттайтын физикалық шаманы ...... .......... ......... дейді. (нейтрондардың көбею коэффициенті)
7. Тізбекті бөліну реакциясын тұрақты қамтамасыз ететін бөлінетін заттың (уранның) ең аз массасын ...... ........ деп атайды.(сындық масса)
V. Бағалау: Формативті, жиынтық.
VІ. Рефлексия: стикерге жазу, тілек ағашы
VІІ.Үйге:Қайталау. М. Складовская Кюри мен П. Кюри туралы мәнжазба, Э.Резерфорд туралы мәнжазба жазу
|