Сабақтың аты Менің атым Қожа Бердібек Соқпақбаев Сілтеме Әдебиеттік оқу әдістемесі



Дата11.01.2017
өлшемі66,87 Kb.
#7165
түріСабақ
Қызылорда қаласы

235 орта мектептің



Бастауыш сынып мұғалімі

Қараманова Қиғаш Төлеуқызы


Сабақтың аты

Менің атым Қожа Бердібек Соқпақбаев

Сілтеме

Әдебиеттік оқу әдістемесі

Жалпы мақсаты

1. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен «Менің атым атым Қожа» әңгімесі туралы білу

2. «Менің атым Қожа» әңгімесінің мазмұнын түсіну.

3. Қожа бейнесі арқылы жағымсыз қасиеттерден аулақ

болуға үйрену.



Күтілетін нәтиже

1. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен «Менің атым атым Қожа» әңгімесі туралы біледі.

2. «Менің атым Қожа» әңгімесінің мазмұнын түсінеді.

3. Қожа бейнесі арқылы жағымсыз қасиеттерден аулақ

болуға үйренеді.



Негізгі идеясы

Көркем шығармаға қатысатын негізгі басты адам – оның жеке сипатын, іс-әрекетін, мінез-құлқын басқалардан гөрі анық танылатындай етіп көрсетеді.

Тапсырмалар

Ой қозғау (Бейнежазба арқылы)(«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді)

Топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс (топтастыру, Венн диаграмма, балық қаңқасы стратегиясы бойынша)

Жұптық жұмыс ( «Стоп кадр» әдісі бойынша)

( шығармашылық тапсырма)

Жеке жұмыс. «Өзіңе есеп бер!» ( тест сұрақтары арқылы )

Қорытынды. (Сөздер банкасы)









Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Кіріспе бөлім

1.Ұйымдастыру

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Армысың, жарық күнім,

Шуағымен берген білім.

Ертегі, өлең үйрететін

Құрметтейтін ана тілін.

Көңіл-күйім ашылады,

Өзіңдей боп жарқырайды.

Бүгін бізде мол дайындық,

Қабыл алшы жарық күнім!

(Балалар бір-біріне жүрегінен шыққан жылы лебіздерін білдіреді)



  • Балалар «Мәуелі бақ» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам неше шақта өмір сүреді?

  • Сендер қай жақта өмір сүріп жатырсыңдар?

Мұғалім: Маған бақыт- сабақ өткізу сендерге,

Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.

Балалықтың бал дәурені шат күліп,

Бәрімізге болсын серік сәттілік!

Ой қозғау. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді )

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Ендеше, бүгінгі өтілетін сабағымыз Бердібек Соқпақбаевтың

«Менің атым Қожа» әңгімесіндегі Қожа туралы болмақ.




Бердібек Соқпақбаев ( 1924-1992) – Алматы облысы, Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген. 8 жасында анасы қайтыс болалды.

Жиырмадан астам әңгіме,, повесть, роман кітаптарын жазған.

Шығармалары: «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Аяжан», «Он алты жасар чемпион», т.б



Оқушыларға табыс критерийлерін ұсынамын:

1. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен «Менің атым атым Қожа» әңгімесі туралы білетін боламын.

2. «Менің атым Қожа» әңгімесінің мазмұнын түсіндіре аламын.

3. Қожа бейнесі арқылы жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға үйренемін.



Негізгі бөлім. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс («Топтастыру» әдісі, «Венн диаграмма» әдісі, «Балық қаңқасы» стратегиясы бойынша)

І топ. Б. Соқпақбаев кім? («Топтастыру» әдісі бойынша)

ІІ топ,. Қожа ман Жантасты салыстыру. ( «Венн диаграмма» арқылы)

ІІІ топ . Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің? ( «Балық қаңқасы» стратегиясы бойынша)

Баяндамашылар топ жұмыстарын қорғайды.

Әр топтың бақылаушысы бағалау парағын таныстырады.

Бақылаушының бағалау парағы





Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Өз міндетін атқаруы













2

Тапсырманың орындалуына үлес қосуы













«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылады.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Жұптық жұмыс. «Стоп кадр» әдісі бойынша ( Шығармашылық тапсырма)

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіп, одан ары не болатынын оқушы өз ойымен жазады.

Оқушының жауабын фильмнің қалған бөлігін көрсете отырып, өздері тексереді.

Жеке жұмыс. «Өзіңе-өзің есеп бер!» ( тест сұрақтары арқылы )

  1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

А) Жантас В) Қожа С) Майқанова Д) Жанар

2. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В) Қожаберген С) Қожатай Д) Қожаберді



3. Үйге қандай тапсырма берілген еді?

А) А. Құнанбаевтың «Жазғытұрым» өлеңі

В) Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңі

С) А.С. Пушкиннің « Қысқы таң» өлеңі

Д) А.С. Пушкиннің « Қысқы кеш» өлеңі

4. Жанардың фамилиясы кім?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Тұрсынбаева

5. – Қадыров, немене, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта, галстугыңды түзе,- деп айтқан қай пән мұғалімі?

А) Қазақ тілі В) орыс тілі С) ағылшын Д) математика



6. «Менің атым Қожа» фильмі қай жылы көрсетілді?

А) 1963 ж В) 1973 ж С) 1936 ж Д) 1983 ж

7. Қожа Анфиса Михайлованың сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады және ол мұғалім сабақты қалай сұрайтын еді?

Майқанова тізімнің басынан төмен қарай қуалай сұраса, Анфиса Михайловна альфавитті қуаламай , кімнен сұрағысы келеді содан сұрайды.



8. Анфиса Михайловна Жантасқа қандай ескерту айтты?

Міне, екінші рет «екілік» баға алып отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келмегеніңмен қоймай , қулыққа басып мұғалімді алдамақ болдың.Бұның жаман. Бұдан былай мұндай қылығыңды маған көрсетпе. Білсең білемін деп, білмесең, білмеймін деп шыныңды айт.



Дайын үлгі жауап арқылы формативті бағалау жүзеге асады.
IV. Қорытынды: «Сөздер банкасы» арқылы

Сөздер тізбесі: Мәуелі бақ, геолог, Қожа, Жантас, 1963, 1924, 1992, Балабекова, Тұрсынбаев, Соқпақбаев, Майқанова, Қысқы кеш, Жақанов, Қадыров, Буря мглою, диірмен, қоңырау, Абай, Қаныш, Қызыл жебе,корпус

Қатысы бар сөздер Қатысы жоқ сөздер


Мәуелі бақ, , Жантас, 1963, 1924, 1992, Балабекова, Тұрсынбаев, Соқпақбаев, Майқанова, Қысқы кеш, Жақанов, Қадыров, Буря мглою, диірмен, қоңырау

Геолог, Абай, Қаныш, Қызыл жебе, корпус




Сабақ рефлексиясы 1 минуттық эссе
Маған ____________________________________________________ қиын болды

Маған ______________________________________________________ұнады



Маған ______________________________________________________ оңай болды.
Үйге тапсырма: «Менің атым Қожа» әңгімесін оқып, мазмұнын айту



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет