1. Жұптық жұмысты өзара бағалау
2. Бағалау шарты
Бағалау шарты: 18-16 - "5"; 12-15 - "4"; 9-11 - "3";
|
1. Белгіленген смайлектерді тандау арқылы әр жұп сабақ бойынша өздерінің белсенділіктеріне формативті баға береді.
2. Топ басшысы әр кезенге сәйкес қорытынды ұпайын бағалау парағына түсіреді, ұпайды мектеп бағасына алмастырады.
|
р/н
|
Оқушының аты-жөні
|
графикалық
7 ұпай
|
Ауызша есептеулер
4 ұпай
|
Есептер әлемінде
7ұпай
|
Қорытынды ұпай
18
ұпай
|
Баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ 55
Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың аты
|
Есептер шығару
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Ядроның байланыс энергиясы жайлы мағлұмат беру
Ядроның байланыс энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалауға баулу
|
Күтілетін нәтиже
|
Ядроның байланыс энергиясы жайлы мағлұмат алады
Ядроның байланыс энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
|
Негізгі идеялар
|
Жеке бөлшектр бірігіп ядроны құрағанда, пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.
Eб= ∆mc2=(Z·mp+N·mn- Мя)·c2==(Z·MH+N·mn- Мат)·c2
Eб= ∆m·931,5 МэВ=(Z·mp+N·mn- Мя)·931,5МэВ
∆m – ядроның масса ақауы
Ядроны жеке нуклондарға толық ыдыратуға жұмсалатын энергияны байланыс энергиясы деп аталады.
Б ір нуклонға келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы деп атайды:
А-ядродағы нуклондар саны.
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Ядроның байланыс энергиясы жайында не білесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Ядроның байланыс энергиясы формулаларына шолу жасау?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды шығарады
46-ж. №2, №3,
47-ж. №2.
Рымкевич есептер жинағы №1172, №1173, №1176
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
|
№1177
|
Кейінгі оқу
|
қайталау
|
Сабақ 56
9-сынып.
Бақылау жұмысы №3.
Мақсаты:
Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа.
Эхолоттың көмегімен балықтың үйірін көргеннен кейін және қайта қабылданған дыбыс сигналының арасы 0,7 секунд болды. Егер судағы дыбыс жылдамдығы 1400 м/с болса, эхолот пен балық үйірінің арасы қанша?
Ұзындығы 1 м математикалық маятник жиілігі 0,5 Гц жиілікпен тербеледі. Бақылау орнындағы еркін түсу үдеуі неге тең?
Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м. Жүктің массасын анықтаңдар.
Күн күркіреуі кезінде бірінші найзағай жарқылын көруге, содан кейін
ғана оның дыбысын естуге болатынын қалай түсіндіріледі?
ІІ нұсқа.
Математикалық маятниктің тербелісінің периоды 3 с болса, оның ұзындығы қандай болғаны?
Мұхитта толқын ұзындығы 300 м-ге, ал периоды 15 с болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын анықтаңдар.
Ұзындықтары 1 м және 4 м математикалық маятниктердің жиілігін анықтап, салыстырыңдар.
Су астындағы дыбысты адамның естімейтіндігін қалай түсіндіруге
болады?
ІІІ нұсқа.
Толқын серпінді ортада 100 м/с жылдамдықпен таралады. Фазалары қарама-қарсы жатқан екі нүктенің ара қашықтығы 1 м болса, тербеліс жиілігі қандай болғаны?
Ультрадыбыстың сұйықтағы жылдамдығы 1200 м/с. Ультрадыбыс толқынының төменгі және жоғарғы шектерінің ұзындықтарын есептеңдер.
Математикалық маятниктің ұзындығы 0,9973 м, ал периоды 2 с болса, онда еркін түсу үдеуі неге тең?
Не себепті камертонды ағаш жәшікке орнатады?
Сыныбы
|
9
|
Сабақ 57
|
|
Сабақ атауы
|
Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.
|
Сілтеме
|
Білім стандарты, пән бағдарламасы, 9 сынып.
|
Жалпы мақсаты
|
Радиактивті сәулелердің пайда болу табиғаты жайлы мағлұмат беру
Радиактивті сәулелердің пайда болу табиғатын өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты жайлы мағлұмат алу.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсіну,ядро ыдырау барысындағы сақталу заңдылығын білу,формуланы біле отырып,есептеулер жүргізуді үйрену.
Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрену;
|
Күтілетін нәтиже
|
Радиоактивті сәулелердің пайда болуы туралы мағлұмат алады.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсініп,ыдыраудың сақталу заңдылығын біледі.Формулаға сүйене отырып,есептер шығарады.Реакция жазуды үйренеді.Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
|
Негізгі идеялар
|
Ядроның өлшемі,оның құрылымы,ядроның заряд саны дегеніміз не? Нуклондар деп нені айтамыз?деген сұрақтарға жауап іздеу.
|
Тапсырмалар
|
Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
|
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
2 минут
|
І.Кіріспе
Оқушыларды 3 топқа бөлу
|
Оқушылар сандар арқылы топтасады
|
5 минут
2 минут
2 минут
9 мин
3 мин
3 мин
3 минут
6 минут
|
ІІ Тұсау кесер
1. Тақырып бойынша өткендерді еске түсіру(электронды оқулық)Бүгінгі тақырып тақтадан көсетіледі
Диалог жүргізу арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар тізбесі қойылады.
1 Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
2 Зарядтық сан дегеніміз не?
3 Нейтрон санын қалай белгілейміз?
4 Изатоптар дегеніміз не?
5 Атомдық санды қалай табуға болады?
6Ең алғаш радиоактивтілікті ашқан кім?
Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Нуклондар арасында гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады?
Ядролық күш дегеніміз не?
Ядролық күштердің қасиеттері қандай?
Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем бірлік алынады? Ұзындықтың халықаралық жүйесіндегі бірлікпен оның қатынасы қандай?
Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?
Атомдық және ядролық физикада энергия бірлігі ретінде не алынады?
Бөлшектер жүйесінің ішкі энергиясы мен масса өзгерістерінің арасында қандай байланыс бар? Атом бөлшегінің массасын неге энергия бірліктерімен береді?
Масса ақауы дегеніміз не және оны қалай есептуге болады?
|
Әр топтан оқушылар есте бар ақпараттарды ортаға сала отырып,жауап береді.
Бақылаушы өз тобындағы топ мүшелерін бақылайды.
|
2.Мәнмәтінмен жұмыс оқушыларға оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып,талқылау жүргізеді,топта түсіндіру жұмысы жүреді.(бір топ мүшесі басқа топқа барып түсіндіру жүргізеді)
Топ тапсырманы талқылып болғаннан кейін кесте толтыруды ұсынады.
Негізгі ұғымдар
|
Заңдылықтар
|
формулалар
|
Радиоактивтіліктің пайдасы мен зияны
|
|
|
|
|
Берілген кестені толтырыңыз(мәтін мазмұнын талдау)
Бағалау критериі:
1.Негізгі ұғым дұрыс жазылған ба?
2.Заңдылықтар дұрыс тұжырымдалды ма?
3.Формуланың дұрыстығы.
4.Айтылған ойдың нақтылығы,дұрыстығы
Жұмыс барысын бақылау нысандары
|
Оқушылар бірлесіп өздері тың идеяларын схема немесе суреттермен салып берілген тапсырманы дәптерге орындайды.
Кесте толтырады.
Әр топ бірін – бірі топтың жасаған жұмыс алгоритміне орай бағалайды
«Екі жұлдыз,бір тілек »арқылы бағалау
|
5 минут
3 мин
|
ІҮ. Негізгі бөлім
Жұптық жұмыс жүреді.Берілген есептерді өз жұбымен бірге отырып,шығару ұсынылады.
Ыдырау заңына есептер беріледі.
Құзырлы тапсырмаларды орындау барысында А оқушы С оқушыға көмек берді ме? Бақылау жүргізу.
Бағалау: түзетулерді орындау арқылы бағаланады .
Оқушылар топта жұптарын тауып , жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріп,өздерін бағалайды.
Жұлдызша арқылы өздерін бағалайды.
Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
Альфа-ыдырау
α-бөлшегінің табиғатын 1908 жылы Резерфорд көптеген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде анықтады. Альфа-ыдырауы кезінде ядродан өздігінен α-бөлшек — гелий атомының ядросы Не (екі протон және екі нейтрон) ұшып шығады және жаңа химиялық элементтің туынды ядросы пайда болады. Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы зарядтың саны екіге және массалық саны төртке кем туынды ядроға түрленеді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жуйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:
мұндағы — аналық ядроның белгісі, — туынды ядроның таңбасы. Гелий атомының ядросы болып табылатын α-бөлшек үшін белгісін пайдаландық.
Бета-ыдырау
β-сәулесінің табиғатын 1899 ж Резерфорд ашқан болатын. Ол шапшаң қозғалатын электрондар ағыны. β-бөлшекті деп белгілейді. Массалық санның болуы, электронның массасы массаның атомдық бірлігімен салыстырғанда елеусіз аз екенін көрсетеді. Ығысу ережесін бета-ыдырауға қолданайық.
Бета-ыдырау кезінде атом ядросының зарядтық саны бір заряд бірлігіне артады, ал массалық сан өзгермейді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің соңына қарай бір орынға ығысады:
мұндағы — электрлік заряды нөлге тең, тыныштық массасы жоқ электрондық антинейтрино деп аталатын бөлшек.
Бұндай ыдырауды электрондық β-ыдырау деп атайды. Радиоактивті электронды β-ыдырау процесі ядрода нейтронның протонға айналуы және осы кезде электронның және антинейтриноның қабаттаса түзілуі арқылы өтеді:
Ядроның ішінде электронның пайда болуы осы нейтронның ыдырауының нәтижесі екен. Бета-ыдырау кезінде туынды ядро мен электрон жүйесінің энергиясы ыдырауға дейінгі аналық ядро жүйесінің энергиясынан кем болып шығатынын өлшеулер көрсетті. β-ыдырау кезінде энергияның сақталу заңының орындалатына күмән туды. 1930 жылы В. Паулиp β-ыдырау кезінде, ядродан электроннан басқа тағы бір массалық саны ( ) мен зарядының саны ( ) нөлге тең бөлшек бөлініп шығады деген жорамалды ұсынды. β–ыдыраудағы энергияның сақталу заңының бұзылуына себепші, жетіспей тұрған энергия осы нейтраль бөлшекке тиесілі екен.
Үлы итальян ғалымы Э.Фермидің ұсынысы бойынша бұл бөлшекті нейтрино v (итальянша neitrino — кішкентай нейтрон) деп атаған. Нейтриноның электр заряды мен тыныштық массасы нөлге тең болғандықтан, оның затпен әрекеттесуі әлсіз, сондықтан эксперимент арқылы тіркеу аса қиыншылық туғызды. Ұзакка созылған ізденістер нәтижесінде тек 1956 жылы ғана нейтриноны тіркеу мүмкін болды. Ал антинейтрино осы нейтриноның антибөлшегі болып табылады. Электрондық β--ыдыраудан басқа позитрондық β+-ыдырау процесі де өтуі мүмкін. Позитрондық радиоактивтік кезінде ядродағы протонның біреуі нейтронға айналып, позитрон мен электрондық нейтрино v бөлініп шығады:
Ядроның зарядтық саны бірлік зарядқа кемиді, нәтижесінде элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жүйенің бас жағына қарай бір орынға ығысады:
мұндағы позитрон, электронның антибөлшегі, массасы электронның массасына тең.
Аналық және туынды ядролар — изобаралар.
Гамма-ыдырау
1900 жылы Вилaрд ядролық сәуле шығарудың құрамындағы үшінші компоненттің бар екенін тапты, оны гамма (у)-сәуле шығару деп атаған. Гамма-сәуле шығару магнит өрісінде ауытқымайды, демек, оның заряды жоқ. Гамма-сәуле шығару радиоактивтік ыдыраудың жеке бір түрі емес, ол альфа және бета-ыдыраулармен қабаттаса өтетін процесс. Жоғарыда айтқанымыздай, туынды ядро қозған күйде болады. Қозған күйдегі ядро атом сияқты, жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгі энергетикалық деңгейге өткенде, энергиясы бар гамма-квантын шығарады, мұндағы —қозған, — қалыпты күйдегі энергиялар. Ядродан шығатын ү-сәулелері дегеніміз — фотондар ағыны болып шықты.
Гамма-ыдыраудың формуласын жазайық:
мұндағы — қозған аналық ядро, — оның қалыпты күйдегі нуклиді. γ-сәулесінің толқын ұзындығы өте қысқа болып келеді: λ = 10−8 / 10−11 см. Сондықтан радиоактивті сәулелердің ішінде γ-сәулесінің өтімділік қабілеті ең жоғары, ол 10 см қорғасын қабатынан өтіп кетеді. Гамма-кванттың өтімділік кабілеті өте жоғары, ауадағы еркін жүру жолының ұзындығы 120 м.
|
2 мин
|
Қорытынды
Рефлексия
«БББ арқылы» сабақты қорыту, бағаларды хабарлау
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |