Сабақтың барысы: Бүгінгі «Кітап білім бұлағы» атты тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын



Дата20.06.2018
өлшемі17,22 Kb.
#43398
түріСабақ
Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін №4 мектеп

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Кітап-ең сабырлы ұстазым»

5 «ә» сынып жетекшісі: Г.С.Сисенова

Машыққер: А.Ж.Жандосова


Тақырыбы: « Кітап – ең сабырлы ұстазым»


Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жасалған слайд

Сабақтың барысы: Бүгінгі «Кітап білім бұлағы» атты тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра, қалалық па?!

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )

Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар, мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Мұғалім: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз – кітап. Жоғары шығыңыз. (Кітапты төрге отырғызу). Балалар, ең әуелі жұмбақ шешуден бастайық.

1. Үндемес серік, ақылы берік. ( кітап)

2. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. ( кітап)

3. Бір ғажап бар, тілі жоқ, сөйлесем десең міні жоқ. ( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)

Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ. Кім біледі, балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан. Қандай мағына береді?

Кітап туралы не білеміз?

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)

“Папирус” кітабы.( слайд)

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

“ Пергамент” кітабы.( слайд)

Кітап басу цехы.( слайд)

Түптеу цехы.( слайд)

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

Есіңе сақта!

1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек

3. Кітапты қалай болса солай оқыма.

4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

1. Кітап – таусылмайтын байлық.

2. Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

3. Кітап – алтын қазына.

4. Өнерліге нұр жауар

5. Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Білім – жанып жатқан шырақ.

6. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

7. Білім тозбайды,

Ақыл азбайды.

Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі? Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан – жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылм Кітап – ең сабырлы ұстаз

Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.

Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді.

Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.

Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдерден арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады.

Кітап – ең сабырлы ұстаз.

Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.

Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!



Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет