Сабақтың басы
|
Ойтүрткі.
Тәуелсіздік бізге қалай келді?
Кімдердің арқасында тәуелсіз ел болдық?
Оқылым.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай мәселелер көтерілген? Алдыңғы сабақтағы тыңдалым мәтініндегі оймен сабақтастығы бар ма? Дәлелдеңдер.
1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады . Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді.
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
Алғышарт, ауызбірлік, азамат соғысы,саясаттың сойылы, содырлар, салиқалы саясат.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Суретпен танысады.
Мәтінді оқиды. сұраққа жауап береді. Дәлелдейді.
Сөздердің мағынасын түсіндіреді.
|
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Оқушылар өздерін бағалайды
|
Оқулық
Сурет
Оқулық
|