.
«Адамда жақсы қасиеттер болмаса,
оған бақ та, бақыт та қонбайды»
Жүсіп Баласағұн
Дәйексөздерді дәптерге жазу. Дәйексөздің мәнін ашу.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Ата-бабамыз: «Жақсы мінез – жан сұлулығы», - деп бекер айтпаған.
Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық, өзгелерге жақсылық жасау, әр кез сабырлы болу сияқты ізгі қасиеттерді бір сөзбен : «Көркем мінез», - дейміз. Көркем мінез бақытқа бастайды. Көркем мінез жан дүниесінің тазалығына байланысты болады. Рухани әлемімізді, жан дүниемізді таза ұстап, ойымызды да, сөзімізді де, ісімізді де ізгілік жолына бағыттасақ, ол дағдыға айналып, көркем мінез қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |