Сабақтың тақырыбы: Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?
Сабақтың мақсаты: өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, туымыз бен әнұран, елтаңбамызды құрметтеу; қазақ елінің ержүрек батырлары мен елі үшін аянбай күрескен ұлттың ұлыларының ерлігін үлгі ету, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: пікіралмасу, дөңгелек үстел
Жоспар
Кіріспе:
Патриотизм туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім:
І.Пікіралмасу
1.Патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
2.Екінің бірін патриот деуге бола ма?
3.Нағыз патриот деп кімдерді атаймыз?
ІІ.Патриоттық жыр шумақтар
Қорытынды:
Біз нағыз патриоттармыз
Барысы
Оқушы анты айтылады.
Кіріспе
Патриотизм дегеніміз – өз еліне, туып-өскен жеріне, тіліне, дініне, мемлекетіне деген шынайы сүйіспеншілігі. Туған елін құрметтеп, қадірлеу біздің басты борышымыз, оны қорғау міндетіміз. Отан-ана деп бекер айтылмаған. Анамызды қалай құрметтесек Отанымызды да солай құрметтеп және әрдайым оны қорғауға дайын болуымыз керек. Отан бізде біреу-ақ, адам екі жерде туылуы мүмкін емес. Қазіргі жастарда патриотизм сезімі жоқ деп айтылып жатады, бірақ бұл, менің ойымша қате пікір. Әр адамның бойында бұл сезім бар, бірақ оны ояту қажет.
Патриот болудың негізгі 4 шарты бар:
1. Отанын, жерін қорғау.
2. Өз ұлтының ана тілін ардақтау.
3. Ұлттық дәстүрді сақтау.
4. Еліміздің Әнұранын, Елтаңбасын, Туын қастерлеу.
Осы төрт шартты орындап жүрген әр азаматты нағыз патриот деуге болады.
«Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?» пікіралмасу сағатымызда туған жер, туған тіл, салт – дәстүр, туған тарих бүгінгі тақырыбымыздың өзегі болмақ.
Қане, ендеше мына сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
1.Патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
2.Екінің бірін патриот деуге бола ма?
3.Нағыз патриот деп кімдерді атаймыз?
Патриот болу үшін керекті шарттың бірі – тілді қорғау. «Халық пен тіл – егіз» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Халық бар жерде тіл бар.
-Ана тілдің көркеюіңе қандай үлестеріңді қосып жүрсіңдер?
Оқушы:
Әрбір адамның туған ел, тіл, салт-дәстүр, туған тарих сияқты төрт анасы болатынын білеміз. Осы төрт анаға арналған М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңінен үзінді тыңдап көрелік.
«Төрт ана» М.Шаханов
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт – санасы, тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер.
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған,
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын сыйламаған халықтың,
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес
Күрестердің ұлысы.
-Өздеріңді ұлтыңның патриотымын деп ойлайсыңдарма?
Студент:
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» қазақ халқының халық болып мәңгі жасауы – патриот, елжанды, ұлтшыл ұрпақтың көп болуынан. Әрбір азамат өзінің тілін, дінін, салт – дәстүрін, тарихын сүйе білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |