Сабақтың әдістемелік мақсаты : Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану. Сабақтың міндеті



Дата10.04.2017
өлшемі107,37 Kb.
#13603
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:

Ақуыздардың қасиеттері мен атқаратын қызметтері.

Сабақтың әдістемелік мақсаты:

Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану.



Сабақтың міндеті:

Тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу және тереңдету.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақуыздардың құрамы, құрылысы, қасиетін білу; мысалдар келтіру арқылы ақуыздардың функцияларын (атқаратын қызметтерін) түсіндіре білу; ақуыздарға тән түсті реакцияларды білу; ақуыздардың екідайлы қасиетін дәлелдей білу; құрылысы мен қасиетін меңгеру арқылы арасындағы байланыстылықты орната білу; ақуыздардың биологиялық синтезі туралы түсінік алу.

Тәрбиелік: органикалық дүниенің материалдық бірлігін көрсету; ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; зейінді қылыптастыру; еңбекті сүюге, табандылыққа тәрбиелеу; ұжымда жұмыс істеу; тазалыққа, тездікке, дәлдікке, салыстыра білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: салыстыра, қорыта білу білігін дамыту; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; танымдық қызығушылығын дамыту; пән аралық байланысты орнату; өз бетімен білім алу дағдысын дамытуды жалғастыру-қосымша әдебиетпен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Түрінің өзгеруі: химия мен биология пәні бойынша кіріктірілген сабақ.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулық (Органикалық химия. Л.А.Цветков),кестелер, натрий гидроксиді, азот қышқылы (конц), мыс (II) сульфаты, ақуыз, қысқыш, спиртшам, пробирка.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Химик: 1. Азотты органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады?

    1. Аминдер дегеніміз не, мысал келтір (тақтаға формуласын жазу).

    2. Олар қалай жіктеледі?

    3. Аминдердің қасиеттері неге аммиакқа ұқсас болады?

    4. Аминдердің молекула құрамында қандай функционалдық топтар бар? Олар қандай қасиет береді?

    5. Аминдердің қайсысының негіздік қасиеті жоғары? Неліктен? Түсіндір.

    6. Анилиннің алыну реакция теңдеуін жаз. Бұл реакция органикалық химияда кімнің атымен аталады?

    7. Амин қышқылдарының анықтамасын тұжырымда.

    8. Амин қышқылдары қандай химиялық қасиет көрсетеді?

10.Амин қышқылдарының өзіне тән ерекше химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеуін жаз.

III. Жаңа материалды меңгеру:

Химик: Амин қышқылдары өзара қосылып, қандай биополимерді түзеді? Әрине, ақуыздарды. Олай болса, бүгінгі сабағымыз ақуыздар туралы болмақ.

Жоспар: (слаид №1)

  1. Табиғаттағы ақуыз. Атқаратын қызметі.

  2. Ақуыздың құрылымдық деңгейлері.

  3. Ақуыздың қасиеттері.

  4. Ақуыздың алмасуы.

Биолог: Азотты үлкен молекулалы табиғи заттардың бірі-ақуыздармен танысамыз. Ал ақуыздар ағза құрамының ең маңызды бөлігі болып саналады.

Сұрақ: 1. Табиғатта ақуыз қай жерде кездеседі?

2. Ақуыз қандай қызмет атқарады? (слаид №2 «Ақуыздың атқаратын қызметі»)



Химик: аминқышқылдары ақуызды түзуші кірпіштер, XX ғасырдың басында ақуыз құрылысын зерттеумен неміс ғалымы Э.Фишер айналысты. Э.Фишер ақуыз құрамындағы аминқышқылдары бір-бірімен амидтік немесе пептидтік байланыс жасап орналасатынын ашты.

Оқушы Э.Фишердің өмірі мен қызметі туралы хабарлама жасайды. (слаид №3)

Оқушыларға қатар бойынша дипептид және трипептид түзілу реакция теңдеуін жазуға тапсырмалар беріледі.

Биолог: Тіршіліктің негізі-ақуыздар. Ақуыз жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ф.Энгельстің айтуынша: «Тіршілік дегеніміз-белокты дененің өмір сүру тәсілі ».

Жасуша мен ұлпа құрамында 170-ге жуық әртүрлі аминқышқылдары кездеседі. Ақуыз құрамында осының тек 20-сы бар деп есептеледі.

Өсімдіктер оған қажетті барлық аминқышқылдарын фотосинтез кезінде немесе топырақтан азотты қабылдау кезінде, жалпы метаболизм процесінде түзеді. Жануарлар олардың тек жартысын ғана жасап, қалғандарын дайын күйінде тағаммен қабылдайды. Жануарлар жасушасында синтезделмейтін аминқышқылдарды алмастыруға болмайтын деп атайды, олар тек қорекпен ғана түседі, ал жануарлар жасушасында түзілетін аминқышқылдар алмастыруға болатын деп атайды.

Бірнеше аминқышқылдарынан тұратын қосылыстарды полипептидтер деп атайды. 3-8 аминқышқылынан тұратын ақуыздар да кездеседі, 300-800 аминқышқылының қалдығынан тұратын ақуыздар белгілі, мысалы: Мr (инсулин)=5700;

Мr (жұмыртқа альбумині)=36000.

Әрбір ақуызға өзіндік ерекше геометриялық пішін, құрылым тән.Ақуыз химиясының тарихы бәлкім 1745 жылы «Ақуыз ғылым және өнер институтының хабарламаларында » итальяндық Беккридің жарияланған жұмысымен басталған болар. Бидай ұнынан бұрын белгісіз зат алғанын ғалым осы еңбегінде хабарлаған. Ғалымдар ең қарапайым ақуыз-инсулиннің молекуласының құрылысын ашқанша 20 жылдан аса уақыт өтеді.

Атқаратын қызметінің шеңберінің кеңдігі, олардың химиялық құрылымының және кеңістік пішінінің молшылығымен сипатталады.Осыған байланысты ақуыз макромолекуласының күрделі құрылымында бірнеше деңгейлер болады:


  1. Бірінші реттік құрылым - (слаид №4)ақуыздардың полипептидті тізбек түрінде түзілуі, ол аминқышқыл қалдықтарының арасында пептидтік байланыстың түзілуімен сипатталады. Бірінші реттік құрылымда ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу реттілігі ДНК молекуцласындағы нуклеотидтердің орналасу реттілігімен анықталады.

  2. Екінші реттік құрылым. (слаид №5) Бірінші деңгейдегі құрылымның спиральданған түрі. Бір орамдағы NH топтары мен келесі орамдағы СО топтары арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы орындалады және оралым ұсталып тұрады.

  3. Үшінші реттік құрылым. (слаид №6) Екінші реттік құрылымды ақуыздың глобулаға жиырылу нәтижесінде түзіледі. Спиральды ақуыз екіге бүктелгенде шар тәрізді пішін түзіледі.

  4. Төртінші реттік құрылым. (слаид №7) Өте күрделі, бірнеше шумақталған оралымынан құралады, яғни төртінші реттік құрылым бірнеше ақуыз молекулаларының қосындысы.

Химик: Ақуыздың құрылымдық деңгейінен оның физикалық және химиялық қасиеттері шығады.

Ақуыздың физикалық қасиеттері.

1. Ақуыздар әдетте түссіз, тек қанның гемоглобині ғана қызыл түсті. Кейбір ақуыздар кристалдық күйде алынуы мүмкін. (мысалы, желатин-мал сүйегінен алынатын дәмі, иісі жоқ мөлдір желім).

2. Кейбір ақуыздар суда ерімейді, ал екіншілері ериді.

3. Кейбір ақуыздар ісінуге қабілетті.

Ең алғаш рет жәй ақуызды заттар-гипофиздің гармондары вазопрессин мен окситоцил алынды, ол 9 амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. Инсулин 51, рибонуклеаза 124 амин қышқыл қалдықтарынан тұрады. Ақуыз синтездеудегі аса зор табыстарға инсулин рибонуклеазаны алу жатады. Ғалымдар биосинтез бен жасушаларда болатын үрдістердің заңдылықтарын толық меңгерген кезде жасанды жолмен ақуыздар алу мәселесі толық шешіледі.

Ақуыздардың химиялық қасиеттері.

Химик: Ақуыздарға түрлі заттар қалай әсер етеді? Қыздырғанда қандай өзгеріс байқалады? Бұл сұрақтарға жауапты тәжірибеден табамыз.

«Ақуыздардың денатурациясы». (слаид №8 )

Тәжірибе барысы: Тауық жұмыртқасының ақуызын пробиркаға құйып, қыздырамыз.

Байқалды: Қыздырғанда ақуыз көмірленеді, ал пробирка қабырғасында су тамшылары пайда болады.

Қорытынды: Қыздыру кезінде ақуыз қайтымсыз іруге ұшырайды. (қорытындысын оқушы жасайды).

Денатурация-сыртқы факторлардың әсерінен ақуыз макромолекуласының екінші, үшінші және төртінші реттік құрылымының бұзылуы.

Химик: Түрлі табиғи қоспалардың құрамындағы ақуызды анықтау үшін сапалық реакция жүргізіледі немесе өртеу арқылы да анықтауға болады.

«Биурет реакциясы» тәжірибе.

Тәжірибенің сипаттамасы: Тауық жұмыртқасының ақуызын(4) алып, оған NaOH-ң ерітіндісі(2) мен CuSO4-ң бірнеше тамшысын қосамыз.(слаид №9)

Сұрақ: Не байқадыңдар? Ақуыздың қатысында қызыл-сиякөк түс пайда болады.(слаид). Сілтілік ортада сұйытылған СuSO4-ң қатысында пептидтік тізбектің азот атомдары мыс ионымен жиынтық түзеді.
О ОН Н

С + Cu N →

N С

Н ОН О



О

С Cu N


→ N С + Н2О

О

«Ксантопротеин реакциясы» тәжірибе.



Тәжірибенің сипаттамасы: Ірімшіктің кішкене кесегін немесе бес тамшы ақуыз ерітіндісін алып, оған бірнеше тамшы(2)концентрациялы азот қышқылын қосып, абайлап қыздырамыз.(слаид №10) Ақ тұнба пайда болады.

Сұрақ: Теріге, тырнаққа азот қышқылы тигенде сары түс пайда болады. Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

H O H О

Н-N-CH-C + HO-NO2→H-N-CH –С +Н2О



CH2 2


Биолог:

Ақуыз біздің тағамымыздың негізгі бір бөлігі. Ақуыз ет, балық, жұмыртқа, сүт, нан, картоп, соя, бұршақ құрамында бар. Ақуыз адам денесінің 25% құрайды. Ағзаның ферменттері, гормондары- ақуыздар. Ақуыз жасушалардың құрылыс материалы болып табылады.Ағзаға енген ақуыздар ас қорыту ферменттерінің әрекетінен амин қышқылдарына айналады. Амин қышқылдары қанға сіңіп, жасушаларға жеткізіледі. Олардан ағза өзіне тән ақуыздарын синтездейді. Адам ағзасы 20 амин қышқылының 12 синтездейді. Қалған 8 ағзаға тағамдағы ақуызбен бірге дайын күйінде түсуі керек. Оларды алмастыруға болмайтын аминқышқылдары деп атайды. Олар: изолептин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, треонин, триптофан, валин.(слаид №10)

Сонымен қатар ақуыздар энергия көзі ретінде де қолданылуы мүмкін. 1 г ақуыздың ыдырауынан 17,6 кдж энергия бөлінуі мүмкін. Адамның ақуызға тәуліктік қажеттілігі 80-150 г. Артық ақуыз көмірсу және майға айналып отврады. Бірақ көмірсу да, май да ақуызға айнала алмайды.

Жаңа ұғымдар (слаид №12)

Ақуыз гидролизі-ақуыздың бірінші реттік құрылымының бұзылуы.

Денатурация-ақуыздың кеңістіктік құрылымының толық бұзылуы.

изолептин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, треонин, триптофан, валин-аминқышқылдары
IV. Бекіту: (слаид №13)

Есеп: Заттың молекулалық формуласын тап, егер құрамындағы элементтердің массалық үлестері төмендегідей болса: С-0,7742, N-0,1505, Н-0,0753. Заттың атын атап, құрылымдық формуласын жаз.

Шешуі: С6Н5-NH2.

Жаттығу: мұнайды крекингілегенде этилен түзіледі. Қандай қарапайым амин қышқылын одан синтездеуге болады? Сәйкес реакция теңдеулерін құрыңдар.

О

1) С2Н42 → 2СН3



Н

О О


2) СН3-С + 2Си(ОН)2 → СН3-С + Си2О↓ + 2Н2О

Н ОН


О O

3) СН3-С + Сl2 →Cl-CH2-C +HCl

ОН OH
4) Cl-CH2-COOH + 2NH3 →H2N-CH2-COOH + NH4Cl
Есеп.

Егер шығымы теория жүзіндегімен салыстырғанда 75%-ды құраса, 312 г хлорсірке қышқылынан қанша г аминосірке қышқылын алуға болады?

Cl-CН2-СООН + 2NH3→ H2N-CH2-COOH + HCl


  1. n (Cl-CH2-COOH);

  2. nтеор2N-CН2-СООН)=n(Cl-СН2-СООН);

  3. mтеор 2N-СН2-СООН);

  4. mпр 2N-СН2-СООН).


Есеп.

Аминқышқылының қалдығының орташа молекулалық массасы 120 тең деп алып;




Мmin- ақуыздың минимальды молекулалық массасы,

а –компоненттің атомдық немесе молекулалық массасы,

в – компоненттің пайыздық құрамы.
1 есеп. Адам қанының гемоглобинінде 0,34% темір бар. гемоглобиннің минимальді молекулалық массасын есепте.
Шешуі:
Мmin = 56г : 0,34% × 100% = 16 471г.
2 есеп. Адам қанының альбумин сарысуының молекулалық массасы 68400. Осы ақуыздың молекуласындағы аминқышқыл қалдықтарының санын есепте.
Шешуі:
68400 : 120 = 570 (альбумин молекуласындағы аминқышқылдары).
3 есеп. Ақуыз құрамында 0,5% глицин бар. Осы ақуыздың минимальды молекулалық массасы неге тең, егер Мглицина = 75,1? Осы ақуыздағы аминқышқыл қалдықтарының саны қанша?
Шешуі:
1) Мmin = 75,1 : 0,5% × 100% = 15 020
2) 15 020 : 120 = 125 (осы ақуыздағы аминқышқылдары)

.

V. Қорыту: Сөзжұмбақ.(слаид №14)



Сұрақтар:

  1. Қыздырудан, ауыр металл тұздарының және қышқылдардың әсерінен, радиоактивтік әсерлерден ақуыздың үшінші және екінші реттік құрылымы бұзылады, бұл құбылыс қалай аталады?

  2. Электронды қосып алу нәтижесінде атом мен ионның тотығу дәрежесінің келуін не дейді?

  3. Қандағы қант мөлшерін реттейтін гармон.

  4. Карбоксил тобы қандай қасиет көрсетеді?

  5. Ең алғаш алынған ақуызды зат?

  6. Ақуыздың маңызды химиялық қасиеті?

  7. Ақуызды анықтайтын түсті реакцияның бірі.

  8. Оксигемоглобиннің неше молекуласы оттекті тасымалдайды?


1. Ақуыздар – бірнеше рет қайталанатын аминқышқылдарының қалдықтарынан түзілген табиғи полимерлер.

2. Ақуыздардың химиялық қасиеттері мен биологиялық қызметі әр ақуызға тән аминқышқыл қалдықтарының бірізділігімен анықталады.

Ақуыз бен өмір түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Өмір дегеніміз не? Жер бетінде ол қайдан пайда болды? Осы сұрақтар адамзат баласын толғандырды. Ақуыздар-Жер бетінде адам, өмірдің пайда болуына мүмкіндік туғызатын, заттардың дамуының ең жоғары дәрежесі.

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақта сізге не қызықты болды?

  • Өткен материалды сіз қалай меңгердіңіз?

  • Қандай қиыншылықтар болды? Оларды жеңе алдыңыз ба?

  • Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді болашақта пайдаға асыра аласыз ба?

  • Сабақ қызықты өту үшін сіздің ұсыныңыз?


VI. Үйге тапсырма: 44,174-181 бет. (слаид №15)

Оқушылардың жобаларының тақырыптары:



  1. Адамның тамағындағы ақуыздың ролі.

  2. Ақуыздың құрамын зерттеу.

  3. Ферменттердің белсенділігіне түрлі факторлардың әсерін зерттеу.

  4. Сүт тағамдарының пайдасы.

  5. Химия, тамақтану, денсаулық.

  1. Бағалау.

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗ ЭУ


ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ





ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН КІРІКТІРІЛГЕН САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ:
«АҚУЫЗДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ»




ОҚЫТУШЫЛАР: ТӘЛЕН А.И.

ТЛЕУОВА Ғ.М.


АЛМАТЫ, 2010.
Каталог: uploads -> doc -> 04b6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04b6 -> Орыстілді мектепалды даярлық тобына арналған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Пән мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет