Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
принциптері.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық және дәрілік көмек алу құқығының теңдігін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жаппай қамтамасыз ету;
4) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
5) медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігі;
6) медициналық және дәрілік көмек сапасын ұдайы арттыру;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы қамтамасыз ету;
8) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметінің сабақтастығы;
9) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану:
11) ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;
12) отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау;
13) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |