Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі Сабақ өткізілетін күн



бет6/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,7 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Синтаксис[өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлемтуралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисіграмматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисіқұрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.

  • Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:

    • Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу.Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.

    • Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі,интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.

  • Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы,сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.

  • Синтаксистік категориялар — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.

  • Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері,сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалықграмматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік,атрибутив/атрибутивтікобъектілікпысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.

  • Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.

  • Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық(баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына,аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.

  • Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.



Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут

Аллергиялық дерттер. Сынамалар, талдамалар, ауруды анықтау жолдары. Аллергия түрлері жайлы ақпараттық материалдар әзірлеу.


Әдебиеттер:

  • А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

  • Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. 

  • Источник: http://yznaika.com/hints/22-usteu

  • Жоғарыға көтеріліңіз Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. 

Оқытушының қолы:____________



Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.

Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.



Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз,балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.


Құнарлы тағамдар

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі,гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдапкөкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады,төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

28.11.2016ж.

ЛФН-16-13р




10-00-11-20



І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Етістіктің келер шағы Максат Үстеу, Ілік септіктегі сөздердің жазылуы,.

Лексикалық тақырып: Тақырып бойынша лексикалық біліктер

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: Балаларға мысалдар келтіру арқылы етістіктің шақ категорияларымен таныстыру, соның ішінде келер шақпен жұмыс жасау. Сөздерді шаққа, жаққа бөліп жекеше, көпше талдау.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру. «Даналық дарағы» ойынын ойнату. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдермен жұмыс жасау.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Оқылым. Оқу мәтіндері:. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Жазылым. Тілдесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сыныптағы оқушылардың өздері таңдаған тақырыбы бойынша сөйлесімі.


ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, бағалауға арналған тапсырмалар, , оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • ҚС байланысу формалар?

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлері.

  • Себеп салдар құрмаласының жасалу жолы.



Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Көсемше де –етістіктің ерекше түрі.

Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады.                                                   Көсемшенің жұрнақтары

1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й

2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п

3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі

Көсемшенің –а,-е, -й және –ып,-іп,-п  жіктеледі, -ғалы, -гелі,-қалы,-келі жіктелмейді(Ауызша бір-екі етістікті алып жіктету)                                                                                                                                                           



Көсемшелер көптік, септік,тәуелдік жалғауларды қабылдамайды

2.1-2оқушыны тақтаға шығарып, мақалдарды сөз табына талдату. 

Мыс: 1. Әкеге қарап ұл өсер,   Шешеге қарап қыз өсер.

           2.Батыр жауда көрінеді.   

  3. Сыныпта 257-жаттығу көсемшелерді теріп жазыңдар(Дәптерлеріне теріп жазады да, оқиды.)    

№3 Тапсырма.        

№6.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып,мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір.

1.Таң----------------------жымыңда+ п тұр

2.Жұлдыз---------------------ағар+ып атты

3.Ай-----------------------------жау+ғалы тұр

4.Боран------------------------- сыңғырла+й соғылды

5.Қоңырау-----------------------жарқыра+й+ды

6.Жаңбыр------------------------- гуілде+й соқты

№4   «Ойлан, тап!» ойыны(плакатқа 1-бағанның тапсырмасын сызу.Қалғанын оқушылар өздері орындайды.)

 

Көсемшелерді етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістіктер жаса.

Етістік     Көсемше Күрделі етістік

1. Жабу


2. Көрсету

3.Қону


4. Жүру

5.Айту


6.Түсу

7. Сынау


8 Бару

9. Шегіну

10. Сөйлеу
Есімше және оның түрлері.

1. – қан, - кен, - ған, - ген - өткен шақ есімшелері.


2. – ар, - ер, - р - болжалды келер шақ есімше.
3. – мақ, - мек,- пақ,- пек,- бақ,- бек - мақсатты келершақ есімшелері.
4. – атын,- етін, - итІн,- йтын - ауыспалы кңелер шақ
Жазылған қағаз

Оқыған кітап

жиналған үй

болған оқиға

қызған ойын

сынған әйнек

жуылған киім
Аударма. Өтініш (просьба)

1. Рақым етіңіз..... . – будьте любезны

2. Айт.(Айтыңыз) – скажи (скажите)

3. маған бер (беріңіз) – дай (дайте) мне.

4. Сіз маған көмектесе алар ма екенсіз? – Вы не могли бы мне помочь

5. Сенің (сіздің) өтінішің орындалды – Ваша просьба будет удовлетворена.



6. Көре алар ма екенмін- Көре алар ма екенмін.

7. Рұқсат па?- можно

8. Кіруге рұқсат па?- Можно войти?

9. Сұрауға рұқсат па?-можно спросить?

10. менің саған өтінішім бар еді- У меня к тебя просьба.

Үстеудің мағыналық түрлерінің кестесі

 


ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ

СҰРАҚТАРЫ

МЫСАЛДАРЫ

1.Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері?

Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таң сәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.

2.Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.

3.Сын-қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.

4.Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншама? Қаншалық?

Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.

5.Күшейткіш үстеуі

Қалай? Қандай?

Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.

6.Мақсат үстеуі

Қалай? Не мақсатпен?

Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.

7.Себеп-салдар үстеуі

Не себепті? Неге?

Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.

Мақсат үстеулері


Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Тапсырма. Өзіндік шығармашылық жұмыс. Төменде көрсетілген тақырыпты падалана отырып, шығарма құрастыр.

Негізгі кітаптан тапсырма орындату. Сөздерді септеу.


Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова



Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

05.12.2016ж.

12.12.2016ж.



ЛФН-16-13р




10-00-11-20


І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлемнің лексикалық бірліктері.

Лексикалық тақырып: Әлеуметтік-мәдени ая. Қазақстанның белгілі ғалымдары.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: Балаларға мысалдар келтіру арқылы етістіктің шақ категорияларымен таныстыру, соның ішінде келер шақпен жұмыс жасау. Сөздерді шаққа, жаққа бөліп жекеше, көпше талдау.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдермен жұмыс жасау.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Оқылым. Оқу мәтіндері:. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Жазылым. Тілдесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сыныптағы оқушылардың өздері таңдаған тақырыбы бойынша сөйлесімі.


ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, бағалауға арналған тапсырмалар, , оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • ҚС байланысу формалар?

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлері.

  • Себеп салдар құрмаласының жасалу жолы.



Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Грамматикалық тақырып. Құрмалас сөйлемнің лексикалық бірліктері.
Синтаксистің  үлкен бір саласы – құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Құрмалас сөйлем категориясын дұрыс танып-түсінуде оның өзіндік тарихи қалыптасу негіздері, әлеуметтік қызметтері бар ерекше синтаксистік категория екендігін тани білуіміз керек. Әдетте құрмалас сөйлем сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынас пен синтаксистік байланыс мәселесі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде біршама жүйелі баяндалып, орнығып қалғаны белгілі. 

Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік табиғатын танып-түсінуде екі мәселе аса маңызды: біріншіден, құрмалас сөйлемді екі жай сөйлемнің жиынтығы деп қана емес, оны тұтастай тірі организм деп тану болса, екіншісі – оның құраушы сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынастар сөз тіркестері мен жай сөйлемді құраушы лексикалық бірліктер арасындағы тәрізді (сөйлем ) мүшелік сипаттағы қатынастар емес, жаратылыс-болмыстың аса маңызды заңдылықтарын – мезгілдік, мекендік, себеп-салдарлық, шарттылық, қарама-қарсылықтық, т.б. бейнелейтін қатынастар екендігі.

Мысалы: Биік талғамсыз биік парасат жоқ. Биік талғам болмаса, биік парасат жоқ.құрмалас сөйлемге аударуға болады.

Интонацияның құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстырушы ретіндегі ғана емес, оның синтаксистік қатынасты бейнелеудегі нақты қызметі болатындығын да көрсетеді.

Мысалы, Бар ыстық менің қойныма тығылғандай шоқпыт қомшаның іші қыж-қыж қайнайды – деген сөйлемдегі интонацияны сәл өзгертсек, бұл сөйлем енді жай сөйлем емес, құрмалас сөйлем болып шығады екен. Ол былайша көрінеді: Бар ыстық менің қойныма тығылғандай – шоқпыт қомшаның іші қыж-қыж қайнайды. 

Интонация арқылы құрмалас  компоненттері арасындағы синтаксистік қатынастың көрініс табу мүмкіндігі бар екен. Оған мынадай мысалдар келтіріледі:



Күн бұлттанғанмен, жаңбыр жаумады.Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады. Күн бұлттанды, жаңбыр жаумады (жауды).
89-жаттығу

1.Ночь была тиха и светла, хотя луны не было-  Түн тыныш, ай бомааса да, жарық екен.

2.Лаврецкий поднялся и начал возражать Панщину: завязался спор — Лаврецкий түрегеліп, Панщинге қарсы сөйлеп: дау басталды.

 3. День пронесся быстро в этих размышлениях, начал вечер. —



Осындай ойлармен күн тез өтті де, кеш те батты.

4. Он еп сам по себе не очень нравился, да и Паищин, под влиянием которого она находилась, весьма коварно, но небрежно похвалил его накануне. 

Мұның өзі де оншалық ұнамайтын және Панщинге өзінің бұл әйелге ететін әсері бойынша кеше жігітті арам түрде және астамшылықпен мақтаған болған.

5.Он сам не понимал, как это ложь сорвалась с его языка. 

Ол бұл өтіріктің аузынан қалай шығып кеткендігін байқамап қалды.

 6.Он тот, кто нам нужен. – Ол бізге керек адамның өзі. 



90-жаттығу

Берілген мақал –мәтелдерден құрмалас сөйлемнің жасалу жолын анықта.

1.Жат елдің жаксысы болганша,
Өз еліңнің сакшысы бол.


2.Есі бар жігіт елін табар,
Есі жок жігіт жаттың отын жагар.


3.Ырыс алды – ынтымак.

4.Бірлік болмай – тірлік болмас.

5.Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне.


6.Кісі елінде сұлтан болганша,
7.Өз елінде ұлтан бол.


Өз елім – өлең төсегім.

8.Мал конысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.


9.Ел-елдің бәрі жаксы,
Өз елің бәрінен жаксы.


10 Жат елдің жаксысы болганша,
Өз еліңнің сакшысы бол.


11.Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.


12.Екі кұзғын таласса,
Бір карғаға жем болар.


13.Кырык кісі – бір жак,
Кыңыр кісі – бір жак.


14.Саусак бірікпей –
Ине ілікпейді.


15.Токтығында жараспаған,
Аштығында караспайды.


16Байлык байлык емес, бірлік – байлык.
Тапсырма. Өзіндік шығармашылық жұмыс. Төменде көрсетілген тақырыпты падалана отырып, шығарма құрастыр.

Әлеуметтік-мәдени ая. Қазақстанның белгілі ғалымдары. (2 студенттен бірігіп кэйс дайындау).



    1. Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы




Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     А. Байтұрсынов «Тіл құрал»

2.     Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»

3.     Қ. Есенов «Құрмалас сөйлем синтаксисі»

4.     Бекмағамбетов Ш. Қазақ тіліндегі түсіндірмелі қатынастағы құрмалас сөйлемдердің құрылымдық – семантикалық сипаттамасы // Канд. дисс. А., 1993.

5.     Балақаев М. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. (Синтаксис), А. 1967

6.     Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы туралы. А., 1941.



7.     Сауранбаев Н. Академик Нығмет Сауранбаевтәі еңбектері, А., 2000, Т.ІІІ


Оқытушының қолы:____________

Сабақтың жоспары
Осы шақ (настоящее время)

Каталог: uploads -> doc -> 12f4
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12f4 -> Сабақ (химия + Бейнелеу өнері) тақырыбы: "Бояулар химиясы"
12f4 -> 10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар. Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»
12f4 -> Сабақтың тақырыбы: «Шеберлік шексіз байлық»
12f4 -> Технологиялық карта Білім беру сапасы: Қатынас
12f4 -> Сабақтыңтақырыбы : Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі Мақсаты : Оқушылардыңбілімінарттыраотырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу