Асанова Аманай Жангельдиновна. «Болашақ селолық округінің №10 орта мектебі» КММ-сінде физика пәні мұғалімі.
Сабақтың күні:
Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі.
Білімділік мақсаты: Қысымның өмірдегі орны, оның кездесер аймағы, адам үшін маңызын ескере отыра, кысым ұғымын ғылыми түрде ұғындыру. Есеп шығаруға баулу, ойын тиянақты ашуға бейімдеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың әртүрлі қасиеттегі денелердің қысымын анықтау арқылы, эксприментке деген қызығушылығын ояту. Сонымен бірге сурет, дидактикалық ойындар арқылы, оқушының ойлау қабілетін дамыту, сөйлем құрастырып, ойын тиянақтауға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Сабаққа өз еркімен белсенді араласуы, білімдерін көрсете алуы, ұжымдасып жұмыс істеуі, өзін- өзі басқаруына ықпал ету. Оқушыға тез ойлауға, жылдам жауап беруге, бірін- бірі сыйлауға, ауызбіршілікке, төмен оқитын оқушы мен жақсы оқитын оқушының бір- біріне көмектесуі арқылы алға шығуға болатындығын түсіндіруге, сабаққа белсенді еркін араласуға тәрбиеледі.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, сырғымалы тақта (болған жағдайда интерактивті тақта қолданылған болар едік), диапроектор, плакат, семантикалық карта, слайд, есеп, эксперимент құралдары, кеспе қағаздары, бағалау парағы, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың типі: ашық сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика.
Сабақ әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Қосымша қолданылған технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау, ұжымдап оқыту әдісі, проблемалық оқыту, демонстрациялау.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
а)топтастыру стратегиясы.
б)ой қозғау стратегиясы.
в)қарама- қарсы элемент стратегиясы.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV.Ой толғаныс.
г)суретке қарап болжау стратегиясы.
V.Деңгейлік есептер шығару
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы.
Ұйымдастыру. Амандасу, түгелдеу, журнал ашу. (2 минут).
Өткен тарауға шолу.
А) Жұптау стратегиясы.
Ә) Ой қозғау стратегиясы
Б) Қарама- қарсы элемент стратегиясы
Оқушыларды ұжымдап бөлу. Әр парта бір- біріне көмек беруге тиіс. Семантикалық карта арқылы және формула құрастыру арқылы деңгейлік ұжымның балдары қойылады. Өткен тақырыпты сұрауға 7 минут.
Бағалауға 1 мин.
А деңгейге семантикалық карта. Оны тақтаға шығып интерактивті тақтаға қаламмен орындайды.
|
Зат молекулаларының жайылуы немесе таралуы
|
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі
|
Ρ=m/V
|
Деформация
|
|
|
|
тығыздық
|
|
|
|
диффузия
|
|
|
|
Б деңгейге кеспе қағаздарындағы шашылып жатқан шамалардан формула құрастыру. (Егер интерактив тақта болса, біреуі флипчартта орындауға болады.)
=mg
F=
С деңгейге суретті сөйлету. (кітап көтеріп тұрған бала, орындықтың үстінде қап тұр.)
Екі оқушыдан ұжымдап бөліп әр партаға бағалау парақтарын таратамын.
Амангельді Нұржан
|
А деңгей
|
Б деңгей
|
С деңгей
|
Бағдавлетов Маңғыстау
|
|
|
|
Ерғазы Мейірбек
|
|
|
|
Жетекбай Дана
|
|
|
|
Жолдасов Мадияр
|
|
|
|
Инирбаев Дауренбек
|
|
|
|
Өткіл Ерқуат
|
|
|
|
Нұрбергенов Марлен
|
|
|
|
Жаңа сабақ. 20минут.
«Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі» тақырыбын дәптерге күн жатымен бірге жазып алыңдар. Енді, осы тақырыпты бөліп-бөліп оқып, өз бетімізше басқаларға түсіндіріп беруіміз керек. Қолдарына түсті бояудағы күрек, шаңғышы баланың суреттері беріледі.
Ал, келесі қатарға ережеден кейінгіні таныстыру тапсырылады.
ІІІ. Мағынаны тану.
( Оқушыларды парта бойынша бөліп, әр партаға тақырыпты өздеріне оқитын бөліктерін бөліп беремін. Аз уақыт оқиды, қолдарына парақ беріледі. Сол параққа ұмытып қалатын сөздерін түртіп алып тақтаға өз ұжымымен, яғни парталасымен шығып, бірінің білмегенін бірі толықтырады.)
V. Ой толғаныс.
Суретке қарап болжау стратегиясы бойынша оқушылар экрандағы суретті түсіндіріп берулері тиіс.
Мұғалім сөзі:
Достарыңызбен бөлісу: |