Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, парақшалар: шығу парағы Күтілетін нәтиже: Сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя алады



Дата07.05.2017
өлшемі423,87 Kb.
түріСабақ

Матаева Аглиман Бултуканқызы

«Зырян қаласы №9 ота мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

3- сынып Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылар бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін нақтылай түседі.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы мағлұмат алады.

2. Сөздерге сұрақ қоюға, сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеуге, сауатты, мәнерлі жазуға талпынады.

3. Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.

Идеясы: Топта жұмыс істейді.

Технология: СТО.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, парақшалар: шығу парағы

Күтілетін нәтиже: Сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя алады.

Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты таба алады.

Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді таба алады.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. 5 минут. Слайд1. Онда Күн мен Жүректің суреті көрсетіледі.

-Қайырлы таң , балалар. Арайлап тағы да бір таң атты.Мен сендердей мейірімді достарымды көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма мен ғана емес, қараңдаршы, шуақты Күн де күліп тұрғандай.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау менің оң қолым, мынау- менің сол қолым.

Бәрін осы атқарған.

Кері байланыс: Өткен сабақ туралы пікірлерің жақсы екен. Мен оған қуаныштымын. Не білгілерің келеді дегенге :

-Бастауыш пен баяндауыштың ұқсастықтары неде деп сұрапты. Өздерің айтыңдаршы:

-Бастауыш пен баяндауыш туралы көбірек білгім келеді депсің. Талабың таудай екен. Оқып, іздене берсең, ол тілегіңе де жетерсің. Қазір Әутәліпова Аянна біраз жұмыс жасап келді. Өз мағлұматымен бөліссін.

-Тағы қандай сөйлем мүшелерінің түрлері бар деген жақсы сұрақ қойылыпты. Алдағы уақытта бұл сұрағыңыздың жауабын табарсыз деп үміттендіремін.

-Ертең қандай тақырып өтеді екенбіз- деп жазылған. Осы сұраққа жауап бере отырып кері байланысты аяқтайын.

Бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады.

Сабақ мақсатын өздерің қойып жіберіңдерші. Слайд-3.

Сабағымызда біз:

1. Үй тапсырмасын тексереміз.

2. Қызығушылықты ояту сатысы. Мұнда «ББҮ» стратегиясымен жұмыс істейміз.

3. Мағынаны тани білу сатысында жаға ұғыммен танысамыз.

4. Ой толғаныс сатысында жаттығулар орындап, ББҮ кестесін толықтай толтырып аяқтаймыз.

5. Қорытындылап, үй тапсырмасын аламыз.

Сабақта өздеріңді бағалау крийтерийлері барлығыңда бар.

Ескерту. Бағалау критерийлерін өзім жасап, оқушыларға таратып бердім. Сол үлгі бойынша оқушылар өздерін барынша әділ бағалап жүр. (Үлгісі: Үй тапсырмасын жа0сы орындау деңгейім, жаңа материалды түсініп алдым, жартылай түсіндім, толық түсіндім .

Сабаққа орташа , жақсы, өте жақсы қатыстым (керек сөздің астын сыз).

Берілген тапсырмаларды толық, жартылай, орташа орындадым.

Жазған кезде қателіктер болды.

Бүгінгі сабақта жазуым әдемі, таза, мәнерлі, қатесіз, шимайсыз болды.

Мен бүгінгі сабақтағы өз білімімді бес, төрт, үш, екі, бағалай алмай отырмын деп бағалаймын)

Топпен , жұппен жұмыс істеуде ереже құрастырып алайық. Тәртіп бар жерде білім болады деп ойлаймын. Топ ережесін оқушылар өздері құрастыруда.

-уақытты ұтымды пайдалан

-жұбыңды, достарыңды сыйла

-бір- біріңнің айтқандарыңды тыңдай біл

-тыныштықты сақта

1. Үй тапсырмасын тексеру: 3 минут.

Дәптерлерін жинап алу.Бүгінгі күнді жазамыз. Берілген әріпті әдемі етіп жазамыз.

Қазір ББҮ кестесін толтырайық. Біз сабағымызда сөйлем мүшелерімен танысып жатырмыз.4 минут ішінде білгендеріңіздің тізімін жасап шығыңыз. Енді жұбыңызбен 2 минут ішінде бөлісіңіз де, өзіңіздің жазғандарыңызбен бөлісіп, маған бірінші бағанды толтыруға көмектесіңіз.

ББҮ кестесі

Мұғалім тақтаға сызады. Маған толтыруға көмектесіңіздер.

БІЛЕМІН 10 минут. БІЛГІМ КЕЛЕДІ 3минут. ҮЙРЕНДІМ

Сөйлем мүшелері нақты

сұраққа жауап береді.

Бастауыш- іс-әрекеттің

иесі.

Кім? Не?



Бастауыш зат есімнен

жасалады

Баяндауыш-қимыл іс-

әрекетті

білдіреді.

Не істейді? Қайтеді?

Баяндауыш-етістіктен, сын

есімнен, зат есімнен, сан

есімнен жасалады.

Егер бастауыш та,

баяндауыш та зат есімнен

болса, онда бастауыштан

кейін сызықша қойылады.

.

Мұғалім жазылғандарды оқиды және сонан соң:



Сонымен біз Сөйлем мүшелері туралы көп білеміз.Бірақ біз көбірек білгіміз келеді.Біз тағы не білгіміз келеді? Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

*Оқушыларға 3 минут уақыт беріледі.Сонан соң оқушылар жұпта өз сұрақтарын талқылай отырып, 3 сұрақты таңдап алады.

Мұғалім: Екінші бағанды толтыруға көмектесіңіздер.

II Мағынаны тани білу сатысы (10 минут)

1. Бұл жерде мен сіздерге «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген мақалды алып келдім. Бұл мақалдың біздің сабағымызбен байланысы қандай деп ойлайсыздар? Сабақты өз бетімізбен меңгеру.

2. Топта жұмыс жүргізесіздер. Оқулықпен жұмыс. Сіздерге 60- жаттығуды оқып, талдау үшін 5 минут уақыт беріледі.Оқыр алдында пайда болған «Білгім келеді» бағанында тізілген сұрақтарға мән беріңіз. Оқу барысында осы сұрақтарға жауап табуға тырысыңыз.

3. «Жобалау. Жоба қорғау».

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Бастауыш баяндауыш

Ереже: Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз.

Ұжым болып орындау .

61- жаттығу.

Мектепте асхана бар. Тұрлаулы мүше: Асхана бар.

Аспазшы тамақты дімді пісіреді. Тұрлаулы мүше: Аспазшы пісіреді.

Балалар үзілісте асханаға келді. Тұрлаулы мүше: Балалар келді.

«Сұқ саусақ» стратегиясы

Бір топ ұжымға қорғайды. Мұғалім тақтаға жазады. ББҮ-нің 3- бағанын толтырады.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы. (14 минут)

Сергіту сәті: Билету. 4 лидер емес балаларды шақырып, олар бір- бірін таңдап- топқа бөлінеді. Балалар қолдарына дәптер, қаламсап, күнделіктерін алып шығады.4 минут.

1. Топпен жұмыс.

№1- топ 62 –жаттығу . Оқушылар топта талдап, орындайды.(7 минут)

№2- топ. 64- жаттығу.

№3- топ. 63 жаттығудың (1)

№4 оқушы 64 жаттығу (2)

2. Шығу парағы. Жұппен жұмыс.(2 минут) Өздеріңнің кішкентай мейірімге толы жүректеріңнен маған ұсыныс, пікір, өтініш, тілектерің болса жазып бере қойыңдар.

Не білдік?

Пікіріміз:

Тағы не білгіміз келеді?

IV. Бағалау. Оқушылар өздерін бағалайды.

Біз мына оқушылардың бағаларымен келісеміз деп ұжымға ұсынады.(2 минут)

V. Үйге тапсырма. 87 бет.52-53- жаттығу

Сабақ аяқталды.



VI.Қорытынды:

VII. Шығу парағы.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет