Кіші қанайналым шеңбері Оң жақ жүрекшеден вена қаны оң жақ қарыншаға түседі де ,қанайналымның кіші шеңбері басталадыОң жақ қарынша жиырылғанда,қан оң жақ және сол жақ өкпеге қанды апаратын екі өкпе артериясына бөлінетін өкпе бағанына шығарылады.Өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға ,содан кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын қалың орап жататын капиллярларға тарайды.Өкпе капиллярларында қан көмірқышқыл газын беріп,оттекпен қанығады.,вена қаны артерия қанына айналып ,ашық қызыл түске айналады.Осыдан кейін артерия қаны венаға жиналады да ,өкпенің төрт венасы арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады.Бұл жерде қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны ,венада артерия қаны ағады.
Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз — қаннын он жақ қарынша дан шығып, өкпе қызылтамырлары мен қылтамырлары арқылы өтіп, сол жақ құлакшаға келу жолы.