Сабақтың мақсаты : 1 Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету



Дата28.01.2018
өлшемі63,61 Kb.
#35517
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Наурыз»
Сабақтың мақсаты: 1) Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Сәкен Сейфуллиннің өмірімен таныстыру.
2) Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру
3) Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: тірек – интерактивті тақта, сызба, С. Сейфуллин суреті, ребус, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.
Топқа бөлу
І топ «Алтыбақан» тобы
ІІ топ «Ханталапай» тобы
ІІІ топ «Бәйге» тобы
ІҮ топ «Көкпар» тобы.
Ал, оқушылар олай болса экранға назар аударайық. Ребус шешу «Наурыз» сөзі шығады.
ІІІ Жаңа сабақ
Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңін өтеміз.
С. Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері.
1894-1938 жылы Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Шын есімі Сәдуақас
Бірнеше өлеңдер мен роман, повест, пьесалардың авторы.
Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, «Әдебиет майданы» журналының редакторы болып қызмет атқарды.
Өлеңді мәнерлетіп оқыту.
Өлең не жайында екен?
Наурызда қандай өзгерістер болады екен?
Жыл басы, Жан - жануарлар ұйқысынан оянады,
Ұлыстың ұлы күні,
Көктемнің алғашқы айы, Күн мен түн теңеледі.
ІҮ. Сөздік жұмыс
Наурыз-жыл басы
Топтарға тапсырма.
І топ Қандай салт-дәстүрді білесіңдер?
ІІ топ Қазақша ай аттарын айту.
ІІІ топ Наурыз көженің жасалуын айту.
ІҮ топ Қазақша жыл санау.
Наурыз көжені жеті түрлі тағамнан әзірлейді.
Ет — ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі.
Су — ғажайып зат. Су — тіршілік көзі.
Құрт — ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сары суы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады.
Майбарлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар.
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады.
Тұз — адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтіреді.
Сүт — сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Сүттің өзі және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. Сүт дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.
Ү. Сергіту сәті.
Топтарға тапсырма
І топ Адам қайтеді?-қуанады, күледі, тойлайды, шаттанады.
ІІ топ Су қайтеді?-жүгіреді, асығады, ағады.
ІІІ топ Құстар қайтеді?-жырлайды, шаттанады, ұшады.
ІҮ топ Мал қайтеді?-жадырайды, төлдейді, жаңа жылды қарсы алады.
ҮІ. Венн диаграммасы
М.Дулатов С.Сейфуллин
Наурыз Наурыз










ҮІІ. Постер қорғау.
Әр топ өз топтары туралы білетіндерін айту.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
Өлеңнің ұйқасын табу.
Ұлыс күні
қазан толса,
Ол жылы ақ
мол болар,
Ұлы кісіден
бата алсаң,
Сонда олжалы
жол болар....
Ұлыстың
ұлы күнінде,
Бай шығады
балбырап,
Қасында
жас жеткіншек,
Тұлымшағы
салбырап.
ІХ. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді жаттап алу.
2. Наурыз тойының суретін салу.
Х. Бағалау

Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі


ашық сабақ

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Наурыз»

Өткізген Шаудирова Ж

4 «а» сыныбы



2013-2014 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0707
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0707 -> Сабақ Тақырыбы: «Зат есімнің септелуі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет