Сабақтың мақсаты : а Мұрат Мөңкеұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және



бет4/5
Дата16.05.2020
өлшемі32.06 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Қыз» өлеңінің шығу тарихы
Тыныштықпен айтысы Қызылқоға ауданында болады. Бірде Мұрат Шеркеш руының қыз ұзату тойына шақырылады. Мұнда ол Тыныштықпен айтысады. Сөзді Мұрат бастап, сөзінің соңында былай дейді:


Кемпірмен елудегі айтыс деген
Шеркештер, қорлық көрдім осыныңды-ай.
Тыныштық Мұратты «тентіреп жал­ғыз жүресің» деп мін таққысы келеді. Мұрат халқым аман болса мен жалғыз бол­маймын, мен келгенде сый-құр­мет­терің маған дайын дегенге келтіріп сөз айтады. Екі ақын да бір-бірінің руларының кейбір адамдарының жасаған іс-әрекеттерін айтып, бір-бірінің бетіне басады. Тыныштықтың тілі тигеннен кемшіліктерін тізбектеп кеттім деп, Мұрат шеркештерден кешірім сұрайды. Бұған Тыныштықтың жауабы болмайды. Айтыстың аяғында Мұрат ұзатылмақшы болып отырған қызға өзінің арнауын айтады.



Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен, қыз.
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген, қыз.
Шай ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әрең тұрасың төріңнен, қыз.
Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,
Көшкенде салтанатың көрінген, қыз.
Дәулеттің қалың қара арқасында
Асқан жоқ қатар-құрбың өзіңнен, қыз!
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан, қыз.
Лебізің, сөзің – шырын, маржан – тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз.
Адамның жалғаншыда арманы не,
Өзіңмен дүниеде қосылған, қыз.

Сөйлесең сүт шығады тіліңнен, қыз,

Құрбыңа салтанатың білінген қыз.

Басымнан бұ дүние өтеді деп,

Қайғымен тамақ ішпей бүлінген, қыз.

Қамқа бөрік, қамзол, бешпент, алтын ілгек,

Ақ көйлек зер шашақтан кейінген қыз.


Тойдың шапанын өзім алам деп отырған Тыныштықтан Мұрат осылайша озып, өрнекті жырымен ұтып алған болатын. Қыздың шешесі Мұратқа шапан жабады.

ІІІ «Жыршылар» тобы. Берілген өлеңдердің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет