Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру



Дата27.12.2016
өлшемі313,94 Kb.
#5627
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : Сөйлем

Сабақтың мақсаты : а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлем туралы түсінік. Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет.

-Оқып жүргеніңді Кенжетай айтып еді. Оқуларың бүгін басталды ма?

-Бүгін төрт сағат оқыдық. (С.М.)

Мұнда екі адам сөйлесіп, қарым-катынасқа түскен, пікір алысқан. Бұл сөйлесуде біршама тиянақты ойды білдірген үш сөйлем бар. Алғашқы сөйлемде— Кенжетай-дың айтқаны туралы ой, екіншісінде - оқуларының басталған-басталмағанын білуді мақсат еткен ой, соңғысында тыңдаушының оған қайтарған жауабы түріндегі ой берілген. Сөйлем өзімен сырттай ұқсас тілдік құбылыстардан, ең алдымен, коммуникативтік қызметі (қарым-қатынас жасау құралы болу), яғни бірдеме жайында хабарлау қызметі жағынан ажыратылады. Мысалы, сүт пісірілді деген мен сүт пісіру деген мысалдарды салыстырудан мынаны аңғаруға болады: біріншісінде (сүт пісірілді) бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық үлгісі бар, ол бірдеме жайында хабар беру үшін кұрастырылған. Ал екінші мысалдағы синтаксистік құрылым бірдемені атау үшін құрастырылған. Сондықтан біріншісі – сөйлем, екіншісі - сөз тіркесі. Сөз тіркесінде номинативті қызмет болса, сөйлемде хабарлау қызметі бар. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болады: сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.

Тілімізде әр түрлі мағыналарды білдіретін, мысалы, сәлем беру, рақмет айту, тілек білдіру, кешірім сұрау (Кеш жарық! Кешіріңіз! Жаңа жылыңызбен! мақұлдау мен теріске шығару (Иә, солай, жарар), әр түрлі эмоцияны білдіру (Бәрекелді! Ойпырмай!), жалпы сұрақты білдіру және оған жауап айту (Бұл қалай? Ештеңе емес, т.б.) сияқты айтылыстар бар. Бірақ бұлар өздігінен мәлімет бере алмайды, сөйлем бола алмайды, өйткені оларға бастауыш-баяндауыштық құрылым тән емес. Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.



Жаттығумен жұмыс: 10 - жаттығуды орындап,сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11- жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты : а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

. Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сондьқтан сөйлеу айналасындағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып өскен шоқ шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты қақ жарып өзен ағады. (Ғ.Мүст.)

Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырда өскен ағаш туралы, бұйрат, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген.

Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастағанды. Тоқтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте ақ қақ қылып кетты ау жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін, жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай! (Г.С.)

Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен (интонация) бөлініп айтылып, тиянақты жеке-жеке ойды білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, сосын екініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген.
Хабарлы бұйрықты


Сөйлем

Лепті сұраулы




Жаттығумен жұмыс: 15 – жаттығу. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің айтылу мақсатына көңіл бөліңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздер жазып, синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?



Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11- жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу..

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық ,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шак) жүзеге асқандығын немесе жүзеге асатындығын білдіреді. Мысалы:

Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп, олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. (С.М.) Хабарлы сөйлем оқиғаның, іс-әрекеттің болымсыздығын да білдіреді. Мысалы: Жер жыртуға гпоймайды, от отынеа тоймайды, кісі ойва тоймайды, бөрі цойеа тоймайды.

Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікір-лерін білдіреді. Мысалы: Ақ сутін беріп, аялап әсірген ананы қалай суйсец, еліцді де солай сую - цасиетпгі борышыц. (С.А.)

Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.

Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.

Сызбасы:


Кітаппен жұмыс: 17-жаттығу, Сөйлемдердің аяқталған тұсына нүкте қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар.

Шығармашылық жұмыс: «Қазақ жері-ежелгі адамдар мекені» деген тақырыпта эссе жазыңдар..
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап,сабаққа белсенді қатысып отырып оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: 18- жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

а) Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат , кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Қазақ тілінің қоғамдағы ролі туралы сұраймын

.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.

Тарихын тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескі замандардан –ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс,рухани құндылықтар тілі болғанын дәлелдер , деректер де жеткілікті.

Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Ол үшін ұлттық тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін күнделікті өміріміздің дәстүрі мен қарым-қатынас негізі етуіміз керек екені белгілі.

Бүгінгі қоғам бізден ұлттық дәстүрдегі тіл үлгілерін жетік білумен бірге іскерлік қарым-қатынастағы оқу,жазу, сөйлесу дағдыларын халықтық негізде қалыптастыруымызды талап етеді. Осындай тілдік дағдыларды қалыптастыруда,сөйлеу, жазу түрлеріне машықтануда талдау мен талқылау,үйрену сияқты түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын неғұрлым көбірек жүргізгені жөн.

Тілді үйрену-өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу, ұлт ділін, қасиетін, мінезін,ой, жан-дүниесін,сырын білу екенін ,халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық.



Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қазақ тілі туралы өлеңдер жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі - ұлт тілі

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де (басты белгісі) - оның тілі. Тіл - әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті - тілінде.

Қазақ тілі - көркем, сұлу да бай тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған стильдік нормалары бар.

Тілдің сөздік құрамы - өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.

Қазақ тілінің қоғам, өнер, мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін ашады:

-сөздік қоры бай, сөйлеуге оралымды;

-тілдегі сөздер бір-бірімен тіркестіруге, құрастыруға


-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;

-дыбыстар арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,


тартымды жетуіне қызмет етеді.

Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем құраңдар.

Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет ,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.

Зат атауы

Жан-жануар құс атауы

Сын,бейне,түс,қасиет

Қимыл-қозғалыс

уақыт


















Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 2-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Тамыры терең, тарихы бай тіл

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі тамыры терең, тарихы бай тіл екендігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі тілдерінің қыпшақ –ноғай (Н.А. Баскаковтың топтастыруы бойынша) тобынан тарайды. Түркі тілдеріне қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, құмық, башқұрт т.б. тілдері жатады. Түркі тілдеріне ортақ әдеби, мәдени мұра – қазіргі қазақ халқының да рухани құндылықтары.

Көне жазба мұралар (ХІV-ХV ғ.ғ. дейінгі)

1.

Көне түркі кезеңі

ҮІ-ІХ ғ.ғ.

Орхон-Енисей, Талас ес-керткіштері, «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» т.б.

2.

Ислам дәуірі

Х-ХІІ ғ.ғ.

Әл-Фараби («Музыканың ұлы кітабы», «Аргонон», «Логика» т.б.), М. Қаш-қари («Түркі сөздерінің жинағы»), Ж. Баласағұ-ни («Құтты білік»), А. Иассауи («Даналық кітабы»), А. Иүгінеки («Ақиқат сыйы») т.б.

3.

Алтын Ор-да - Қып-шаң дәуірі

ХІП-ХІУ ғ.ғ

«Кодекс куманикус», Рабғузи («Рабғузи қис-салары»), Құтып («Хұс-рау-Шырын»), Хорезми («Махаббатнама») т.б.



Жаттығумен жұмыс: 4-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.аудармасын түпнұсқасымен салыстырыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: Мына сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар.

Шегір,оқалы, лауазым,лебіз,манат,ойпаң,өктем,перне,рухани. Сонар,сәйгүлік, сүліктей, сүрме, сырғауыл, доғал,дода,ғибрат.

2-топ: Сол сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 7-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,қосымша материалдар т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші ұйымдастырушы. Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір-бірімен сөйлесу, пікір алысу, арасын

жалғастырушы қызметін, яғни қазіргі, бүгінгі, келешек арасына дәнекер болатынын да еске алатынымыз сөзсіз.

Тілдің, сөздің осындай қызметтерімен бірге халық жанында сөз киесін, сөз дауасын, сөз құдіретін, қасиетін құрмет тұтар тыйым сөздер, мақал-мәтел, даналық ойлар сөз тіркестерінің де қолданар орнына қарай өз ерекшеліктері сақталған.

Қазақ халқы «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Жақсы тілек, игі ой адамды бақытқа жеткізеді деген түсінікті ашады. Жақсы сөз естіп, білгір жанмен әңгіме құрса, «бір жасап қалдым» деген.

Қазақ халқы бір-бірінің қуаныш пен қайғысына, шаттық пен мұңына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты болсын айтып, қайғы-мұңды сөзбен, тіл күшімен сейілтуді дәстүр еткен.

Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен өрнектелсе, дау-дамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» шешілген.

Қазақ тіліндегі ұлттық дәстүр, тағлым, таным сипатындағы сөздер қоғамның түрлі сатысында алуан жағдай, жайға қарай үлкен қызметтер атқарған. «Айтылған сөз - атылған оқ» деген халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да, кесімді уәжді, қорытылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін шартты түрде төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады:

-дау-дамай, ұрыс, қақтығысты шешетін сөздер (шешендік сөздер, билер дауы);

-сенім, күш, айбын болатын сөздер (сыйыну, табыну сөздері);

-ем, дауа, тән жарасын жазар сөздер (аластау, бәдік т.б. түрлі ауруларды емдеу кезінде айтылатын сөздер);

-өткенді екшеп, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ салу, қобыз ойнау, т.б.);

-тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс);

-тыйым сөздер, қарғыс сөздер;

-жан жадыратып, көңіл өсірер, қуаныш әкелер сөздер (қошемет, қоштау);

-есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру, ата-баба аруағына сыйыну);

-қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту).

Жаттығумен жұмыс: 10-жаттығу. Сөйлемдерді топ-топқа бөліп жазыңдар

Тыйым сөздер

Тілек сөздер

бата

Болжау,жол ашу

Қошемет, сүйсіну
















Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың рулық, халықтық дәстүр, әдетті берік ұстанған ортасы тілді де әр сөйлеуші, тұтынушының қоғамдағы орнына қарай ыңғайлай, орнымен қолдануын талап еткен.

Жас ерекшелігіне қарай, ел-жұрт алдындағы беделі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне қарай әркімнің айтар сөзі, сөз қолданар орны болады. Топ алдында елге арнала айтылар сөзді жасы үлкен аңсақал, қариялар, ел сыйлайтын азаматтар бастаған. Жасы кіші солардың рұқсатымен немесе сұрауымен ғана сөйлеген. Бұның бір жағы ортаны сыйлау, елді, үлкенді, дәстүрді құрметтеу болса, екінші жағы - тілдің тәрбиелеуші қоғамдық қызметінің көрінісі.

Қоғамдық қатынастағы тілді іскерлік қатынаста және әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер деп бөлуге болады. Тарихи қалыпта алар болсақ, билер сөз жарысы, ел мен жер дауына қатысты сөз қағыстары, пікірлесу, сұхбаттасу, мәміле, келісім сияқты сөз қолданыстарын қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қатынастағы сөздердің бастауы деуге негіз береді.



Жаттығумен жұмыс: 12-жаттығу. Амандасудың әр түрі кімге қатысты екенін айтыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: Бірнеше мақал-мәтелдер айтады.

2-топ: Мақал-мәтелдердің қандай мінездерді бейнелегенін айтады.

Мысалы: Сөйлегенді үндемеген жеңеді (шыдамдылық,сабыр.)

Сұрақ-жауап: «Сәлем бере білесің бе?»

  1. «Сөз анасы-сәлем» дегенді қалай түсінесің?

  2. Сәлем беру деген не?

  3. Екі адам кездессе, кім бірінші сәлем береді?

  4. топқа қарсы келгенде кім бұрын сәлем беру керек?

  5. Сәлемдесу әдебін қалай жасаған жөн?

  6. Сәлемді қалай алған,қабылдаған дұрыс?

  7. Өзің сәлем бере білесің бе?



Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 14-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып ,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;

ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шешендік өнер - өзінің нақты зерттеу нысанасы,белгіленген теориясы,сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі.Қолданбалы пәндердің қатарына жататын шешендік өнер кешендік білім жүйесін құрайды.Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру,тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу,өз пікірін жеткізу,сендірумен бірге сөз арқылы оқыту,тәрбиелеу мақсаттарын қояды. Шешендік өнер тек құрғақ білімді жатқа білу емес,оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы,дұрыс ойын жеткізе алуы десек,аталған шарттар практиканы көп қажет етеді.

Шешендік өнер тарихы сонау ерте замандардан басталады.Адамзат баласы алғаш игерген әрі желісі үзілмей келе жатқан өнерлердің бірі.Оның тарихын білу халық тарихын білумен бірге,сөйлеу мәдениетін,әдебін үйрену,сөздерді дұрыс таңдай алу ерекшеліктеріне жаттығу.Шешендік өнер қоғамның саяси-экономикалық,әлеуметтік негіздері қажеттіліктерінен туған.

Шешендік өнерді «риторика» терминімен де ауыстырып жатамыз.

Риториканың (грек тілінде rhetorire) алғашқы және негізгі мағынасы – шешендік өнер.Көне Грецияда шешендік өнерді,риториканы,үйрететін мұғалімді ритор деп атаған.

Шешендік өнерді қай халық та болсын меңгерген десек те,Эллада шешендік өнердің отаны деп есептеледі.Ежелгі Грецияда сөз өнерінің құдірет-қасиеті жоғары бағаланды.



Тақтамен жұмыс: 1-жаттығу.Кестені толтырыңдар.Бос орынға не жазар едіңдер?
Шығармашылық тапсырма: Мәтінді мұхият оқып шығыңдар да,түйінді сөзді дәптерлеріңе тез түсіріп алыңдар.Сосын кітапты жауып тастап,мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып шығыңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 2-жаттығу. Оқып,сұрақтарға жауап жазып келуге беремін.
Күні: пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз түрлері

Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөз түрлері туралы түсінік бере отырып , оқушыларды шешендікке баулу;

ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазіргі қоғамда қолданылатын шешендік сөздің өзін бірнеше түрге бөлеміз.



Шешендік сөз түрлері

Саяси-әлеуметтік

Академиялық

Сот ісіндегі

әлеуметтік-тұрмыстық

Діни қызметтегі

әскери қызметтегі

саудадағы

Қоғамдағы,

басқару, билік жүйесіндегі сөздер, конференция, митинг жиындардағы сөздер.



Лекция, ғылыми баяндама,

ғылыми шолу



Прокурор,

қорғаушы,

айыптаушы сөздер


Мерейтой, салтанатты дастархандағы сөздер

Уағыз, иман

Жалынды, жігерлі үндеу сөздер

жарнама


Кітаппен жұмыс: 3-жаттығу.Кестені толтырыңдар.



Дәуір, ғасыр

шешен

Еңбектері

1

Көне дәуір







2




Цицерон




3

Көне дәуір







4

ХІХ ғасыр







5




Спиноза




6

Көне дәуір

Конфуций





Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 2-жаттығу. Оқып,сұрақтарға жауап жазып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз сапалары

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол шешендік сөздерді үйрету;

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: шешендік сөз кітаптары

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не? 2.Қандай би – шешендерді білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шешендік сөз сапалары дегенде,ең алдымен,сөйлеу ерекшеліктерін ашуды қажет етеді.



Қызметі


1.Пікір,ойды білдіреді

Тіл амалдары пайдаланылады

сөз жасау

сөз тіркестіру

сөйлем құрау

2.Сөйлеуші сипаты анықталады

Шығармашылық қабілеті дамиды

Ойға әсері дәлелді

мәнерлеп айтуы

Жасалуы


1.Сөйлеу айшықтары қолданылады

шендестіру

дамыту

қайталау

риторикалық сұрақ

дауыс ырғағы т.б.

2.Дайын тілдік құралдарды пайдаланады

мақал-мәтелдер

жыр,өлеңдерден

үзінді

сілтемелер

дәйек сөздер

Сонымен бірге шешендік сөздің сапалы шығуы,яғни,тыңдаушыны ықылас қоя тыңдата білуі,пікір алмасу,сендіру,ой бөлісумен де анықталады.Аристотель «Риторикада» қарым-қатынасқа қажет үш элементті анықтап көрсетеді.

1.Айтушы немесе шешен. 2.Сөз,оның жеткізер ой-пікірі 3.Тыңдаушы.




шешен

Сөз пікірі,ойы

тыңдаушы



Кері байланыс



Шығармашылық жұмыс: Төмендегі тақырыптарға әңгімелер құраңдар.Сөйлеу тіліндегі түрлі белгілі жүйелердің қолдануына назар аударыңдар.

  1. «Жүйелі сөз жүйесін табады,жүйесіз сөз иесін табады»

  2. «Шешен сөз бастайды,көсем ел бастайды»

Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады . Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Төмендегі тақырыптарға әңгіме құраңдар .Сөйлеу тіліндегі түрлі белгілі жүйелердің қолдануына назар аударыңдар.Сыныптастарыңа әңгімелеп беріңдер

Күні: Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың шешендік сөз туралы түсінігін кеңейту,қазақ тілінің сөздік құрамы туралы түсінік беру,меңгерту;

ә) жаңа сабақты түсіндіру арқылы,оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын сөздік қорын дамыту.

б) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы оқушыларды табиғатты сүюге,сөздерді дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөз сапалары дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шешендік өнердің жүйелі теориясы бар ғылым болатынын да айтып өттік.Шешендік өнердегі ең негізгі шешеннің өзі.

Тақырып таңдау Тақырыпқа қажет Тақырыпты аша

материалдар білу

Стиль Шешен Дауыс ырғағы

Психологиялық Аудиториямен Қосымша құралдарды

дайындау байланыс дұрыс пайдалану

Жоғарыда шешендік қызмет әрекеті көрсетілген.Осындағы ерекшеліктерді игере білумен бірге шешеннің тілдік қоры мол,жан-жақты білімді,ұтымды пікір,ойға тоқтай алатын,шыншыл,ізденгіштік қасиеттері болса,кез келген аудиторияны игере алары сөзсіз.



Жаттығумен жұмыс: 6-жаттығу.

Мәтінді топ бойынша бөліктерге бөліп оқыңдар да,басқа топтарға өздерің оқыған мәтінді барынша көркемдеп,нақышын келтіре айтып шығыңдар.екінші топ осы айтылған әңгіме бойынша үшінші топқа сұрақ әзірлейді.Олар соған жауап береді.1-ші және 2-ші топ жауаптарды бағалайды.



Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады . Үйге тапсырма: 7-жаттығу.Тапсырмаларды орындаңдар.Мәтін стилін анықтаңдар.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибрат

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол шешендік сөздерді үйрету;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөз сапалары дегеніміз не?

3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шешендік сөздердің мақсат-міндеттерінің қатарына елді басқару ісінде,саяси дипломатияда қолдану,қоғамдық орындарда,жиын-жиналыстарда сөйлеу сияқты негізгілерін алдық.Бұндай шешендік сөздердің лексика-грамматикалық,стилистикалық,әдеби,саяси,қоғамдық өзгешеліктерімен бірге атқаратын қызметтері де түрлі болады.

Шешендік сөздердің қызмет,міндеттерінің бірі ретінде рухани мәнін де айтуға болады.Сөздің эстетикалқ,тәрбиелік маңызының да қажеттігі ескеріледі.

Сөз – қай ғасырда болсын тәрбие құралы.Шешендік сөз қоғамдағы келеңсіздікті сынап,топ алдына шығара айта алатын тәрбиелік қызметімен де ерекше.Кез келген шешендік сөз бір ұлт,ел, көпшілік сөзін сөйлеп немесе белгілі бір топ мақсат-мүддесіне қарай құралады.Ұлтты,халықты, топты біріктіру үшін ортақ идеология керек.Идея көпшілік үшін құрылғанда көбіне-көп болашақ ізгі мұраттарды жүзеге асыру үшін жасалады.Осытұрғыдан алғанда шешендік сөздер ынтымақ,бірлік,достыққа ұйытушы болса,ортақ мақсатқа,кісілікке бағыттауда тек сыйластық,кішілік,адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер басты назарға алынады.

Шешендік сөздегі көркемдік құралдардың мол қолданылуы,ойдың көркем болуымен бірге,тыңдаушыға эмоциялық әсерлі екендігін де ескереді.Көркем сөз,кестелі ой айтушы – тыңдаушы арасында этикалық қатынас орнатары сөзсіз.Әрі қазақтың шешендік өнерінде кездесер тәлімі мол,үйретері көп ғибраттар – бүгінгі күні де тәрбие құралы.

Шешендік сөздің мән-маңызын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден де анық танимыз.Дау-дамай үстінде бірлік,ынтымаққа шақырған,ұрыс,қақтығыс кезінде бітімге тартқан сөздер ел есінде сақталып,адамгершілік пен ізгілік жолы блып қалыптасты.Кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тағлымды сөздер тәрбиенің бай тәжірибесін,елдің салт-сана,дәстүр,жол-жобасын туғызды.Бұның өзі халықтың қоғамдық ортада қалыптасқан заң нормаларымен ұстанымдары болып есептеледі.

Шешендік сөздердің қай-қайсысын оқысақ та,табарымыз – биік мораль талаптары:ата жолын ардақтау,ел намысын қорғау,сөз асылын қастерлеу,үлкенді сыйлау,ізгілік қасиеттерді бойға жинау,т.б.

Шешендік сөздердің есте жақсы сақталуы оның ұйқаспен айтылуы,үндестік,құрылымындағы тұтастық сияқты белгілерімен байланысты.Ұйқаспен, өлең болып құйылып келетін шешендік сөздер ғибрат ретінде ойға қонса,жыр сүйер халыққа өнер туындысы ретінде де бағалы.


Жаттығумен жұмыс: 9-жаттығуды жазып,қарамен жазылған сөз тіркестері мен сөйлемдердің мағынасын ашыңдар

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 10-жаттығу. Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет