Нұрмағамбетова Б.Т.
Ақмола облысы
Есіл ауданының
Курский ауылындағы
орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Қанша тұрады?
Сабақтың мақсаты: азық-түлік бағасын сұрай алу және қажетті азық-түлік сатып ала алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: азыұ-түлік дүкенінде сауда жасай алу.
Тұлғалық: адамдармен жылы қарым-қатынас орнатуға ұмтылу.
Жүйелік – әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздік диктант (сан есімдер)
Сөздікпен жұмыс
қанша?- сколько?
тұрады – стоит
дүкенші – продовец
беріңізші -дайте
Кітап арқылы жұмыстар
1-тапсырмадағы сатушы мен бала арасындағы диалог арқылы оқушылар дүкеннен балмұздақ сатып алу үлгісімен танысады. 1-сурет арқылы сатушыдан шырынның бағасын сұрау үлгісімен танысса, 2-сурет арқылы сатып алу үлгісінмен танысады.
2-тапсырмадағы «... қанша тұрады?» деген сұраққа жауап беру арқылы азық-түлік
бағаларымен танысады.
3-тапсырмада бір балмұздақ пен бір шырынның бағасы бойынша үш балмұздақ
Пен үш шырынның бағасын есептеп шығару арқылы цифрларды қайталайды.
4-тапсырмадағы диалогті оқушылар оқиды, осы үлгі бойынша сөйлеседі
5-тапсырмада оқушылар буын туралы білімдерін толықтырады. Оқушылар жуан
және жіңішке буынды ( жетпіс, отыз, тоқсан) сөздерге қатысты диалог жүргізеді.
Сергіту сәті
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Бекіту.
. Сен қайда барасың?
. Сен не сатып аласың?
. Ол қанша тұрады?
І\/. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
\/. Үй тапсырмасы. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |