1-слайд. Сен жанбасаң лапылдап…
2-слайд. Сабақ * жасөспірімнің мамандық таңдауында ата-ана қиындығын азайтуға,
* жасөспірімнің бейімі мен қызығушылығын анықтауға,
* ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға
көмектеседі.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.
Міндеттері: Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.
Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: * Патриотизм. Адамдарға қызмет ету.
* Тәуелсіздік. Уақытша сәтсіздіктерге төзімділік. Еңбекқорлық. Өзіне деген сенімділік.
3-слайд. Сабақ барысында не туралы айтамыз?
1. Бейімділік – өзіңді көрсетудің негізі.
2. Өзіңді көрсетудің кілті - темпераменттің, мүмкіндіктің, мінездің ерекшелігін ашу.
3. Балаға өз табиғатына лайық мамандықты анықтауына қалай көмектесуге болады?
4. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын «Көрінбейтін тұзақтар".
5. Бойыңдағы бейімділікті дәл табу - бақыт пен өмірлік табыстың негізі.