Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту. Міндеттері


АДАМ-адам Қандай мамандықтар кіреді?



бет4/9
Дата19.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#197656
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сен жанбасаң лапылдап

АДАМ-адам

Қандай мамандықтар кіреді? Адамдармен ұдайы қарым-қатынаста болатын, оқыту, үйрету, қызмет көрсету салаларының мамандықтары. Дәрігер, педагог, бала тәрбиешісі, банк қызметкері, сатушы, халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) мен жұмыспен қамту және психологиялық, медициналық орталықтарының қызметкерлері, әсемдік салон мамандары (шаштараз, тырнақ әрлеуші, визажист) т.б.
Кім таңдағаны дұрыс? Бұл мамандықтарды мінезі ашық, кез келген адаммен тез тіл табыса алатын, коммуникативті қабілеті бар, өзгені тыңдай білетін, әрбір адамның жеке қарымына қарай ұсыныс айта алатын, эмоциональды ұстамды, сабырлы, өзгені мақтай білетін оқушылар таңдаса карьерада өседі.

  1. АДАМ-табиғат

Қандай мамандықтар кіреді? Ветеринар, биолог, эколог, агроном, технолог, ауыл шаруашылы мамандары т.б.
Кім таңдағаны дұрыс?Адамдардан гөрі табиғатты, жан жануарларды жақсы көретін, мейірімді, көпке сырын айта бермейтін, көп ортасында емес, оңаша жүргенде өзін еркін, ыңғайлы сезінетін, әңгімеге шорқақтау оқушылар таңдаса, жетістікке жетеді. Өзгені оқытқан емес, өз бетінше оқып ізденгісі келетін балалар бұл салаларда ғалым дәрежесіне дейін көтеріле алады дейді психолог Е.А. Климов.

  1. АДАМ-техника

Қандай мамандықтар кіреді? SMM, копирайтер, инженер-конструктор, механик, ұшқыш, жүргізуші, программист т.б.
Кім таңдағаны дұрыс?Уақытының көп бөлігін компьютер алдында өткізетін, есепке жүйрік, адамнан гөрі техникалық құралдар мен аппараттардың тілін жақсы түсінетіндер таңдағаны дұрыс.

  1. АДАМ-көркем

Қандай мамандықтар кіреді? Суретші, әртіс, актер, декоратор, әнші, биші, дизайнер, аспаз т.б.
Кім таңдағаны дұрыс? Шығармашылыққа, өнерге жақын, әсемдікке әуес, заттарды басқа қырынан көре білетін позитивті, креативті ойлайтын оқушылар таңдаса да аз уақытта-ақ танымал тұлғаға айналуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет